Математиканы оқытудың әдістемесі пәнінен syllabus



бет72/99
Дата26.11.2023
өлшемі11,44 Mb.
#128382
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   99
Байланысты:
МЕТод сил

Сағат саны: 1
Мақсаты: Сабақта әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырма мен әдіс-тәсілдерді саралап қолдану.
Жоспары:

  1. Саралап оқытудың мақсаты,міндеті.

  2. Математика сабағында саралап оқыту

  3. Саралап оқытуды қолданудың маңызы

Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісінде нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту-педагогикалық мәселелердің бірі. Қазақстан-2030 атты Елбасының стратегиялық бағдарламасының ең негізгілердің бірі-жоғары интеллек-туалды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу. Бүгінгі таңда жасұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі-жаңа технология негіздері болып табылады. Әрбір оқушының жеке даму ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріліп,оқытудың саралап оқыту әдісі мен жеке танымдық әрекетіне тән дағдыларын қалыптастыру үшін дамыта оқытуды жүзеге асыру,әрбір оқушының білімінің берік, тиянақты, сапалы болуы үшін модульдік оқыту жүйесі жүзеге асыру, әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығы мен білімге деген сенімін арттыру үшін деңгейлеп оқытуды жүзеге асырса мектепте оқыту тиімді болады. Жаңартылған мазмұн жағдайында оқытуда саралаудың маңыздылығы артуда.
Мақсаты: Саралап оқыту- әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамсыз етеді.
Саралап оқыту әрекеті - білім алуға бағытталған әрекет. Ол өз бетінше, әр мұғалімніңжетекшілігімен жүзеге асады

Нәтижесінде: Саралап оқыту технологиясы – оқушылардың орындаған тапсырмалары, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкін-дік береді. Мұғалім қажетті білімнің оқушы үшін қай жері қиын болғанын анықтап, қосымша тапсырмалар арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыруға жағдай жасайды.


Математика сабағында саралап оқыту
Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісінде нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту-педагогикалық мәселелердің бірі. Қазақстан-2030 атты Елбасының стратегиялық бағдарламасының ең негізгілердің бірі-жоғары интеллек-туалды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу. Бүгінгі таңда жасұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі-жаңа технология негіздері болып табылады. Әрбір оқушының жеке даму ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріліп,оқытудың саралап оқыту әдісі мен жеке танымдық әрекетіне тән дағдыларын қалыптастыру үшін дамыта оқытуды жүзеге асыру,әрбір оқушының білімінің берік, тиянақты, сапалы болуы үшін модульдік оқыту жүйесі жүзеге асыру, әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығы мен білімге деген сенімін арттыру үшін деңгейлеп оқытуды жүзеге асырса мектепте оқыту тиімді болады. Жаңартылған мазмұн жағдайында оқытуда саралаудың маңыздылығы артуда.
Саралап оқытуды ұйымдастырудың негізгі шарты күрделілігі, танымдық деңгейі, мұғалім тарапынан берілетін көмектің сипаты жағынан ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану болып табылады. Саралап оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың оқу және танымдық деңгейлерінің әртүрлілігі басты назарда болды.
Саралап оқыту - оқушыға қолдау көрсетуде таптырмас әдіс. Төмен деңгейлі оқушылар тек мұғалімнің қолдауына ғана ие болып қоймайды, сонымен бірге сыныптастарының да қолдауына ие бола алады. Оқушы нәтижеге екі жақты қолдау арқылы қол жеткізеді.
Саралап оқыту - оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы іске асады.
Саралап оқыту- әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмалар мен нұсқауларды, материалдар мен әдіс-тәсілдерді іріктеп қолдану үдерісі; оқушыларды оқуға ынталандыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.
Саралап оқытудың мақсаты- әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамсыз етеді.
Саралап оқыту әрекеті - білім алуға бағытталған әрекет. Ол өз бетінше, әр мұғалімніңжетекшілігімен жүзеге асады
Математика сабағында сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған келесі тәсілдерін қарастыруға болады:
Тапсырма-мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жатты-ғулар мен тапсырмаларды жасау. Күрделігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдаланыңыз.
Дереккөздер -кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады. Баспадан шыққан және электронды дереккөздер де пайдалануы мүмкін.
Қарқан-кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
Қорытынды-барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әрлүрлі болады. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз дұрыс жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді.-Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып,олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.
Диалог және қолдау көрсету- кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады. Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.
Бағалау- оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін. Педагогикалық қызмет табыстылықты, жақсартуды, түзетуді қажет ететін салаларды анықтайтын әмбебап үдеріс болуы керек. Сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай жылжи аламыз.
Жіктеу-оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы көптеген тәсілдер бар:
-Мүдделері ұқсас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі)
–Талаптары әртүрлі оқушылар
-Джигсо топтары
-Кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топтар

Алдымен оқулықтардағы тапсырмаларға тоқталатын болсам, әр тақырып бойынша берілген тапсырмалар жүйесі үш топтан тұрады:


А-барлығы үшін міндетті тапсырмалар (Барлық оқушылар орындайды)
В-күрделілігі орташа тапсырмалар (Оқушылардың басым бөлігі орындайды)
С-күрделілігі жоғары тапсырмалар (Кейбір оқушылар орындайды)
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. Оқу процесі басқарылатын процесс болғандықтан, жеке оқушының ерекшелігін ескеру, мұғалімнің міндеті. Әр оқушы өзінше ойлайды. Есі де, еркі де, мінезі де әр түрлі. Осыдан да бір оқушыға оңай көрінген материал екінші оқушыға қиын тиеді. Ж.Қараевтың Үш өлшемді технологиясында оқушының ақыл-ой өрісінің дамуының түрліше болып келуін ескере отырып, сабақ жоспарын мынадай үлгіде жасаймын. Сынып оқушыларын үш топқа бөліп, сәйкес тапсырмалар беремін. Мұнда әр топтың өзінің жетекшілері болады, олар берілген тапсырмалардың орындалу барысының қай деңгейде жүріп жатқанын бақылайды. Әрі бағалап отырады. Бұл оқушылардың өз біліміне деген сенімінің артуына және психологиялық ахуалдың орнығуына көмектеседі. Берілген тапсырмаларды үлгі бойынша орындайды, көп жағдайда мұғалімнің немесе басқалардың көмегін қажет етеді.
Оқушыларды осылай топтарға бөліп алу, мұғалімнің жұмыс істеуіне өте қажет. Бұл әдістің артықшылығы неде? Ол оқушының білім деңгейі объективті тексеріліп қана қоймай, оқушының қай сұраққа жауап бере алмайтыны нақты анықталып, оқушымен қай бағытта жұмыс жасауға көз жеткізуге болады.
Оқытудың тиімді жақтары:
-Сыныптағы барлық оқушы жұмыс пен қамтамасыз етіледі және әр оқушының белсенділігі оянады;
-Оқушы өзіне тән қарқынмен өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді;
-Барлық оқушы өз жұмысын ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды да, оның орындалуына сәйкес келесі деңгейге көшіп отырады;
-Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі (А – B - C) тиянақтылыққа, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін оятады;
-Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушы ізденімпаздығы, шығармашылығы мен дарынының шыңдалуын тәрбиелейді.

Мен өз сабақтарымда мысалы 5 сыныпта жай бөлшектерді өткенде саралаудың тапсырма тәсіліне төмендегідей тапсырмалар беремін.

Бұл жерде саралаудың қарқын тәсіліде қолданылып тұр,себебі С деңгейі-нің тапсырмасын тек қарқыны жоғары оқушы ғана шығарады.
6 сыныпта рационал сандарды салыстыруда мына тапсырма берем.

Саралаудың қарқын тәсіліне 5 сыныпта ірімшікті кесу тапсырмасын беремін, бұл тапсырманы қарқыны жоғары оқушы ғана орындай алады. Сол сияқты 7 сыныпта геометрия пәнінен үшбұрыштардың түрлері тақырыбын өткенде төмендегі тапсырманы беремін. Яғни суретте барлығы неше үшбұрыш бар? Басқа сыныптарда да қарқыны жоғары оқушыға күрделірек тапсырма,карточка,тест дайындап келу керек.

Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсіліне төмендегі әдістерді қолданам.Бұл жерде сөздік қор және қолданылатын тілдің мүмкіндіктері мен күрделілігі әр оқушының қабылдау деңгейіне сай бейімделеді. Үй жұмысын тексеру мақсатында Аквариумдағы балық, Ыстық орындық, Қар кесегі әдістері өте тиімді.7 сыныпта Көпмүшелерді қосу және азайту тақырыбында үй тапсырма-сын тексеру мақсатында Серпілген сауал әдісі арқылы көпмүше, ұқсақ мүшелер, оның дәрежесін білу, дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушыларға сұрақтарды қоямын: 1) Көпмүше деп нені айтамыз ? 2)К өпмүшенің мүшелері дегеніміз не ? 3)Екі мүше дегеніміз неі? 4) Үшмүше дегеніміз не? 5) Ұқсас мүшелерді қалай біріктіреміз? 6) Көпмүшенің дәрежесі деп нені айтамыз? 7) Қандай өрнекті бірмүше деп атаймыз? 8) Бірмүшенің стандарт түрі дегеніміз? Т.б.

7сыныпта геометриядан үшбұрыштың түрлері тақырыбынан негізгі ойларын, зерттеулері мен қорытынды шешімдерін ескере отырып, оқушыларға өтілген тақырып бойынша жоғарыда көрсетілгендей кластер құрғызамын.


Саралаудың қорытынды тәсіліне төмендегі әдістерді жиі қолданауға болады.
Деп атаймыз тұжырымдамалық кестесін толтыру (жеке,жұппен жұмыс), математикалық диктант, сәйкестендіру тесті, тест, Тарсия әдісі, Домино т.б.
Заман талабына сай оқыту үрдісін жетілдіре отырып АКТ-ны игеру әрбір мұғалім үшін қажетті шартқа айналды. Сондықтан сабақта оқушы іс – әрекетін ынталандыратын ерекше формаларын таңдау керек. Солардың бірі Тарсия пазлдарды құрастыру ойындары.
Тарсия –оқытуда топтық, жұптық жұмыстарда қолданылады. Тарсия бағдарламасының көмегімен тіктөртбұрышты және үшбұрышты кеспе қағаздардан тұратын әртүрлі пазлдар жасауға болады. Оның қарапайым түрі 6-15 тапсырмадан, күрделі түрі 22-30 тапсырмадан тұрады.
Тарсия: оқушының белсенділігін, пәнге құштарлығын, сыни ойлау қабілетін және ізденімпаздығын арттырады, жасырынып жатқан қабілеттерін ашуға көмектеседі, өзіне деген сенімділік пайда болады.
Қарым-қатынас формалары (топтық жұмыс) бойынша саралау тәсіліне төмендегі әдістерді қолдануға болады.
Тұжырымдамалық карта әдісінде өтіліп жатқан тақырып бойынша постер тапсырылады. Карта тақырыпты ашатындай болуы керек. Картаға сурет, кесте, ойдың түйінді идеясы, график т.б. салуға болады.
Топтық жұмыс. Жұмыла көтерген жүк жеңіл! Үшбұрыштың қандай түрі берілгенін анықтап, атауын жазады.
Өкіл әдісі, топпен орындайтын практикалық тапсырмалар, Джигсо, Аяқталмаған сөйлем, Біліміңді жинақтайық бұл әдістердің барлығын топтық жұмыста қолдануға болады.
Қорыта келгенде математика сабағында саралап оқыту тәсілдерін тиімді таңдай білу керек. Математика сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай қорытынды жасауымызға болады.1. Есепке алу жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар да оқушылық деңгей есептерін меңгеретіні байқалды. Себебі, ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбейінше келесі деңгейге көшпейді. Міндетті деңгейді толық меңгергеннен кейін өзіне-өзі сенім артып, ілгері ұмтылады.2. Деңгейлік саралап оқыту технологиясы – оқушылардың орындаған тапсырмалары, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкін-дік береді. Мұғалім қажетті білімнің оқушы үшін қай жері қиын болғанын анықтап, қосымша тапсырмалар арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыруға жағдай жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет