Материалдар кедергісі – конструкция элементтерін беріктікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа зерттейтін ғылым


Жылжымайтын сфералық топса реакциясы



бет4/16
Дата07.09.2023
өлшемі4,24 Mb.
#106491
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Жылжымайтын сфералық топса реакциясы топсаның центрі арқылы өтіп, кеңістікте кез-келген бағытта бағытталады: Rx, Ry, Rz үш құраушы күш реакцияларына жүктеледі
  • Бекітілу шартына байланысты келесі арқалық түрлерін ажыратылады:
  • Консольбір жағы қатаң бекітпе, екінші жағы бос.
  • Қостіректі (жай арқалық)– екі жағы да топсалы тіректер.
  • Консольды арқалық– консольды бөліктері бар жай арқалық.
  • Құрама арқалық– екі және одан да көп консольды арқалықтан құралған.
  • B
  • a
  • l
  • l
  • C
  • D
  • E
  • b
  • b
  • ЖАЗЫҚ ЖИНАҚТАЛАТЫН КҮШТЕР СИСТЕМАСЫ. ТЕПЕ-ТЕҢДІК ШАРТТАРЫ. КҮШ МОМЕНТІ
  • Әсер ету сызықтары бір нүктеде қиылысатын күштер жиынтығы жинақталатын күштер системасын құрайды.
  • Жинақталған күштер системасындағы күштердің қосындысы күштердің қиылысу нүктесіне түсірілген тең әсер етуші күшке (басты вектор) тең болады.
  • Жинақталатын күштер системасының тепе-теңдікте болуы үшін тең әсер етуші күш нөлге тең болуы қажет және жеткілікті.
  • Тең әсер етуші күш проекциялары:
  • Жинақталатын күштер системасының тепе-
  • теңдік теңдеулері
  • A
  • Кез келген жазық күштер системасы бір жазықтықта жататын және күштің әсер ету сызықтары бір нүктеде қиылыспайтын күштер системасы.
  • Осы күштер системасын қарастыру үшін келесі түсініктер енгізіледі:
  • 1. Жазықтықтағы күштің нүктеге қатысты моменті.
  • 2. Қос күш. Қос күш моменті.
  • Жазықтықтағы күштің нүктесіне қатысты моменті деп оң не теріс таңбамен алынған күш модулі мен иінінің көбейтіндісіне тең скаляр шаманы айтады. [Нм, кНм]. Күш иіні – нүктеден күш әсер ету сызығына түсірілген перпендикуляр.
  • Таңбалар ережесі:
  • Егер күш центрден денені сағат тілі бағытына қарсы бағытта айналдыруға тырысса, онда момент оң, ал сағат тілінің бағытымен бағыттас айналдырса онда момент теріс.
  • Күштің нүктеге қатысты моментінің қасиеттері:
  • 1) Егер де күш нөлге тең болса немесе оның әсер ету сызығы моменттің центрі арқылы өтсе, онда күштің моменті нөлге тең болады;
  • 2) Күштің түсу нүктесін, оның әсер ету сызығы бойымен тасымалдағаннан күш моментінің шамасы өзгермейді.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет