Аналогия (грек. Anologia – сәйкестік, ұқсастық) – объектінің кейбір белгілерінің ұқсастықтарына сүйеніп, олардың басқа белгілерінің де ұқсас болатындығы туралы қорытынды ықтимал ғана болады. Ол ғылыми болжам жасаудың қайнар көзі бола отырып, ғылыми ізденіп жасауда үлкен маңызға ие.
Аналогияны, көбінесе, планиметриялық және стереометриялық есептерді шешуге пайдаланылады. Мысалы, кез келген төрт жазықтық арқылы кеңістікті неше бөлікке бөлуге болады? Бұл тетраэдрді анықтайды. Бұл фигура бізге жазықтықта қиылысатын үш түзуді еске түсіреді. Олай болса, планиметриядан берілгенге ұқсас көмекші есеп құрастырамыз. «Кез келген үш түзу жазықтықты неше бөлікке бөледі
Интербелсенді әдістеме: - интербелсенді оқу білім процесінің бұрынғы біржақты түсінігін (әрекет жасаудың негізгі тұлғасы педагог болып табылатын және «үйрету», «білім беру» секілді жетістіктерді қолданатын бағдарламаға бағытталған, бағдарламацентристік) екіжақты, диалогиялық түсінікке ауыстырады; - интербелсенді оқу таным процесін негізгі әрекетті студент (студентцентристік), өздігімен атқаратын «білім игеру» деп таниды, мұнда «үйрену», «тану», «оқу» сияқты етістіктер қоланылады: «Үйрету мүмкін емес, тек үйрену ғана ықтимал».
Интербелсенді оқудың негізгі қағидалары:
- таным ортасын құрастыру;
- әрекет арқылы үйрену/үйрету;
- өзінділік пен дербестікті қалыптастыру;
- өмірмен байланыстыру. Орта қалыптастыру:
- білім алушы өз әрекеттерінің сәтті екендігін сезінетін жағдайлар қалыптастыру;
- білім алушылардың арасында ашық және еркін шығармашылық жағдайлар қалыптастыру;
- оқу материалы дайын түрде берілмей, ізденіс және зерттеу әрекеттеріне мүмкіншілік беріледі;
- білім алушыларға бағыт-бағдар беріп, оларды ынталандыру. Әрекет арқылы үйрену/үйрету:
- студенттерде білімді тек өзіндік белсенді әрекеттер арқылы ғана игеруге мүмкін деген түсінік қалыптастыру;
- білімді белсенді түрде игеру процесін интербелсенді тәсілдер арқылы ұйымдастыру.
Интербелсенді оқудың әдістері: - интербелсенді лекциялар мен семинарлар; пікірталастар; ойындар (оқу, ролдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық және т.б.); кейс-стади; тренингтер; оқытудың компьютерлік технологиялары.
Интербелсенді әдістемеде қолданылатын дидактикалық тәсілдер. Әр сабақта келесідей дидактикалық тәсілдерді қолданған тиімді:
- ой қозғау, Т-кестесі, Венн диаграммасы, болжау, кластерлер, оңай және қиын сұрақтар кестесі, ойлан, жұптас, пікірлес, алдын-ала берілген атаулар, үлкен шеңбер, қос шеңбер, атаулар туралы үш сұрақ, еркін жазу, «білемін, білгім келеді, білдім», дөңгелек үстел, үш қадамды сұхбат, топтық зерттеу, кең көлемді лекция, сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою, қос жазба күнделігі, үш жазба күнделігі, белгі қойып оқу (INSERT), Жигсо, Жигсо-2, қайшыланған пікірталас, аквариум, эссе және басқалар.
Интербелсенді оқуда қолданылатын зерттеу жұмыстарының нысандары мен тәсілдері:
- жобалау;
- аннотациялау және рецензиялау;
- ғылыми жұмыстарға пікір жазу;
- әдебиет көздерін талдау картасын құрастыру;
- ғылыми пікірталас пен диспуттар ұйымдастыру;
- портфолио құрастыру;
- кейс-стади, мақала, реферат, сценарий жазу;
- идеялар аукционын өткізу;
- презентациялау;
- өз ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми аппарат құру;
- сауалнамалар, тестер, диагностикалық құралдар, жоспарлар, бағдарламалар әзірлеу;
- тәжірибелер жасап, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін айқындау, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |