Материалдары



Pdf көрінісі
бет10/27
Дата16.11.2022
өлшемі4,23 Mb.
#50646
түріКнига
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
Алаш партиясы

 
 
Әділет ЖАҒЫПАР, 
«Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының оқытушысы, г.ғ.м. 
Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы
Ақжарқын ӘБДІҒАППАР, 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қарағанды қаласы, № 5 жалпы білім беретін мектеп
МАХМЕТ ТЕМІРҰЛЫ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҰЛТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҒЫ 
Ұлттық тарихты зерделеу – өткенді біліп, келешекті бағдарлау. Халық тарихты жасаса, ұлы 
тұлғалар бастамашысы болады. Тарихымыздың тар жол, тайғақ кешулерінде әр кезеңде 
мемлекетшілдік сана биіктігіндегі зиялы қауым ұлттық мүдде – тәуелсіздік идеясы үшін жандарын 
берді. «Ұлттық мүддеге қызмет етудің тарихи ұлы үлгілерін шын мәнінде көрсетіп берген әйгілі тарихи 
қайраткерлердің, мемлекет басқарушыларының тұтас легі біздің көз алдымызда», – деп Елбасы 
тарихқа тереңнен қарауға жол нұсқап тұр [1, 25]. Сондықтанда, біздің осы мақаланы жазудағы негізгі 
мақсатымыз – Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Махмет Темірұлы еңбектеріндегі – 
Алаш ұлт қайраткерлері шығармашылығының тарихи сабақтастығын баяндаймыз. 
Махмет Темірұлы 1923 жылдың 15 сәуірінде Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Амантау ауылында 
дүниеге келген [2]. Махмет Темірұлы 1940 жылы Қарағанды мұғалімдер институтына (қазіргі академик 
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті) түседі. Ол институтта оқып жүріп, «Жас 
қалам» деп аталатын әдебиет үйірмесінің құрамында болады. Осы кезеңде студенттер арасында Бүркіт 
Ысқақ екеуі дәл 1917 жылы 21-26 шілдеде Бірінші Жалпықазақтың съезінде «Алаш» атты 
партиясының құрылғаны секілді, Қарағанды қаласында ЕСЕП – Елін сүйген ерлер партиясын құрады 
[1, 36]. Алаш ұлт қайраткерлерінің шығармаларын оқу арқылы бойларына сіңірген ЕСЕП партиясының 
мүшелері 1941–1942 жылдары Кеңес өкіметінің қазақ халқына жасап отырған қиянатын, озбырлығын 
түсіндіріп, жастар арасында үгіт жүргізеді.
ЕСЕП партиясының мақсаты – тәуелсіз ел болу, міндеті – жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу. 
Мақсатқа жету үшін, міндетін іске асыру үшін өз бағдарламасы мен заңдарын құрды. Қазақ 
жастарының санасына осы айтылғандарды сіңдіруге, біріншіден әкімшіл-әміршіл жүйе кедергі жасаса, 
екіншіден екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы мұрсат бермеді.
Махмет Темірұлы 1946 жылы Алматы шет тілдер институтына түседі [2]. 1950 жылы 26 
желтоқсанда «Правда» газетінде Т.Шойынбаев, Х.Айдарова, А.Якуниндердің «Қазақстан тарихы 
мәселелерін марксистік-лениндік тұрғыдан баяндайық» деген мақаласының жариялануы кезекті 
қуғын-сүргіннің басталуына себеп болды. Ұлтжанды азамат Бүркіт Ысқақ өзінің «ЕСЕП» партиясы 
мүшелерімен ақылдаса келе Е.Бекмахановты қолдап, Кенесары қозғалысын отаршылдыққа 
бағытталған күрес екенін дәлелдеп, жауап хатты «Правда» газетінің өзіне жазуға келіседі. Сол кездегі 
үш адамның бірі мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің астыртын жансыз адамдары болатын [4, 88]. 1951 
жылдың 18 қаңтарында институт жатақханасында қауіпсіздік қызметінің адамдары тұтқындайды. 


143
Айыптаулары «халық жауы», «кеңес өкіметіне қарсы ұлтшылдық ұйым құрған» деген саяси 
айыптаулар тағады. Тергеу алты айға созылып, 1951 жылдың 15–16 маусымында Қазақ КСР Жоғарғы 
сотының Қылмыстық істер жөніндегі коллегиясы үкімі бойынша РСФСР Қылмыстық Істер Кодексі 58-
бабының 10–11 тармақтары бойынша 25 жылға бас бостандығынан айыруға кесіліп, оған қосымша 5 
жылға азаматтық құқығынан айырылады. Сібір лагерлер жүйесінде алты жыл жазасын өтейді. 1956 
жылдың ақпан айындағы Коммунистік партияның ХХ съезінде Н.С. Хрущев жеке басқа табынушылық 
және оның зардаптары туралы мәселе қарады. Сталин мен оның сыбайластарының қылмысты істерін 
әшкереледі. Осыдан кейін көп ұзамай жазықсыз жапа шеккендерді әр жерде комиссия құрып, босата 
бастады. КСРО Ішкі істер министрлігінің еңбекпен түзеу лагерлік бөлімшесінің 1956 жылы 1 шілдедегі 
№009620 анықтамасында: «Азамат Махмет Теміров 1924 жылы туылды, ұлты қазақ, Қарағанды 
облысы, Нұра ауданы, Балықшы ауылы тумасы, 18 қаңтар 1951 жылы ұсталып, 1956 жылы 1 шілдеге 
дейін қамауда болды. Сол жерден комиссия отырысының №40 бұйрығымен босатылып, КСРО-ның 
24.03.1956 жылғы жарлығы бойынша алты жылға түсіріліп, қамау мерзімі біткеніне байланысты 
шығарылған» [5]. Қазақ КСР Жоғарғы Сотының 1957 жылы 6 шілдедегі шығыс №02/ДСП-7269-56 
анықтамасы: «Қазақ КСР Жоғарғы Сотының 1951 жылғы 15 маусымдағы іс тоқтатылып, әрекетінде 
қылмыс құрамы болмағандықтан қозғалған іс тоқтатылады», – дейді [5]. Елге аман-есен оралып, 1958 
жылы Алматыдағы шет тілдер институтының ағылшын тілі факультетін сырттай оқып бітіріп осы 
салада, зейнеткерлікке шыққанша Нұра ауданының Көбетей ауылындағы мектепте шет тілден сабақ 
береді [2]. Қазақстан Республикасының прокуратурасы, Қарағанды облыстық прокуратурасы 2004 
жылы №13/4119 шығыс нөмір құқығын қалпына келтіру анықтамасын береді [5]. 
Сібірдегі жан түршігерлік лагерь хикаясын Махмет Темірұлы «Арман мен азап» естелігінде 
баяндайды. Оның мына бір шумақтары сол бір азапты ауыр жылдардың ескерткіші іспеттес: 
Сары аяз өтіп сықырлап, 
Бетімді қарып барады. 
Зорға басып қыбырлап, 
Жұмысқа бәрі тарады. 
Отыра қалсам бүрісіп, 
Қатып қалар түрім бар. 
Жүргізбейді сіресіп, 
Аяқтан түсіп қалың қар. 
Көтеремнің нешеуі, 
Орнынан тұрмай құлады. 
Кетіп қалған екеуі, 
Ыршып қалай тұрады? 
Қалың орман тоғайда, 
Босқа өліп кімдер қалмады!? 
Аштық пен суық оңай ма? 
Талайды жұтып жалмады [3, 94-95].
Тайгадағы таршылықты осы бір өлең шумақтарынан біз толықтай көз алдымызға елестете аламыз. 
Сықырлаған қыстың сары аязында не киерге жылы киімі, не тойып ішерге асы жоқ жазықсыз 
жандардың жан аярлық халде жүріп, қыбырлап жұмыс істегенін көруге болады. Ауыр жағдайға кімде-
кім шыдамаса, босқа өліп қаларын, аштық пен суыққа төзе білу керектігін бағамдай аламыз.
1991 жылы Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан бастап Махмет Темірұлы 
шығармашылыққа қанат жайып, қолына қаламын алды. Ең алғаш рет 1996 жылы «Қилы кезеңдер» атты 
өлеңдер жинағы шықты. Бұл жинаққа бүкіл қазақ халқын құртып жіберуге айналған 1932 жылғы аштық 
кезеңін суреттейтін «Мешкей мешін» поэмасы кірген. 1998 жылы «Арман мен Азап» атты екінші 
кітабы шықты. Бұл еңбекте белгілі ақын, балалар жазушысы, филолог ғалым, ЕСЕП партиясының 
негізін салушы Бүркіт Ысқақпен бірге көрген ХХ ғасырдың 30-50 жылдардағы азапты кезеңдері жан-
жақты, толық баяндалады. Ал 2002 жылы «Қуан, қазақ, азаттық алғаныңа» деген үшінші кітабы жарық 
көреді. 2005 жылы Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке қабылданды [6, 338]. 
Махмет Темірұлы шығармашығын өзі өмір сүрген дәуірді суреттеу мен тарихи шындықты 
жырлауға арнайды. Махмет Темірұлы өзінің ең алғашқы ақындық жолдағы ұстазы Абай деп санап, 
өлеңдерін де Абай салып кеткен жолмен жалғастырады. Махмет Темірұлының басты көтерген 
тақырыбы – Алаш идеясы және Алаш ұлт қайраткерлері бастап кеткен жолды жалғастыру. 
Қазақ сөз өнерінің «патшасы» Абай арқылы қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні жайлы сөз қозғап, 
өлең-сөздің қадір-қасиеті жайлы толғаулы ой қозғаған алғашқы мақала Ахмет Байтұрсынов қаламынан 
шықты. Абай туралы «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 39-41-сандарында газет редакторы Ахмет 


144
Байтұрсыновтың «А.Б.» деп қол қойған «Қазақтың бас ақыны» атты көлемді мақаласы жарияланып, 
Абай атамыз жайлы қазақ халқы танып біліп, өздерінің бас ақыны Абай екенін, Ахмет Байтұрсыновтың 
сөзімен айтсақ: «Одан асқан бұрын-соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», – деп 
нақты айтып кетті [7].
Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллиндерден үлгі алып өскен ақын Махмет Темірұлы да ең 
алғашқы арнау өлеңін Абай атамызға арнап, «Табынамын Абайға» деп жырына қосады. Махмет ақын 
Абай жайлы: 
Мектепке кірген күннен босаға аттап, 
Жырларын Ұлы Ақынның көрдім жаттап. 
Кездескен газеттен де, журналдан да, 
Қиып ап Абай сөзін жидым қаттап. 
Баулыды адамдыққа көзімді ашып, 
Күш берді шаршағанда қажып, жасып. 
Сәулелі келешекке жол сілтеді, 
Кеудеме шашқан күндей нұрын шашып [8, 89]. 
Ақынның өзі айтып отырғандай, ол мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, Абайдың 
шығармашылығын, дана, өсиетті сөздерін, жырларын жаттап, газет-журналдан кездескен кез келген 
жырларын қиып алып, сақтаған. Ақынның әрбір өлеңі бала Махметті жастайынан адамдыққа көзін 
ашып, жақсылыққа баулып, кеудесіне нұрын шашқан күндей, сәулелі келешекке алғаш жол сілтеген 
еді. 
Махмет Темірұлының шығармашылығындағы алты тармақты өлеңдерін зерттеп көрейік. Қазақ 
әдебиет теориясына алты тармақты, сегіз тармақты өлең жолдарын ең алғаш рет енгізіп, қолданған 
қазағымыздың бас ақыны – Абай Құнанбайұлы. Абайды әдеби ұстазы ретінде санап, ең алғашқы 
өлеңдерін Абайға арнап жазған ақын Махмет Темірұлының өлеңдеріндегі теориялық негіз Абай 
Құнанбайұлынан бастау алады. Ақын өлеңдері Абай өлеңдерінің ұйқасымен, тармағымен сабақтаса 
байланысып жатыр. Абай Құнанбайұлының «Бай сейілді» өлеңі мен Махмет Темірұлының «Мағжан» 
өлеңіндегі ұйқас пен тармақтарын зерттеп көрейік. 
Абай Құнанбайұлы «Бай сейілді» өлеңі: 
Бай сейілді, а 
Бір бейілді а 
Елде жақсы қалмады. б 
Елдегі еркек, в 
Босқа селтек в 
Қағып елін қармады [9, 94]. б 
Махмет Темірұлының өлең құрылысы дәл Абай Құнанбайұлының ұйқас-тармақтарымен бірдей.
Мағжан, Мағжан, а
Ерекше туған, а 
Бір бөлек жан. б 
Жұлдыздай ағып, в 
Жарқырап жанып, в 
Түнекті жарып самғаған [8, 91]. б 
Екі ақынның да өлең жолдарын салыстырып қарайтын болсақ, өлең жолдары 6 тармақты, -а, -а, -б, 
-
в, -в, -б ұйқасы арқылы жасалып, өлеңге жаңа өң беріп тұр. 
Ақын Махмет, қазақ өлеңін дамытқан ақындарымыздың бірі. Ақын бір шумағы 8 тармақтан 
тұратын өлең де жазды. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлына арнаған «Алаштың Ахаңы» деп 
аталатын өлеңі 8 тармақтан тұратын өлеңге жатады. 8 тармақты қазақ тіліндегі өлеңді де ең алғаш Абай 
Құнанбайұлы енгізсе, Махмет Темірұлы Абай салған ізді жалғастырды. Синтаксистік құрылымы мен 
композициялық құрылысы, ырғағы мен ұйқас суреті жағынан қазақ поэзиясына Абай әкелген соны 
дүниелер, оның сегіз аяқтары, яғни, 8 тармақты, шумақты 3 өлеңі. Бұлардың ұйқас суреті -а, -а, -б, -в, 
-
в, -б, -г, -г. Мұндағы -а, -а, -в, -в, -г, -г ұйқасымен берілген тармақтар өзара бір-бірімен синтаксистік 
әрі мағыналық жұптар түзеді, Абай поэзиясындағы ұйқасқа қатыстырылған сөздер өлеңнің мазмұнына, 
ойына, стиліне тікелей қатысты болып келеді. Махмет ақынның 8 тармақты өлең жолдары Абай 
поэзиясымен сабақтасып жатыр. Абай ақын «Сегіз аяқ» өлеңі мен Махмет ақынның «Алаштың Ахаңы» 
өлең жолдарындағы ұйқас та, тармақ та бір-бірімен үндеседі. Екі өлеңде 8 тармақты, -а, -а, -б, -в, -в, -
б, -г, -г ұйқасы арқылы жасалған. 
Мысалы: Абайдың «Сегіз Аяқ» өлеңі. 
Алыстан сермеп, а 


145
Жүректі тербеп, а 
Шымырлап бойға жайылған. б 
Қиуадан шауып, в 
Қисынын тауып, в 
Тағыны жетіп қайырған. б 
Толғауы тоқсан қызыл тіл. г 
Сөйлеймін десең өзің біл [9, 70]. г 
Махмет ақын да Абайдың өлең ұйқасын қолданған.
Қамалған елін а 
Сынатын белін а 
Ерте-ақ білген ер еді б 
Халқы үшін өлсе в 
Бейнетін көрсе,в 
Өкінемін демеді б 
Ұлты үшін бастап көп істі г 
Жан аямай кірісті [8, 94]. г 
Өлеңді өлең ететін ырғақпен қатар ұйқас екені белгілі. Ал ұйқас яки рифма (грекше rhythmos – 
өлшемдес, мөлшерлес) – клаузуладағы, кейде тіпті цезурадағы дыбыс қайталаулар. Дәлірек айтқанда, 
өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас – өлеңнің 
сыртқы түріне ғана емес, ішкі сырына тікелей қатысты нәрсе, яғни өлеңнің сыртқы сұлулығы үшін ғана 
емес, ішкі жылуы, қызуы үшін де ауадай қажет нәрсе. 
Махмет Темірұлы тек қана өлең жазумен шектеліп қалмай, толғау, поэма, дастан жазған ақын. 
Махмет Темірұлының көлемді, жүрекжарды поэмасы – «Аждаһаны ауыздықтаған баһадүр». Ақын 
Бұл поэманы халқы үшін жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша елін қорғаған батыр, Алаштың 
абзал азаматы – Ж.А. Тәшеновке арнап жазған. Ж.А. Тәшеновтің халқы үшін жасаған игі істерін алғаш 
рет халыққа жеткізген бірден-бір қазақтың ері, ол – Махмет Темірұлы. Ақын поэманың бастағанынан-
ақ, Жұмабек Тәшеновтің қандай ер тұлға болғанын баяндайды. 
Поэма бас-аяғы төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлімді оқи отырып, Жұмабекті әртүрлі қырынан көріп, 
істеген істеріне таң қалып, бас иеміз. Поэмада негізгі көтерілетін тақырып болады. Тақырып дегеніміз 
– 
авторлық суреттеудің өзегіне айналып, шығармада көрініс тапқан ақиқат болмыстағы заттардың, 
құбылыстардың, оқиғалардың жиынтығы болып табылады [10, 138]. Негізгі тақырыбы: туған жерді 
сақтап қалу үшін жанын құрбан етуге даяр болған ердің ерен ерлігі жайлы айтылады. Поэманың басты 
тұлғасы – Жұмабек Тәшенов. Ол шындықты әрдайым жақтап, жауына сөз асырмай, әділдігі мен 
батылдығы қатар жүрген қазақтың батыр азаматы.
«Аждаһаны ауыздықтаған баһадүр» поэмасының құрылысы, оқиғаның даму жолдары ерекше дара 
ақынға тән стильмен жазылған. Поэманың басында Жұмабектің қазақ халқы үшін туған батыр екені 
айтылады. Оқиғаның дамуы Хрущевтің Тәшеновке айтқан ұсынысымен дамыса, оқиғаның шиеленісуі 
Тәшеновтің Хрущевке айтқан қарсы пікірімен әрі қарай өрби түседі. Оқиғаның шарықтау шегі 
Жұмабек Тәшеновтің оймен Хрущевтің келісуі болса, оқиғаның шешімі Жұмабектің айтқаны 
орындалып, халықтың бостандығымен аяқталады. 
Махмет Темірұлы өз елінің бостандығы үшін қаншама қиындықтар мен тағдырына сынақтарға 
берілмей, қайта қайсарлықпен жеңе білді. Бүгінгі таңда Алаш азаматтары: Әлихан Бөкейханов, Ахмет 
Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлының және оның ізін жалғастырушы Бүркіт Ысқақ пен Махмет 
Темірұлының аңсаған армандары орындалып, Қазақ елі өзге елдермен терезесі тең, еңсесі биік, 
азаттықтың ақ таңы атқан тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты. Тәуелсіз, азат елдің болашағы үшін 
күрескен ЕСЕП – Елін сүйген ерлер партиясы мен Жазушылар одағының мүшесі, ақын, қазақ елінің 
қайраткер тұлғаcы Махмет Темірұлын зерттеп зерделеу, жүрегі қазақ деп соққан әрбір азаматтың 
борышы деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет