Математиканы оқытудың әдістемесі пәнінен syllabus



бет5/99
Дата26.11.2023
өлшемі11,44 Mb.
#128382
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
Қосымша әдебиеттер:

  1. Столяр А.А.Педагогика математики.Минск «Вышейшая школа»,1986.

  2. Оганесян В.А.,Колягин Ю.М. и др.Методика преподавания математики в средней школе.Общая методика.Москва «Просвещение»,1980.

  3. Бидосов Ә.Математиканы оқыту методикасы.Алматы «Мектеп»,1989.

  4. Колягин Ю.М.,Луканкин Г.Л. Методика преподавания математики в средней школе.Москва «Просвещение»,1977.

  5. Метельский Н.В.Дидактика математики.Общая методика и ее проблемы.Минск,1982

  6. Методика обучения геометрии.Под ред.В.А.Гусева.Москва

  7. «Академия»,2004

  8. Карп А.П.Даю уроки математики.Москва «Просвещение»,1992

  9. Лабораторные и практические работы по методике преподавания математики/Под ред.Лященко Е.И..-М.,Просвещение.1988.

  10. Оқулықтар.

  11. «Математика в школе» журналы/әр жылғы.

  12. «Математика және физика» журналы/әр жылғы

  13. «Математика» газеті/әр жылғы.

  14. «Ізденіс.Поиск» журналы: Мұғалімнің оқушылардың математикалық ұғымдарды жіктеу білігін қалыптастыру жұмысы.№1 2007 267бет

  15. Математикадан жалпы білім беретін орта мектепке арналған бағдарламалар.

  16. «Поиск»,№4,2003,Оқушыларды көпжақтарға берілген есептерді шығару тәсілін іздестіруге үйрету.бет.129.

Мультимедиялық материалдар, электрондық кітаптар https://kk.wikipedia.org/wiki/


6. Дәрістер кешені
1-апта
1 дәрістің тақырыбы: Кіріспе. Математиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым
Сағат саны: 1
Мақсаты: Математика пәннің оқыту әдістемесі
Математика мұғалімін дайындаудағы жалпы әдістемелік мәселелер
1.Математиканың оқыту әдістемесі пәні, мазмұны, мақсаты мен міндеттері.
2.Әдістемелік ғылымның зерттеу әдістері.
3.Әдістемелік ғылымның басқа ғылыммен байланысы.
Математиканың оқыту әдістемесі (МОӘ) соңғы жылдары қарқынды дамып мазмұны жағынан да, ғылыми әдіс-тәсілдері жағынан да кемелденген педагогиканың бір саласы. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсат-мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, методикалық зерттеулерді, есеп шығаруды және оларды оқушыларға түсіндірудің жолдарын оқытудың техникалық және көрнекі құралдарын оқу процесінде пайдалану әдістемесін, оқушыларды оқу-ісіне жұмылдыру тәсілдерін, педагогика ғылымы мен озат тәжірибе жетістіктерін мектеп практикасына батыл енгізу тәсілдерін жоғары мектеп қабырғасында жүргенде игеруі тиіс.
Математиканы оқыту әдістемесі математика пәнінің ерекшеліктеріне негізделген оқу-тәрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені меңгеру математиканы оқыту мен математика пәні арқылы оқушыларды тәрбиелеу ісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Математиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым сондықтан да ол қазіргі қоғамның талаптарына сай педагогика ғылымы анықтап берген жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылады. Математиканы оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалдарын беру, оқушылардың математикалық білімді саналы меңгеру және алған білімінпрактикада қолдану іскерліктерін шыңдау әдістері мен құралдарын тағайындайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет