Материалдары



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата16.11.2022
өлшемі4,23 Mb.
#50646
түріКнига
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
Алаш партиясы

 


152
Әдебиеттер
1. 
Назарбаев Н. Ұлы даланың жеті қыры. – «Айқын» газеті - 21.11.2018 
2. 
Назарбаев Н. Қазақстан Республикасының Президенті: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. – «Астана 
Ақшамы» газеті - 13.04.2017. 
3. 
Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991.  
4. 
Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1976.  
5. 
Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. Алматы, 1990.  
Фархат БАЛҒОЖИЕВ, 
«Журналистика» кафедрасының оқытушысы 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
ҰЛЫЛАР ДАНАЛЫҒЫ – ҰРПАҚҚА МҰРА 
 
Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізген жарқын болашағы жолында Алаштың зиялы азаматтарының 
атқарған жұмысын кейінгі жастарға сөзбен айтып жеткізу оңай шаруа емес. Бұл туралы оқып, біліп, 
ізденген саналы, әрі білімді жастар ғана асылдың сынығындай тектілеріміздің кім екенін, жалпы қазақ 
халқына асылдарымыздың қандай ізгілікті іс жасап, мол мұра қалдырғанын, тарих беттерін ақтарып, 
олар туралы оқып, білгенде ғана анық көздері жетпек. Осыдан сандаған жылдар бұрын қазақ ұлтын 
қараңғылықтан алып шығып, жарқын болашақтың жолын сілтеп, біліммен сусындатуда үлкен еңбек 
сіңіріп, кейінгі ұрпаққаөшпестей мұра қалдырған да осы Алаш азаматтары еді ғой. Олар Әлихан 
Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, тағы да басқалар. Содан бері уақыт дегенің алға 
жылжып, арада бір ғасырдан асса да Алаштың біртуар қайталанбас дарындыларының кейінге 
қалдырып кеткен мол мұралары қазіргі жас ұрпақтар үшін таусылмас қазына. 
«Қараңғы қазақ көгіне 
Өрмелеп шығып күн болам. 
Қараңғылықтың кегіне 
Күн болмағанда кім болам», – деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлап кеткендей, Алаш зиялылары 
салған жол мәңгілік ұлы жол болмақ. 
Ендігі тоқталып өтер бағытымыз да осындай зиялыларымыздың оқулықтарының мәні мен маңызын 
бүгінгі ұрпаққа тағы бір айтып жеткізу. 
Қалай дегенде де әлеуметтік тегі әркелкі қазақ интелегенциясының 1917 жылғы революцияға 
дейінгі идеялық-саяси көзқарастарында айырмашылықтар болмай қалған жоқ. Дей тұрсақта, олардың 
басым көпшілігі орыс революциясы негізінде саяси күрес аренасына шыққан либералдық-
демократиялық партиялар мен топтардың жағында болумен қатар, сол уақытта қоғамдық-саяси 
қозғалыс ретінде пайда болған россиялық мұсылмандардың саяси қызметіне де тікелей араласты. 
Қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов бастаған бөлігі «Қазақ» газетін 
шығарып, соның төңірегіне топтасып, кейін Алаш партиясының ұйытқысы болса, екінші М.Сералин 
бастаған бөлігі «Айқап» журналының төңірегіне топталды. Осы екі ұлттық басылым арқылы олар 
халықты оқуға, мәдениетке, көшпелі шаруаларды отырықшылыққа шақыруда, шаруашылықты 
жүргізудің прогрессивті түрлерін, әйел теңдігін насихаттауда оңды істер тындырып, патша үкіметі 
тарапынан жүргізіліп отырған отаршылдық саясатқа қарсықоғамдық пікір қалыптастыруда 
айтарлықтай жұмыстар атқарды [1, 36-38]. 
Алаш қозғалысының көсемі, ұлттық ғылымның негізін салушы, ағартушы қайраткер ғалым, 
А.Байтұрсынов жаңа отандық ғылымның көшбасшысы ретінде қалыптасты.Оның 1909 ж. шыққан 
«Қырық мысал» 1911ж. жарияланған «Маса» жинақтары сол кездегі халықтың санасыноятуға себепші 
болды. Сонымен қатар ғалымның «Оқу құрал»(1912), «Тіл – құрал» (1914), «Әліпби» (1924), Әдебиет 
танытқыш» (1926), «Баяншы» (1926) еңбектері ұлт философиясының негізін қалады. 
Сондай Алаш зиялыларының тағы бірі Міржақып Дулатов 1909 жылы Қазанның «Шарқ» 
баспасынан «Оян, қазақ!» атты кітабын шығарды. Дәл сол жылы қазақ халқына өз тілінде, оның 
болашақтағы бүкіл интеллектуалдық қабілетінің жаршысындай, көркемдік ойлау мүмкіндіктерінің 
алғашқы қарлығаштарындай болып үш бірдей өлең кітабының баспа жүзінде жарық көруі – біздің 
рухани, мәдени өміріміздің болашағы үшін тарихи оқиға болғанын осы тұста ерекше атап көрсеткіміз 
келеді. Олардың біріншісі – 1909 жылы Петербургтен Кәкітай бастырып шығарған Абай өлеңдерінің 
алғашқы жинағы. Екіншісі –Крылов шығармаларынан жедел аударып, тағы сол Петербургтен 
бастырып шығарған Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысалы». Үшіншісі – өзіміз сөз қылып отырған 
Міржақов Дулатовтың «Оян, қазағы». 


