«Математикалық логика және дискретті математика» пәнінен syllabus



бет22/39
Дата10.04.2023
өлшемі1,4 Mb.
#80989
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Пікірлер алгебрасының қолданысы. Құрама пікірлердің логикалық қатынастары тұрмыс, техника және ғылым салаларында қолданыс табатындығы қазірде белгілі болып отыр. Бұл тарауды математикалық логиканың электр тіізбегінде қолданылуы жайында айтылады.
Конъюнкция операциясы электр желісінде өзінің орынын тапты. Анықтама. Пікірлерге қолданғанда нәтижесінде пікір беретін амалды логикалық амал дейді.
Логикалық амалдар бесеу.
Анықтама. Берілген А пікірінің терістемесі деп А шын болғанда жалған, ал А жалған болғанда шын болатын, ┐А деп белгіленетін, «А емес» деп оқылатын пікірді айтады. Мысалы, С – «12 3-ке бөлінеді» пікірі шын. Оны |C|=Т деп жазады. Ал терістемесі - ┐С – «12 3-ке бөлінбейді» пікірі жалған болады, оны |┐C|=F деп жазады.
Анықтама. Берілген пікірге оның терістемесін сәйкестікке қоятын амалды терістеу амалы деп атайды.
Анықтама. Берілген А мен В пікірлерінің конъюнкциясы деп, олардың екеуі де шын болғанда ғана шын болатын, A&B деп белгіленетін, «А және В» деп оқылатын пікірді айтады.
Берілген екі пікірге олардың конъюнкциясын сәйкестікке қоятын амалды конъюнкциялау амалы деп атайды.
Анықтама. Берілген А мен В пікірлерінің дизъюнкциясы деп, олардың ең болмағанда біреуі шын болғанда шын болатын, АVВ деп белгіленетін, «А немесе В» деп оқыоатын пікірді айтады.
Берілген екі пікірге олардың дизъюнкциясын сәйкестікке қоятын амалды дизъюнкциялау амалы деп атайды.
Анықтама. Белгілі бір ретпен алынған А мен В пікірлерінің импликациясы деп, А пікірі шын, В пікірі жалған болғанда ғана жалған болатын, А→В деп белгіленетін, «А импликация В» деп оқылатын пікірді айтады.
Берілген екі пікірге олардың импликациясын сәйкестікке қоятын амалды импликациялау амалы деп атайды.
Анықтама. Берілген А мен В пікірлерінің биимпликациясы немесе эквиваленциясы деп олардың қатарынан екеуі де шын немесе екеуі де жалған болғанда ғана шын болатын, А↔В деп белгіленетін, «А биимпликация В» деп оқылатын пікірді айтады.
Берілген екі пікірге олардың биимпликациясын сәйкестікке қоятын амалды биимпликациялау амалы деп атайды.
СОӨЖ мазмұны: 210 бет, №№6, 9, 10.
СӨЖ мазмұны: 210 бет, №№7, 8.
Әдебиет: [11]. 210 бет, №№1 - 5.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет