Мақсатты шығармашылық ізденіс кезіндегі қабілеттің негізінде Лернер танымдық өзіндік әрекеттің 4 деңгейін атап көрсетті:
1 деңгей. Оқушы белгілі бір бастамадан дербес және дәлелді бір немесе бірнеше шұғыл қорытынды құрады.
2 деңгей. Әртүрлі деректер негізінде бірнеше параллельді және бір-бірінен оқшауланған шұғыл қорытындыға дәлелді түрде келе алу қабілеті.
3 деңгей.Бір немесе бірнеше жағдайдан жанама қорытындыға дәлелді түрде келе алу қабілеті,бұл жағдайда барлық қорытындылар бір-бірінен оқшауланған болуы қажет.
4 деңгей. Әртүрлі жағдайлар арасындағы байланысты анықтау арқылы жанама қорытынды шығару.
Қазіргі заманымызда қоғамға өз бетімен жұмыс атқаратын, еркін де кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен анықтап, сондай-ақ қолдана алатын кәсіби-маман тұлғасы болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру процесі жатады.
Оқушылардың танымдық қызметі барысында өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл мәселеге көптеген ғалымдар, мысалы, Ястребова Е.Б., Ерецский М.И., Гарунов М.Г., Блохина Р.А., Сабодашев В.П., Вербицкий А., т.б үлкен мән беріп, зерттеген. Бұл зерттеулердің өзектілігі – студенттердің теориялық және практикалық білімді саналы игеріп, интеллектуалдық қызмет жасай білуге тәрбиелеу болып табылады. Сонымен бірге оқушылардың жай ғана беріліп жатқан дайын біліммен қаруланып ғана қоймай, білімді тауып, ізденіп алуына, яғни оқи білуге үйрету маңыздырақ.