Санап көріңдер!
Мына сызбаларда қанша үшбұрыштар бар, жазып шығыңдар.
Жанкүйерлерге жұмбақ
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарандаш,
Тыс қысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары? (6)
Ойын
Ойын үшін 0-ден 9- ға дейінгі цифрлар жазылған топтама (комплект) қажет. Сапта тұрған әр топтың алдына бірдей қашықтықта бір- бір орындық қойылады.Олар ойын кезінде жылжып кетпеу үшін, қабырғаға жақын қойылады. Екі топтың ойыншылары өз цифрына қарама –қарсы, яғни 9- ға қарсы 9 тұруы керек, 8-ге қарсы 8, т.б.
Басқарушы кез-келген арифметикалық амал айтады, ойыншылар ойша санап, шыққан санды құрайтын цифрлары бар ойыншылар өз орындықтарына қарай жүгіріп, сол санды оқуға болатындай етіп отырулары керек.
Есеп
Бөлменің төрт қабырғасының әрқайсысыда 2 орындық тұратындай етіп, бес орындықты қалай орналастыруға болады? (әр топқа алдын- ала плакатқа тік төртбұрыш сызылып беріледі. Бұл - бөлменің сызбасы. Қағаздан 5 шаршы қиылады, бұл – орындықтар) Топтар есептеп болғанша, жүргізушілер жанкүйелерімен ойын жүргізеді.
Жүргізуші сөйлемді бастайды бастайды, ал жанкүйерлер оны мағынасы сәйкес болатындай етіп аяқтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |