Материалдық мәдениет) ( рухани мәдениеті) Орталық Азияда


Андрондық әскери арбалар және қарулар



бет2/4
Дата21.10.2022
өлшемі20,92 Kb.
#44577
1   2   3   4
Андрондық әскери арбалар және қарулар. Қола дәуірінің негізгі көлік құралы әскери арба болды. Ең алғашқы екі доңғалақты әскери арба (б.з.б. XX-XVIII ғасырлар) Қисық көлдегі (Кривое озеро)1 Сынтасты қорымынан табылды. Оның негізі терімен қапталып, ұзын білікке бекітілген ағаш жақтау болды. Арба берік болу үшін білікті арбаның артына қарай орналастырған (андрондықтарда білік ортасына орналасқан арбалар да болды). Арба ағаш бөлшектерден, қайың қабығынан жасалып, шанағының арты ашық болды. Диаметрі 90 см шамасындағы шабақты доңғалақтар сол кездегі арбаның тұтас доңғалақтарына қарағанда анағүрлым жеңіл еді. Арбаға жегілген аттарды тізгіннің немесе ұзын камшының көмегімен басқарды. Осындай арбалар Солтүстік Оңтүстік Оралда, Ресейдің Челябинск облысында. Қазақстандағы сынтасты халқында да болды.
Жауынгерлік арбада тізгінші мен жауынгер отырады. Жауынгердің басты қаруы - адырнасы бұғы сіңірінен жасалған садақ пен бүркіттің кауырсыны қадалған ұшы сүйек жебеден түрды. Жебе қорамсағы арбаның бүйіріне бекітілді. Шауып бара жатқанда, жауынгер ұшы қоладан жасалған сүңгіні лақтырып, ұзын найзамен, қола айбалтамен, кысқа шоқпармен немесе қола қанжармен де шайқасты. Ол басына дөңгелек дулыға, үстіне теріден (негізінен, өгіз терісінен) жасалған жеңсіз сауыт киді. Оның үстіне қола қаңылтырлар мен жалпақ сүйектер орнатылды. Дөңгелек немесе тік бұрышты қалқан ағаштан немесе теріден жасалды.
Андрондықтар әскери арбаны жиі қолданды. Бұған қазба жұмыстар кезінде табылған арбалар мен жерлеу орындарынан кездескен саздан жасалған шабақты доңғалақ түрлері дәлел болады. Арбалар петроглиф түрінде жартастарға қашалып бейнеленді. Қос донғалақты әскери арба­лар жеңісте шешуші рөл атқарды, ал ондағы жауынгер - батыр және басшылар саналды. Қос доңғалакты әскери арбашылар ежелгі әлемнің алғашқы кәсіби әскерилері болды.
Орталык Азияның шығысындағы көшпелілердің өздеріне тән әскери арбалары болды. Бұл қаһарлы әскери арбалар қытайлардың зәре-құтын ұшыратын.
Андрондык Арқайым, Сынтасты қалалары. Б.з.б. III мыңжылдықтың соңы мен II мыңжылдықтың басында Ұлы Даланың Оңтүстік Жайық, Солтүстік Қазакстан аймақтарында нақты жоспармен тқрғызылған бірнеше бекініс қалалары мен қоныстары пайда болды. Осылардың ішінде жақсы сақталғаны топырақ пен бөренеден тұрғызылған екі бекініс дуалы бар Арқайым қаласы болды. