Математиканы оќытуда жђптыќтарда жђмыс істеу технологиялары



бет50/51
Дата07.01.2022
өлшемі1,32 Mb.
#19690
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Қорытынды.
Жұптықтарда жұмыс істеу технологиясы – оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлғаны қалыптастырушыға мақсатында жүргізіледі.

Өздігімен оқытудың осындай мақсаттарын жүзеге асыру үшін, білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат- осы технология талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып табылады.

Тұрғын, қозғалмалы және таңдаулы жұптарда жұмыс істеу оқушыларды өз бетінше еңбек етуге жетелейтін механизмдерді игеруге үйретеді.

Адамның қандай әрекеті болсын қоғамдық-әлеуметтік қажеттіліктен туындайды. Оқушы өзінің қажеттігін өтеу үшін, ішкі талаптарын қанағаттандыру үшін белсенді әрекет жасайды. Баланың ойын әрекеті оның ақыл-ой, дене дамытуы үшін қажет. Оқушының ойын әрекетіндегі белсенділігін туризм нұсқаушылары дұрыс бағалап, туристік іс-әрекетте оның белсенділігіне, білім алуға, қажетті оқу мен дағдыны меңгеруге және оларды күнбе – күнгі тәжірибеде, өмірде пайдалана білуге, үйренуге оқушының саналылықпен істейтін әрекетіне ұластыруы шарт.

Оқушы белсенділігі негізінен екі түрлі: сыртқы және ішкі белсенділіктен тұрады. Сыртқы белсенділігі көбінесе ойын арқылы, қимыл қозғалысы, әсіресе өмірлік әрекетіне байланысты болып келеді. Оқушының ішкі белсенділігіне оның ойлау әрекетіндегі белсенділігі жатады.

Оқушының ішкі, сыртқы белсенділігін бөле-жара, бір-бірінен ажырата қарауға болмайтыны байқалады. Нақтылыап айтсақ, баланың ойы, қабылдауы, дағдысы ең алдымен сырттан болатын әсерлердің негізінде ішкі әсерлерді туғызып, қабылдау белсенділігін арттырады. Егер сыртқы әсер солғын болса, ішкі әсердің де солғын болары сөзсіз.


Оқу жүйесінің маңызды компоненттерінің бірі – бақылау, баға қою және есепке алу. Олар оқу тәрбие жүйесін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда бақылау жұмысын белгілі талаптарға сай жұптарда жүргізілуі тиіс. Осылай педагогикаға жұптықтарда оқыту технологиясы кіріп келді.

Жұптықтарда оқыту дегеніміз не? Бұл сұраққа көптеген педагог ғалымдар атсалысып келуде. Олардың көпшілігі мектептерде бұл технологиядан пайдалану тиімсіз деп есептесе, кей біреулері оның өте құнарлығын айтады.

Біздің пікіріміз бойынша жұптарда оқыту қандай мектепте болса да керек. Себебі әр бір қимыл іс-әрекетті жаттығуларсыз амалға асыруға болмайды. Жаттығуларды орындауға жұптарды бейімдеп алу, оқушылардың көңіл- күйін оқуға бейімдеу негізгі мәселе деп есептейміз.

Ең алғаш рет оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере ортырып, жұптарда оқыту технологиясының ерекшеліктерін санап өтуі тиіс. Олар :

а) Сабақтың жаңа моделі, сабақтың жаңа құрылымы:

б) Оқушылардың жұмыс істеу түрлері:

в) Оқу материалының диффенциалдануыны сай оқушы жұптықтарын бейімдеу көрсеткіштері:

г) Есептік -тапсырмалар немесе жаттығулар блогы:

д) Оқушылардың өзін- өзі бақылау варианттары:

е) Оқытушы мен жеке жұмыс және қорытынды бақылау т.б.



Жұптықтарда оқыту технологиясының сәйкес сабақтың құрылымына мысалдар келтірейік. Әрбір сабақта әрбір оқушының өзіндік жұмысы (ӨЖ), үйдегі өзіндік жұмысы (ҮӨЖ), жеке жұмыс (ЖЖ), сабақтағы жалпы оқушылардың ұжымдық жұмысы (ҰЖ), оқытушы мен оқушының жеке жұмысы (ООЖЖ) түрлері айқындалады. Осылай бір сағаттық (45 минут) жоспар түзіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет