Математикалық сайыс
Сайысты былай бастау қызықты болады: Балалар! Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңіске жету үшін, сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып жауап берулерің және тапсырмаларды орындауларың қажет. Әр дұрыс жауап үшін әр топ жалауша алады. Ол жалаушалар екі конвертке салынады, жалаушалардың саны арқылы ойын соңында жеңімпаздар анықталады.
І. Сәлемдесу
«Алғырлар» тобы:
Шақырып жарыстарға сан-салалы,
Алғырлар топ жарғалы жар салады!
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады!
Тапқырлар биіктерде қалықтасын!
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туың желбіреп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім алалмасын.
Әділқазыларға сәлем:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
«Тапқырлар» тобы:
Осындай алғыр достар кез-келгенде,
Жетсін – ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!
Құрметтеп алғырларды ой-саналы
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінге сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ой салады.
Әділқазыларға сәлем:
Достықпенен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділқазым
Еңбегін “Тапқырының “әділ сынa.
Достарыңызбен бөлісу: |