«Математикалық логика және дискретті математика» пәнінен syllabus



бет2/39
Дата10.04.2023
өлшемі1,4 Mb.
#80989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
2. Пән туралы мәліметтер
Мақсаты: математикалық логиканың, дискретті математиканың негізгі бөлімдері мен олардың қолдануларымен таныстыру. Курсты оқығанда дискретті объектілер, шекті жиындар, буль функциялары, айтылымдар алгебрасының формулалары, графтар және тізбелер ұғымдарымен және құпиялар теориясының проблемаларымен танысады.
Курстың міндеті:
Математикалық логиканың, дискретті математиканың, комбинаториканың әдістерін меңгеру, графтар және құпиялау теорияларының ұғымдарымен танысу, формальды қорыту және дәлелдеу әдістерімен танысу. Курсты оқытудың негізгі мақсаты болашақ математика пәнінен сабақ беретін мұғалімдердің – қазіргі студенттердің нақты білімдерін, практикалық дағдыларын қалыптастырумен оны үздіксіз тексеру және олардың педагогикалық кәсіби ой-өрісінің дамуына көмектесу болып табылады.


Пререквизиттері: мектеп математикасы курсы, алгебра және сандар теориясы, алгебралық құрылымдар элементтері, элементар математиканың барлық негізгі формулалары мен қағидалары.


Постреквизиттері: 1. Информатика
2. Сандық есептеулер
3. Операциялық жүйелер
4. Дифференциалдық теңдеулер
5. Сандық жүйелер
6. Алгебра және сандар теориясы


3. Студенттерге қойылатын талаптар:
1. Сабаққа кешікпеу керек
2. Сабақ барысында әңгімелеспеу керек
3. Сабаққа іскерлік киіммен келу керек
4. Сабақты қалдырмау керек, тек ауырған жағдайда анықтамасы болу керек
5. Қалдырған сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта тапсыру керек
6. Тапсырманы орындамаған жағдайда, қорытынды баға төмендейді
7. Сабаққа күн сайын қатысу
8. Оқу процессіне белсенді қатысу керек
9. Үй жұмысын ынтамен орындау керек
10 Оқытушылармен және студенттермен шыдамды, ашық, айқын қарым-қатынас жасап білу керек
11. Барлық сабақтарда екі жақты байланысты жүйелі сақтау керек
12. Тұйық студенттерді коллективтік жұмысқа және дисскуссияға қатыстыруға көмектесу
13. Пунктуалды және міндетті болу керек
14. Себепсіз сабақ қалдырмау керек
15. Ұялы телефонды өшіру, семинар уақытында телефонмен сөйлепеуді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет