1. Есепті жаппай шығару. Есепті жаппай шығару деп бір есепті барлық оқушылардың бір уақытта шығаруын түсінеді. Жаппай есеп шығаруды ұйымдастырудың алуан түрі болуы мүмкін.
2. Есеп шығаруды дербестендіру. Берілген есепті жаппай шығару кей жағдайда тиісті нәтижелерге келтіре бермейді. Себебі, барлық оқушы бір ғана есепті шығара бермейді. Бұл есеп бір оқушыға оңай болып, өз қабілетін сарка пайдалануға кедергі туғызса, енді бір оқушыға қиын соғып, есеп шығару ынтасын жояды. Сондықтан әр оқушының шама-шарқына карай есептерді жүйелеп, олардың жеке ерекшеліктеріне қарай шығаруды ұйымдастырады. Мұның түпкі мақсаты әр оқушының мүмкіндіктерін сарқа пайдаланып, қабілетін дамыту. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, шыңдай түседі. Американдық педагог – математик Д.Пойа былай деген: «Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емес ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өз болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару». Сонымен, қорыта келгенде, бүгінгі күні математика пәнін барынша тиімді өткізу үшін ұстаздардың алдыңдағы міндеттері:
-Есептерді шешу біліктіліктерін қалыптастыру;
-Әр түрлі есептеу тәсілдері бойынша білімді қалыптастыру;
-Есеп шығаруда шапшаң есептеу бойынша негізгі білімді дамыту;
-Жеке тұлғаны дамыту факторы ретінде практикалық іскерлікке баулу болып табылады.
Заманауи мұғалімнің оқыту мен білім берудегі мақсаты. Оқытудың жаңа әдіс- тәсіліне сүйене отырып, оқушының ізденгішітік, танымдық іс-әрекетін дамыту, өмірге көзқарасын қалыптастыру және оқушылардың игерген білімін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.
"Есеп" ұғымының мәнін, рөлін және орнын, оны дұрыс қалыптастырудың дидактикалық функциялары мен шарттарын философиялық, жалпы ғылыми және нақты ғылыми тұрғыдан қарастыру қажет. Бөлініп көрсетілген аспектілердің диалектикалық бірлікте және әрекеттестікте жүзеге асырылуы "есеп" ұғымына талдау жасаудың жүйелі тәсілінің мазмұнын құрайды. Америкалық ғалым Д.Пойаның "есеп" үғымын түсінуі де қызық. Ол "есеп анық көрінетін, бірақ тікелей жақындауға болмайтын мақсатқа жету үшін, оған сәйкес келетін құралдарды саналы түрде пайдалануды қажет етеді" деп көрсетедіМақсаттың қойылымына орай есептерді аудиторияда және үйде шығарылатын, жаттығу, танымдық, өзіндік, шығармашылық және зерттеушілік есептер деп бөлуге болады.Талаптың қойылымына орай есептерді ізделіндіні табуға, құрастыруға, дәлелдеуге арналған есептер деп жіктеген жөн. Дәрежесі және күрделілік деңгейіне орай карапайым және күрделі деп бөлуге болады. Шығару әдістеріне қарай — алгоритмдік эвристикалық есептер деп бөлуге болады. Шығару тәсіліне қарай есептерді сандық есептер, графиктік және эксперименттік есептер, сурет — есептер деп айқындап қарастырған орынды. Ұғымды қалыптастырудағы әдісі мен рөліне байланысты есептерді ұғым белгілерін нақтылауға, ұғым көлемі мен мазмұнын нақтылауға, ұғымды дифференциалдауға (бөлшектей қарастыруға), берілген ұғымның басқа ұғымдар мен байланысын анықтауға немесе нақтылауға арналған деп айыруға болады.Оқу есептерін әдетте, шартты түрде стандарт және стандарт емес есептер деп ажырату орын алған. Енді осыған тоқталайық.Есептерді оқушылардың ойлау қызметінің объектісі ретінде қарастырып, есеп элементтерінің арасындағы байланыстардың ерекшеліктеріне қарай А.Я.Цукарь оларды үш топқа бөледі:
1.Алгоритмдік
2.Жартылай эвристикалық
3.Эвристикалық.
Ол тікелей анықтама, ереже, формула, дәлелденген теоремалар жәрдемімен шығарылатын есептерді алгоритмдік топқа; шарттары сәл өзгертілген, оқушылар шығару жолын оңай табатын есептерді жартылай эвристикалық топқа; ал шарты мен талабының элементтерінің арасында (жасырын) байланыстар бар, шығару әдісі қосымша мәліметтерді, ойлауды қажет ететін есептерді эвристикалық топқа жатқызады.Дидактикада оқушылардың таным қызметінің үш деңгейі бөліп көрсетіледі:Бірінші деңгей - репродуктивті (төмен). Оқушылар есепті мүғалімнің басқаруымен ғана шығара алады;Екінші деңгей - ішінара іздену (орта). Оқушылар есепті таныс жағдайлар үшін ғана шығара алады;Үшінші деңгей - шығармашылық - зерттеушілік (жоғары). Оқушылар есепті жаңа таныс емес жағдайларда шығара алады.Осы деңгейлерге және жоғарыдағы есептерді топтарға бөліп көрсетуге талдау жасау, таным қызметінің репродуктивті деңгейняе алгоритмдік есептер сәйкес келеді, ішінара - іздену деңгейіне жартылай эвристикалық есептер, ал шығармашылык - зерттеушілік деңгейге эвристикалық есептер (адекватты) пара-пар деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бірақ таным қызметі деңгейлері арасында да, сондай-ақ оларға (адекватты) пара-пар есептер топтарының арасында да дәл айқындалған шекара жоқ екендігін есте ұстаған жөн.Жалпы жағдайда алгоритмдік және жартылай эвристикалық есептер белгілі бір алгоритм бойынша шығарылады. Сондықтан оларды стандарт есептер тобына жатқызамыз. Эвристикалық есептер олардың шешімдерін іздеу үрдісінде жекелеген алгоритмдерді ажыратып көрсетуді қажет етеді. Бірақ ондай есептерді шығару үрдісін аяқтау үшін ажыратылып көрсетілген жекелеген алгоритмдер арасындағы өзара байланыстарды тағайындайтын эвристикалық ізденіс қажет. Олай болса, эвристикалық есептер белгілі бір алгоритм бойынша шешілмейді.Қиындығы жоғары есептер ретіндегі эвристикалық есептердің жоғарыда сипатталып көрсетілген құрылымы оларды стандарт емес есептер тобына жатқызуға мүмкіндік береді.Сонымен, шешу жолының мектеп математика курсында дайын ережелері (кез-келген түрдегі) бар немесе осы ережелер шешудің бағдарламасын қадамдар тізбегі (алгоритм) түрінде анықтайтын қандай да бір анықтамалар мен теоремалардан тікелей шығатын есептерді стандарт есептер деп атаймыз. Басқаша айтқанда, белгілі бір алгоритм бойынша шығарылатын есептер стандарт есептер деп аталады.Стандарт емес есептерді шешудің жалпы ережелері мен қағидалары математика курсында жоқ. Математика мұндай ережелер жасаумен айналыспайды. Сонымен, шешу жолының мектеп математика курсында дайын ережелері жоқ есептер, басқаша айтқанда шешу жолының жалпы алгоритмі жоқ есептер стандарт емес есептер деп аталады. Стандарт есептерге квадрат теңдеудің түбірлерін табу туралы есеп, ал стандарт емес есептерге дәлелдеуге берілген кез келген есеп мысал бола алады. Стандарт емес есептер оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға өте күшті ықпал жасайды. Оқушыларды есептерді (стандарт және стандарт емес) стандарт емес тәсілдермен шығаруға баулу олардың математикалық ойлауын дамытудың және математикалық мәдениетін калыптастырудың кұралы болып табылады.