Математиканы оқыту әдістемесі ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


Жалпы білім беру бағдарламасының үйлесімділігі



бет47/58
Дата27.04.2022
өлшемі5,56 Mb.
#32529
түріСеминар
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
Жалпы білім беру бағдарламасының үйлесімділігі

Жоғары көрсеткіштерге жеткен білім беру жүйелеріне жасалған талдау білім беру бағдарламасының «үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса маңызды болып табылатынын көрсетіп отыр (Schmidt and Prawat, 2006). Білім беру бағдарламасын жаңарту тұрғысынан «үйлесімділік» білім беру бағдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде орындалатынына қатысы бар барлық компоненттер бірлесіп әрекет етіп, бір-бірін толықтырып, нығайтады дегенді білдіреді (Oates, 2010). Демек, жалпы білім беру бағдарламасының мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс (Roach et al., 2008).

Үйлесімділік білім беру бағдарламасы мен бағалау модельдері әзірленетін жүйе деңгейінде ғана емес, әр сыныпта, әр сабақта қолданылады. Мұғалімдер өздерінің оқыту қызметі білім беру бағдарламасының іске асырылуына қолдау көрсететініне, ал бағалау оқушыларға қажетті ақпаратты жеткізуге және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге көмектесетініне сенімді болуы керек. Бұл мұғалімдердің тиімді оқытудың түйінді үш компоненті – білім беру бағдарламасы, педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің оқушылар үшін бірлесіп қалай тиімді қолданылатынын толық түйсінуінің маңызды болып табылатынына назар аудартады.

Оқу мақсаттары білім беру бағдарламасының негізгі құжаттарының бірі болып табылатын оқу бағдарламаларында көрсетілген. Оқушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге оқу жоспарында ұсынылған тапсырмалар мен кәсіби дайындығын пайдалану арқылы қажетті педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдана білуіне әдістемелік қолдау көрсетіледі. Критериалды бағалау жүйесінде оқушылардың оқу мақсатына жеткендігі мен алға ілгерілеуін анықтауға әдістер қолданылады.

«Математика» пәні бойынша біліктілікті арттыру курсы бағдарламасының құрылымы төмендегідей тарауларды қамтиды: алдымен жалпы білім беру бағдарламасының үйлесімділігі тұрғысынан шолу жасалып, содан кейін төмендегі ақпараттарды қамтитын тараулар ұсынылады:


  • «Математика» пәні бойынша жалпы білім беру бағдарламасының құрылымы;

  • «Математика» пәнін оқытудағы педагогикалық тәсілдер;

  • «Математика» пәні бойынша критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау.

Лекция 13. «Математика» пәні бойынша жалпы білім беру бағдаламасының құрылымы


«Математика» пәні бойынша бағдарлама пән бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бес бөлімнен тұрады.


1-бөлім: Сандар

2-бөлім: Алгебра

3-бөлім: Геометрия

4-бөлім: Статистика және ықтималдықтар теориясы

5-бөлім: Математикалық модельдеу және талдау

Бұл бөлімдер өз ішінде білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыруды көздейтін бөлімшелерден тұрады.


1-бөлім: Сандар

1.1-бөлімше. Сандар және шамалар туралы түсініктер

1.2-бөлімше. Сандарға амалдар қолдану

2-бөлім: Алгебра

2.1-бөлімше. Алгебралық өрнектер және түрлендірулер

2.2-бөлімше. Теңдеулер және теңсіздіктер, олардың жүйелері және жиынтықтары

2.3-бөлімше. Тізбектер және қосындылау

2.4-бөлімше. Тригонометрия

3-бөлім: Геометрия

3.1-бөлімше. Геометриялық фигуралар туралы түсінік

3.2-бөлімше. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы

3.3-бөлімше. Метрикалық қатыстар

3.4-бөлімше. Векторлар және түрлендірулер

4-бөлім: Статистика және ықтималдықтар теориясы

4.1-бөлімше. Жиындар теориясы және логика элементтері

4.2-бөлімше. Комбинаторика негіздері

4.3-бөлімше. Ықтималдықтар теориясының негіздері

4.4-бөлімше. Статистика және деректерді талдау

5-бөлім: Математикалық модельдеу және талдау

5.1-бөлімше. Математикалық талдаудың бастамалары

5.2-бөлімше. Математикалық модельдеудің көмегімен есептер шығару

5.3-бөлімше. Математикалық тіл және математикалық модель

Оқу мақсаттары әр бөлімше аясында мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.

Басқа пәндер сияқты, математиканы оқытуда негізге алынатын қағидаттардың бірі математика оқушылар сабақта айналысатын негізгі жұмыс түріне айналып, математиканы сыныптан тыс оқыту математика сабақтарына негізделуі болып табылады.

«Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасының негізгі мақсаты оқушылардың пәннің мазмұнын сапалы меңгеруін, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, басқа пәндермен пәнаралық байланысын, жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің үздік тәжірибелері негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады. Сонымен қатар, «Математика» пәні бойынша әзірленген оқу бағдарламасына негіз болған маңызды қағидат білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет