Математиканы оқытудың әдістемесі пәнінен syllabus


Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу жоспарында 1-4 сыныпқа арналған тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері)



бет69/99
Дата26.11.2023
өлшемі11,44 Mb.
#128382
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   99
Байланысты:
МЕТод сил

Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу жоспарында 1-4 сыныпқа арналған тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланды. 
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі:
1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
3.Шығармашылық ойлау дағдысы
4.Логикалық ойлау дағдысы
5. Сыни ойлау дағдысы
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы
7.Критикалық ойлау дағдысы
8.Проблемалық ойлау дағдысы
9.Технологиялық ойлау дағдысы
10.Тілдік құзіреттілік дағдысы
11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру: жоспарлау 

  1. Ұзақ мерзімді 

  2. Орта мерзімді 

  3. Қысқа мерзімді

24 дәрістің тақырыбы: Математика пәнін оқытудағы педагогикалық тәсілдер "Математика" пәні бойынша жалпы білім беру бағдарламасының құрылымы
Сағат саны: 1
Мақсаты:Математика" пәні бойынша жалпы білім беру бағдарламасының құрылымын білу.
Жоспары:

  1. Оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс.

  2. Оқушының білім деңгейін көтерудегі мұғалімнің іс-әрекеті деген не?

  3. Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнындағы модульдер.

Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. Матеметиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс.


Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі.
Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет