«Математиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ (2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті. Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
Шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тестіге «Математиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар қазақ тілінде ұсынылған.
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы. Тест тапсырмаларының мазмұны «6М010900-Математика» мамандығы бойынша магистратураға түсуші үміткерлердің «Математиканы оқыту әдістемесі» пәнінен дайындық деңгейін тексеруге арналған.
Емтихан тапсыратын үміткердің:
–математиканы оқыту үдерісінің оқушыларды дамытудың құралы мен факторы ретіндегі мән-мағынасын, заңдылықтары мен тенденденцияларын білуі;
–негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлерінің «Математика» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұнын меңгеруі;
- математиканы оқытудың қазіргі заманғы әдістерін, мазмұнын, құралдары мен ұйымдастыру формаларын іріктеумен байланысты түсініктері болуы;
–жаңартылған математикалық білім мазмұны жағдайында математика сабақтарын жоспарлау мен өткізудің әдістемелік мәселелерін білуі;
–математиканы оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдары мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолданудың мүмкіндіктері мен тәсілдерін білуі;
- оқу үдерісін ұйымдастырудың әрекеттік және технологиялық амалдары тұрғысынан алғандағы математиканы оқытудың қазіргі заманғы бағыттары туралы түсініктері болуы тиіс.