Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Нұрпейісов К. Алаш һәм алашорда-Алматы: «Ататек», 1995-256 б.
2.
Әбсеметов М., Дулатова Г. Міржақов Дулатов шығармалары Алматы:«Жазушы» баспасы 1991-375 б.
3.
Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы. Алматы:Сардар, 2014,528 бет.
4.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, «Ана тілі», 1992, 448 б.
Ержан ШАГИМОЛДИН,
тарих магистрі,
ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі
АЛАШ АВТОНОМИЯСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАЗЫНАСЫ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ
1917 жылы Ақпан революциясы жеңіске жетіп, қазақтардың тәуелсіздікке ұмытылысы мен
алғашқы іс-әрекетінің нәтижесінде Қазақ комитеттері құрылды. Алаштанушы-ғалым М.Қойгелді:
«Қазақ комитеттері 1917 жылы өмірге келген Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жергілікті
комитетеріне айналды», – деп орынды атап көрсетеді[1]. Осылайша, Қазақ комитеттерінің мемлекет
құрушы саяси қызметі ашып көрсетілді.
1917 жылы 10 наурызда Оралда, ал 11 наурызда Семейде облыстық Қазақ комитеті құрылды [1,
295
]. Семей облыстық атқарушы комитетінің құрамына Алаш қозғалысы қайраткерлерінен Р.Мәрсеков
пен Б.Сәрсенов кіреді [2]. Қазақ комитеттерінің Жарғылары мен Ережелерінде болашақ Алаш
автономиясының ұлттық қазынасы қалыптасуына алғышарттар жасалды. Бұған Орал облыстық Қазақ
комитетінің Жарғысында: «Комитеттердің қазынасын халықтың өз еркімен берген қаржысы құрайды»
деп жазылған тармағы дәлел [1, 297]. Семей облыстық атқарушы комитеті Уақытша Үкіметтің
Министрлер Кеңесінің төрағасы, князь Г.Е.Львовтің 1917 жылғы 21 наурыздағы жеделхаты негізінде,
уезд комиссарларына болыстық комитеттерді құру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырады [3].
Қазақ комитеттері жаңа саяси жағдайда қазақ қоғамын бастаушы саяси күшке айналды. Қазақтың
өзекті мәселелерін жалпыұлттық ауқымда жинақтап, ұлттық келісімге келіп, ұлттық мұратты анықтау
мақсатында қазақ сиездеріне дайындық жұмыстарын ұйымдастырды.
Қазақ сиездерін 1917 жылдың 2-8 сәуір аралығында Орынбор қаласында өткен Торғай облысы
қазақтарының сиезі бастап берді. Газет бетінде берілген хабарламада: «Сиезге Торғай және Орал
облысы қазақтары қатысады», – дегенмен, оған Семей, Ақмола, Сырдария облыстарынан, Бөкей
ордасынан, Орынбор губерниясынан, Ташкент, Уфа, Қазан қалаларынан да өкілдер келіп қатысты.
Сиезді кіріспе сөзбен Ә.Бөкейхан ашады. Сиез жаңа тәртіп туралы, жер мәселесі, земство сияқты
көкейкесті 13 мәселені қарастырып, қаулы қабылдайды. Делагаттар болашақ Алаш автономиясының
ұлттық қазынасын қалыптастырудың алғышарты болған «Жұрт ақшалары» бөлімін бекітеді. Ол екі
тармақтан тұрды. Оның бірінші тармағында: «І. Ескі үкімет заманында орынсыз жиналған халық
ақшалары бар. Сол ақшалардың қай орында екенін Торғайский областной правлениеден һәм
крестьянский начальник мекемелерінен біліп, Торғайский областной комиссардан өтінеді, халық өзі
ұйғарғанша жоғарғы ақшалардың жұмсалып кетпегендері сақталып тұрсын», – деп белгілеп, Торғай
облысы мекемелерінің қаржысын бақылауға алып, Алаш қозғалысының әлеуетін арттыру және оның
әрекет ету шеңберін кеңейту мақсатында ерікті түрде жиналған қаржыларды пайдалану және
қаржылық демеушілік көрсетудің заңды тетігін қалыптастырған екінші тармағын қабылдады. Онда:
«Азаттық жолында қызмет еткен саяси ерлердің мұқтаждықтарына «Қазақ» басқармасы арқылы көмек
беруге қаулы қылынды», – деп көрсетілді [4].
Алаштанушы-ғалым М.Қойгелді: «Орынборда өткен облыстық қазақ съезі, шын мәнінде, облыстық
шеңберден шығып, жалпыұлттық деңгейге көтірілді. Сонымен бірге Торғай облыстық қазақ съезі басқа
облыстық қазақ сиездеріне ең өзекті мәселелерді көтеріп, нақты шешімдер қабылдаудың үлгісін де
танытты», – деп сиезге өте әділ әрі нақты баға берді. Міне, осы бағыттағы шешімдер басқа қазақ
облыстарында өткен сиездерде де қабылданды. Мәселен, Семей облысы сиезінде қабылданған
қаулының «Жергілікті істер халықтың өз қолында болу» деген бөлімініңүшінші тармағында: «Алым-
салықты бөлу, керегіне жұмсау һәм тексеріп есеп алу комитеттер арқылы өз еркіне берілсін» деп
белгілейді [5], ал осы сиез қаулысының «Қазақ ақшалары» бөлімінде: «А) Қазақтан жиылатын земский
155
һәм частный ақшалар қай орынға ұсталатындығын; Б) Әр уақытта һәртүрлі орынға деп жазылған көп
ақшалар тиісті орнына ұсталып-ұсталмағандығын, осы ақшалардың бәрін іздеп, анығын тауып, өз
қолына алу областной қазақ камитетіне тапсырылсын. Егер де бұл ақшалардың ұсталмай қалғаны
болса, бұдан былай халықтың рұқсатынсыз һеш орынға ұсталмасын.
1.
Қазақ ақшасына салынған үйлер, ссудный кассадағы ақшалар Қазақ комитетінің билігіне
берілсін.
2.
Бұдан былай земский ақшалар жиылып, областной Қазақ камитетінің пайдасына берілсін.
3. ТБастауыш мектептерде оқу қазақтың өз тілінде оқытылатын болғандықтан бастауыш
ышколдарға хүкімет тарапынан берілетін ақша Қазақ камитетінің билігінде болу тиіс.
4.
Областной Қазақ камитетінің халықты ұйымдастыру жұмыстары үшін ұстауына болыс басы
елдің байларынан, ауқаттыларынан алып, 1000 сомнан жиылып тез берілсін.
5.
Бұл жиылатын ақшаның 10 мың сомы бостандық, теңдік әперу жолында құрбан болған саяси
ерлердің жетім-жесір қатын-балаларының пайдасына берілсін», – деген қаулы қабылдайды [6]. Бұл
облыстық қазақ сиездері барысында, жергілікті аймақтардағы қаржы тетіктері Қазақ комитетінің
құзырына бекітілгенін айқындайды. Осылайша, қазақ комитеттері Алаш автономиясының ұлттық
қазынасы қалыптасуына жол ашты және Алаш қозғалысының жаңа сапаға көтерілуіне мүмкіндік берді.
Қазақтар қоныстанған облыстардағы облыстық съездердің нәтижесінде Торғай облыстық съезінде
құрылған Айырықша Комиссияның ағзалары Ә.Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы,
Сейітғазы Қәдірбаев, Ғұмар Есенғұлов, Имам Әлімбеков, Есен Тұрмұхамедов, Керей Тұрымов 1917
жылы 21-26 шілдеде І жалпықазақ сиезін шақырды [7]. Сиездің нәтижесінде қаулы қабылданды, оның
V-
ші «Земство» бөлімінде: «Уақытша үкіметтің жаңа шығарған законы бойынша дала уалаяттарында
болосной земство отырықшы елдерде және ашылсын, көшпелі елдерге земство кіргізу еркі болашақ
областной земский собраниеде болсын деген. Съез бір уезден екінші уезге көшіп жүретін елдерді ғана
«көшпелі болыстар» деп біледі.
1. съездің қаулысы, көшпелі елдерде де отырықшылардікі секілді тоқтаусыз болосной земство
ашылсын.
2. Болосной һәм уезной гласныйлардың сайлауы бір мезгілде құрылсын.
3. Болосной земский управада бес ағзадан артық болмасын.
4.
Орыс пен қазақтың сайлауына уезной һәм облосной комитеттер арнаулы инстрокторлар
шығарсын» – деп қаулы етеді [8]. Бірінші жалпықазақ сиезінің нәтижесінде ұлттық қазынаның ең басты
кірісінің бірі – земство салығы жиналатын өзін-өзі басқару ұйымын құруына заңдық негіз жасап
беруімен құнды.
1917 жылдың көктемінде қазақ комитеттерінің құзыры облыстық сиездердерде қаралып, жергілікті
атқарушы билік органдары құрылуының заңдық негізін қалыптастырды. Ал 1917 жылдың жазында
өткен І жалпықазақ съезі өзін-өзі басқару ұйымдары құрылуының заңдық негізін қалыптастырды. Осы
жағдайлар Алаш қозғалысы қайраткерлеріне ІІ жалпы қазақ-қырғыз съезінде Алаш автономиясы мен
оның ұлт қазынасын құру туралы қаулы қабылдауына мүмкіндік берді.
1917 жылы Орынбор қаласында өткен ІІ жалпықазақ-қырғыз съезінде Ұлт қазынасы мәселесі VI
мәселе етіп қойлып, оның күнтәртібінде жан-жақты қарастырылды. Нәтижесінде: «Халықтан милиция,
оқу комиссиясы һәм Алашорданың расходына жиылатын ақша әзірге ұлт қазынасы болып табылады.
Түпкілікті ұлт қазынасын түзеу Алашорданың міндетінде», – деген қаулы қабылдап, Алаш
автономиясының ұлттық қазынасы қалыптасқаны мәлімделді [9]. ІІ жалпы қазақ-қырғыз съезі
Алашордаға ұлт қазынасына қарыз ақша алуды тапсырды. Алайда, әзірше, бұл қаулының жүзеге
асқандығы немесе аспағандығы туралы толыққанды ақпарат анықталмады.
Алаш автономиясының ұлттық қазынасын құру ісі ІІ жалпы қазақ-қырғыз съезіне дейін қолға
алынған. Ол Алаш автономиясы тұрғындарының демеушілік қаржыларынан құралды.
1917 жылы 25 қарашада Семей уезінің съезі өткізіледі. Съез күнтәртібінде: ұлттық қазынаны құру
мәселесін арнайы қарап [10], бір сағаттық жұмысы барысында ұлт қазынасының есебіне 16 мың 370
сом ақша жинайды [11]. Съез әрбір болыс және ауыл комитеттерінде ұлт қазынасына арналған
жәшіктерді орналастыру, арнайы өкіл адамдар тағайындап, оларға куәліктер беріп, елден ұлт қазынасы
есебіне арнап қаржы жинастыруға жіберу туралы қаулы қабылдайды. Ұлт қазанасының қызметін,
маңызын түсіндіруді аймақтың мұғалімдері мен оқығандарына жүктейді. Осы съезде Ақым қажы
Аңдамасов мүлкінің 10 % бөлігін ұлт қазынасына өткізеді. Оның бұл іс-әрекеті сенсацияға айналады
және бүкіл Алаш жұртына үлгі-өнеге етіп көрсетіледі. Оның есімі мерзімді баспасөз беттерінде кеңінен
тарайды. Атақты меценат туралы «Сарыарқа» газеті: «Ол не азаматтық қылды. Ол ұлт қазынасына 10
мың сом берді. Оның несі таңсық. Қазақта бір кісінің ұлт үшін он мыңдап ақша беруінің біріншісі
болғандығы үшін таңсық. Барлығы 60-70 мыңдай сомасының жетіден бірі – он мың сомды ұлт
156
пайдасына бөліп беретін қазақтан да ұлт баласы шыққандығы таңсық. Жүз миллионға ие болып, екі
миллион беріп отырған ноғайлардың тағифинан 70 мыңға ие болып, он мыңын беріп отырған Ақым
қажымыздың һәмматын кем дей алмаймыз… Осының бәріне шыдап жүргендік Ақым қажының
ұлтшылдығы, азаматтығы екендігі енді тым ашығырақ көрінді. Көбейсе, біздің осындай қажыларымыз,
тезінен-ақ ержетер едік-ау!» [12], – деп жоғары береді. Бұл оқиға ірі шаруақожалықтары мен
кәсіпкерлердің ұлттық мемлекет құру бағытындағы ұмтылыстарының жоғары болғандығын көрсетеді.
1917 жылы 15 ақпанда Павлодар уезінің сиезі өтеді. Сиезде Абайұлы Тұрағұл мен Дулатұлы
Міржақып сөз сөйлеп, ұлттық қазына есебіне 53 мың 239 мың сом қаржы жиналады [13]. Оның ішінде
21 мың 939 сомы қолма-қол жиналса, 31 мың 300 сомын артынан тапсырмақ болады. Сиезде қомақты
қаржы соммасымен бірге, шағын қаржы соммалары да өткізіледі. Бұл Алаш автономиясын жоғары
әлеуметтік топтармен бірге, төменгі әлеуметтік топтардың да қолдағанын көрсетеді.
Павлодар уезінің съезі ұлтаралық сипатымен де ерекшеленді. Съезге ноғай, орыстар қатысып,
Алаш автономиясының ұлттық қазынасына қаржылай демеу жасайды. Ноғай азаматы Сатаров Хафиз
астындағы жалғыз атынан түсіп, ұлт қазынасына тапсырады [13, 146]. Съезге қатысып тұрған Гавриил
Колмогоров деген орыс азаматы бір мың сом ақшасын суырып, қазына есебіне өткізеді [13, 146]. Осы
жағдайлар Алаш автономиясын тек қана қазақ ұлты ғана емес, сонымен қоса оның аумағында тұрған
өзге этностар да қолдағанын айқындайды.
ІІ жалпы қазақ-қырғыз съезінің желтоқсан айында өткізілуінің саяси астары бар еді. Алаш
қозғалысы қайраткерлері жыл соңында қазына есебіне салық жиналатынын есепке алып, осы жағдайды
орынды қолдана алса, Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясының алдына қойған мақсаттары мен
міндеттерін орындауға бірден кірісіп кетуді көздеді. Олардың жоспарлары алғашқы бетте біршама
сәтті жүзеге аса бастады. Ол қазақ съездерінде Алаш автономиясы тұрғындарының ерікті түрде қазына
есебіне қаржылай демеушілік жасауынан-ақ байқалды.
Алашорда үкіметі ІІ жалпы қазақ-қырғыз съезінен кейін Алаш автономиясы аймағынан әскер,
түтін, земство сияқты салық түрлерін жинады [14]. Халықтан салық жинау біршама тұрақты әрі жүйелі
түрде жолға қойыла бастады. Бұған 1918 жылы 24 наурыз, 6 сәуірдегі Семей уезіндегі болыстардың
земство салығының қарыздары туралы журналы дәлел. Онда Семей уезінің әрбір көшпелі және
отырықшы болыстары өтеген земство салығының соммасы мен өтелмеген қарыз соммасы тиынына
дейін көрсетілген. Журналда берілген мәліметтерде, 1917 жылы Семей уезінің 21 көшпелі болысынан
жиыны 91 015 сом 08 тиын алым қазынаға түсуге тиісті болса, оның тек қана 44 мың 608 сом 87 тиыны
ғана алынғаны, ал 46 мың 400 сомы алынбағаны жазылған [15]. Семей уезінің отырықшы
тұрғындарынан жиыны 13 мың 686 сом 2 тиын қаржы жиылуы қажет болса, оның 7 мың 551 сом 52
тиыны жиналғандығы, ал 6 мың 164 сом 50 тиыны жиналмай қалғаны жазылған [16]. 1918 жылдың 24
наурыз, 6 сәуір айындағы Семей уезінің көшпелі және отырықшы тұрғындарынан алынатын земство
салығы журналындағы соммасының 50-ы % ғана жиналғандығын көреміз. Әрине, жаңа ғана құрылған
үкімет үшін мемлекет ісін жүргізу оңай түспейтіні анық. Алайда, үкіметтің земство салығын
толыққанды жинақтай алмауына, ең бірінші кезекте автономия аймағында азаматтық соғыс
жағдайының қалыптасуы ықпал еткені түсінікті.
1918 жылы ақпан айында Семей облыстық земствосының жиналысы өтіп жатқанда, большевиктер
қолайлы жағдайды пайдаланып, билікті басып алмақшы болады. Алайда, большевиктердің әрекеті
жүзеге аспай қалды, себебі Машинский басқаруындағы және жаттықтыруындағы Алаш
автономиясының 200-ге жуық милициясы оған жол бермеді. Жағдай Омбыдан Звездовский әскері
келген соң, мүлдем өзгереді [17].
1918 жылы 6 наурызда большевиктер Алаш әскерін таратып жібермекші болады. Оған Алаш
әскерінен Қазы Нұрмұхамедұлы наразылық танытады. Большевиктер Алаш милиционерін жүрегінен
атады. Осы оқиғадан кейін Алаш автономиясында большевиктер ықпалын нығайтып, үстемдігін
орната бастайды. Бұл Алаш автономиясының ұлттық қазынасына да қауіп төңдіріп, жұмысының
тұрақты сипат алуына кедергі келтіреді. Оған 1919 жылы наурыз айындағы Семей уезі Земство
басқармасының 1919 жылғы 8 наурыздағы қатынасқа берген жауабы дәлел. Онда Семей уезінің
басқармасы Делбегетей болысынан 1917 жылғы земство салығының қарызы, 4 мың сом түтін салығы,
500 сом әскер салығы алынғандығын мәлімдейді. Сібірде бейбірекетсіздік орнап, көптеген қалаларды
большевиктік Кеңес билігі басып алып, қазынаны тонау қауіпі туындағандықтан, Делбегетей
болысынан алынған салық қазына есебіне уақытылы тапсырылмады деп себебін түсіндіреді [18].
Алашорда үкіметінің алдында екі жол тұрады: бірі, ашық қарсы шығып соғысу, екіншісі,
большевиктердің үстемдігін уақытша мойындап, астыртын түрде күрес жүргізу. Алашорда үкіметінің
басшылығы екінші жолды таңдады. Семей облыстық комитеті казактарға және облыстық кеңеске де
өкілдерін жібереді. Қазақ комитетінің одан басқа әрекетке шарасы да болмады. Алайда, облыстық
157
комитет облыстық кеңеспен ресми келісім орнатып қарап отырмайды. 1917 жылғы желтоқсан айында
өткен ІІ жалпы қазақ-қырғыз сиезінің қаулыларын жүзеге асыруды қолға алып, большевиктер билігін
жою мақсатында уездерде құпия ұйымдар құрады. 1917 жылы сәуір айында тағы да бір құпия ұйым
жұмыс жасап жатқандығы анықталады. Алғашқы сәтте Семей округтік сотының төрғасы
Н.В.Вайсермен байланыс орнатып, оның құрамына өздерінің үш ағзасын енгізеді. Әскер әрекеттерін
Тоқтамышов басқарса, азаматтық істерді Биахмет Сәрсенов пен Халел Ғаббасов басқарады. Алаш
автономиясы құпия ұйымға 35 мың 5 сом қаржылай қолдау көрсетеді [17, 154].
1918 жылы 17 мамырда Алаш арыстары Алаш қаласынан Сор шатқалына барып орналасады. 1919
жылы 14 сәуірде Семей облыстық земство басқарамасының төрағасы Р.Мәрсеков, оның орынбасары
Х.Ғаббасов, ағзасы Ә.Сәтбаев: «Құпия ұйымның құрылған кезінен бастап, оның барлық қызметін
қаржыландыруды толығымен жүзеге асырдық», – деп көрсетеді. Бұл Алашордасы бақаруындағы Алаш
автономиясы ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекетік деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Сонымен
қоса Алаш автономиясының ұлттық қазынасында қомақты қаржы жинақталғанын Алашорда
үкіметінің Батыс бөліміндегі оқиғалар растайды [17, 155].
1918 жылы 7 желтоқсанда Жымпитыда көтеріліс орын алып, Алашорда бөлімінің кассасындағы 1
миллион сом қаржы тоналғандығы хабарланады [17, 101]. Бұл Алаш автономиясы ұлттық қазынасы
мен ұлттық әскері бар Ресейдегі біршама саяси ықпалды мемлекетке айналғанын айқындайтын факт.
Семей уезі земствосының кезекті жиналысында земство салығы қарастырылып, 1918 жылғы 1
қазан айында земство салығы есебінің журналы бекітіледі. Осы журналдағы есепте Семей уезі
тұрғындарынан 1 миллион 854 мың 973 сом ақша жинастыру жоспары бекітілген. 1918 жылы 21
қарашада Семей уезі Земство басшылығы 1918 жылғы Земство алымын 13 желтоқсанға дейін толықтай
өткізу туралы ұсыныс жасаған. Уез шаруаларының шағын бөлігі болмаса, басым бөлігі қолдап, тіпті,
артығымен өткізгені мәлімделген. Басқама бірқатар шараларды қолға алғанына қарамастар, уездің
қазақ тұрғындары салықты төлей алмай отырғаны жазылған [19]. Бұл Алаш автономиясының ұлттық
қазынасын қалыптастыру оңайға соқпағанын көрсетеді. Оған бұрынғы патша үкіметі кезінде
қалыптасқан саяси жағдай кері ықпал етті және Алашорда үкіметіне оның салдарымен күресуге тура
келді.
1918 жылы 6 наурызда Семей уезі Земство басқармасы Аққұм болысының атқарушы комитетіне
№1026 жеделхат жолдап, болыс халқынан салық жинаудың қиындығын және болыс халқы санының
әртүрлі көрсетуін түсіндіруді сұрайды [20]. Бұл патша үкіметі кезеңінде болыстыққа талас барысында,
болыс халқының санын бұрмалау мен тұрғындарының жасын дұрыс көрсетпеу, Алашорда үкіметіне
салық жинауға кедергі келтіргенін айқындайды
Семейтау болысы №2 ауылының ақсақалы Семей уезі басқармасының төрағасы атына жазған
өтінішінде, Семейтау болысының атқарушы комитетінің төрғасы билігін асыра пайдаланып, жеке басы
үшін елден артық салық жинағанын айтып арызданған [21]. Патша үкіметі кезінен келе жатқан
болыстық билікке талас – Уақытша үкімет кезінде құрылған жергілікті комитет басшаларының
арасында кеңінен тарады. Жергілікті комитеттердің билікті асыра пайдалануы, жергілікті әкімшілік
басқару жүйесін тұрақсыздандырды. Бұл өз кезегінде Алашорда үкіметі есебіне қаржы жинауды
күрделендірді.
1917 жылы 18 желтоқсанда Семей облыстық басқармасы Семей уезінің Сейтен болысын екіге бөлу
туралы қаулы қабылдайды. 1918 жылы 29 қыркүйекте Семей уезі Земства жиналысы Свободная
болысын Сейтен болысынан жеке болыс ретінде мойындаудан бас тартады [22]. Осы қаулының
негізінде 1918 жылы 23/10 желтоқсанында Свободная болысының комитетіне Сейтен болысының
комитетіне тапсыруды бұйырады. 1919 жылы 5 мамырдағы Сейтен болысы басқармасының
мәлімдеуінше, 83 мың 262 сом 50 тиын алым әлі тапсырылмағанын мәлімдеген [23]. Жергілікті
комитет басшыларының партиялық әрекетіне М.Дулатұлы 1918 жылы қыркүйек айында шыққан
«Қайтсек жұрт боламыз» деген мақаласында: «Алаш тілегіне қарсы болатын кімдер екені белгілі. Бұлар
екі түрлі. Бірі – қаны қарайған, ұлт намысы дегеннен бейхабар, жамандықты кәсіп қылып ант ұрғандар,
–
дей келе, – Екінші түрі – ел ішіндегі партия құмарлар. Бұлар істеп жүрген істері жұртқа зиянды екенін
ойламай, партия қуғанын, «баққа таласып жүрміз» деп адасып жүрген надандар. Егер жұрт, жұрттықты
ойласа, партиясын, тым болмаса, уақытша қоя тұрып, бірлік-береке қылатын болса, Алаш аты бәйгеден
келмей қалмас еді. Жоқ, жұрттық деген құр сөз болып, әркім бетімен жайылып, «баққа таласып», баяғы
Иванға шауып баратын болса, Алаш тілегіне қарсы болатын болса, Алаш тілегіне қарсы болды деген
осы. Алаш болып, шашау шықпай, Алаш Ордадан басқаны білмейтін болса, «жауымды мұқатам» деп
біреуге тура шаппайтын болса, өздігінен келіп бізге бізді билеп кететін ешкім жоқ. Әркім өз басымен
қайғы болып жатыр. Біз өзіміз біреуге шауып барып, өзіміз шақырып әкеліп, төбемізге ойнатып жүрміз.
Бұл мінезіміз бұрын да белгілі еді, әсіресе, кешегі большевизм заманында көрінді. Енді мұнан бұлай
158
жұрттықты ойлап, бірлік қылатын болсақ, Алаш тілегінен басқаға алаң болмай, жұртқа ең пайдалы
нәрсе – милицияның керектігіне көзін жеткізсек, жолымыз болғаны», - деп екі қауіптің бірі ретінде
көрсетіп, өте қауіпті екенін айтып, елді қатаң сақтандырады. Жоғарыда көрсетілген себептер Алашорда
үкіметінің қазынасын қалыптастыруда кездескен қысқа мерзімді себептер қатарына жатқызылады.
Алашорда үкіметі ұлт қазынасына байланысты туындаған қысқа мерзімді себептерді шешу
бағытында бірқатар шараларды іске асырды. Бірінші кезекте, Алаш қозғалысы қайраткерлері оның
тәуелсіздік алуға кері әсерін баспасөз беттерінде және жергілікті халықтың арасына шығып түсіндіру
жұмыстарын жүргізді. Оны 1919 жылы шілде айында Семей уезі Земство басқармасының ағзасы
Сыздық Дүйсембинов Семей уезінің сол жағалауында орналасқан болыстарда земство салығы дұрыс
алынуын тексеріп, салық қарыздарын өтеу қажеттілігін түсіндіру жұмыстарын жүргізуге аттануы
айқындайды [24].
Алашорда үкіметі патша үкіметі тарапынан және большевиктердің саясаты нәтижесінде туындаған
салдарларды жою және күресу бағытында мемлекеттің мәжбүрлеу қызметін қолданды. Оған 1919
жылы 21 маусым айында Семей уезі басқармасының ағзасы А.Е.Булатовты Беген, Аққұм, Бесқарағай,
Майлыбай, Сейтен болыстарына аттандыру туралы қаулы шығарып, Семей уезі милициясының
бастығына Семей уезі басқармасының ағзасы А.Е.Булатовқа қолдау танытуын сұрауы дәлелдейді [25].
Алашорда үкіметіне патша үкіметінің саясаты мен большевиктердің үгін-насихаты нәтижесінде
туындаған салдарлармен күресуден қарағанда, 1916 жылғы көтеріліс пен азамат соғысы нәтижесінде
туындаған әлеуметтік-экономикалық жағдайдан туындаған салдармен күресу қиынға түсті. Оған
Семей уезінің Белағаш және Қызылмолла болысындағы оқиғаларды қарастырғанда көз жеткізуге
болады.
Семей уезіне қарайтын Белағаш болысы қазақтары кабинеттік жерлерді жалдап тұрғандықтан,
жерге жалға төлеп, Алашорда үкіметі қазынасы есебіне алынатын салықты уақытылы өткізе алмаған
[26].
Семей уезіне қарайтын Қызылмола болысының болыстық комитетінің 30 ағзасы 1918 жылы 27
қазанда халық жиналысын ашып, 1918 жылы 18 қазанда Семей земствосының кезекті ІІ
жиналысындағы Қызылмола болысына бекітілген 4 мың 571 адамынан алынатын 57 мың 137 сом 50
тиын салықты жинай алмайтындығын мәлімдеу туралы қаулы шығарды [27], оның ең басты себебі
ретінде өткен жылы орнаған құрғашылық пен егін бітік шықпай қалуы деп көрсете келе, жағдайды мал
өнімдері бағасы қымбаттағанмен, қаладан сатып алатын халық азық-түлік пен киім-кешек сияқты
халық тауарлары одан бетер қымбаттап тұрғандықтан, өздерінің қарайым қажеттіліктерін
қанағаттандыра алмай отырғанын мәлімдеген. Олардың өзі халықтың 20 % бөлігін ғана құрайды деп
жазады. Сондықтан 57 137 сом 50 тиын алымды төлеуден бас тартып, үкімет есебінен жүргізу туралы
ұсыныс білдіреді [28]. Алаш автономиясының ұлттық қазынасын қалыптастырудағы қиындықтар
болғаны рас. Бірақ, Алаш автономиясын жергілікті халық қолдағандықтан, оның қазынасы
қалыптасып, Алашорда үкіметі атынан басқарылған Алаш автономиясы мемлекеттік сипат алды.
Алашорда үкіметі автономия қазынасын қалыптастыруда сыртқы саяси күштермен ғана емес, патша
үкіметі саясаты нәтижесінде қалыптасқан қазақ ұлтының жағымсыз саяси құндылықтарымен де
күресуіне тура келді. Әрине, осы күрделі саяси кезеңде Алаш арыстарының саяси ерік-жігерлері
шешуші рөль атқарғаны айқын. Олар қандай күрделі саяси жағдай қалыптасқанына қарамастан,
зияткерлік қабілеттеріне жүгініп, саяси оптимизм мен батылдықтықтан айырылмады. Соның
нәтижесінде Алаш қозғалысын мемлекеттік деңгейге дейін жеткізіп, Алаш автономиясын құрды.
Достарыңызбен бөлісу: |