153
Шөліркеген адамның таңдайын жібіткен бір жұтым сусынның қадірі қандай болса, туған халқының 
рухани өміріндегібұл үш жинақтың да маңызы дәл сондай еді. Сондықтан, алдыңғы екеуі сияқты «Оян, 
қазақ!» та қолдан-қолға, ауыздан-ауызға тарап, аз уақыттың ішінде ақынның атақ-даңқын өте алыс 
қияндарға алып көтерді. Бұл кітаптың қазақ халқын қараңғылықтың,құрсауынан құтқаруда орны 
ерекше болды [2, 4-8]. 
«Оян, қазақ!» Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен тараған, оған кітаптың қазақ өлкесінің 
алыс өңірі Алматыға дейін жетіп, жергіліктікітап дүкені арқылы оқырмандарға таралғандығы дәлел.
Екіншіден, Қазақстанның Жетісу өңірі сияқты басқа аймақтарынанда айтарлықтай зиялы қауым 
болған. Осы қауым «Оян, қазақты» өздері ғана оқумен шектелмей, оның мазмұнын халық арасында 
мүмкіншіліктері жеткенше кеңінен насихаттаған. Үшіншіден, «Оян, қазақтағы» жалпы демократиялық 
талап-тілектер жергілікті халық ішінде отаршылдыққа қарсы саяси хал-ахуал қалыптастыруға қызмет 
еткен. Сондықтан да патша әкімшілігі ол кітапты патшалық тәртіп үшін зиянды шығарма деп бағалап, 
оны «тұтқындаған». «Оян, қазақ!» ең алдымен патша үкіметінің отарлық саясатын әшкерелеумен
сынаумен құнды.
М.Дулатов қазақтың сол кездегі қазақтың езілген, адасқан, тығырыққа кез келген халін барынша 
дәл көрсетті. Түптеп келгенде Міржақып халықты оқу, өнер үйрену арқылы оянуға, мұсылманшылық 
арқылы имандылыққа шақырды. Ал, 1913 жылы жарияланған «Азамат», 1915 жылы шыққан «Терме» 
атты өлең жинақтары да қаламгердің ақындық-азаматтық беделін елге аса елеулі етті. 1917-1918 
жылдары Алаш қозғалысын жандандырып, Ресей халі ауырлағанда ел тәуелсіздігіне қатысты 
мәселемен шұғылданды. Екі бөлімді «Есеп құралын», «Балқия» атты пьесасын, библиографиялық 
көрсеткішін жарыққа шығарды. Ел ішінде жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп жүрген Міржақып сияқты 
көңілі сергек, көкірегі ояу жас мұғалім халықтың тағдырына байланысты саяси-әлеуметтік 
мәселелерден оқшауланып самарқау қала алмағаны, әрине заңды еді. Ол кезде Міржақып осынау тың 
сонарда алдынан із салып кеткен Ахмет ағасының есімін де еміс-еміс естіп жүретін. Өйткені, 
жақсының атыәрбір қыр асқан сайын өсіп, зорайып отыратын қазақ даласында осы өңірдің өз түлегі, 
кешегі Байтұрсынның ұрпағы Ахметтің сонау Қарқаралы жақты дүбірлеткен атақ-даңқы Торғай 
табанында да жаңғырығып жатпауы мүмкін емес еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет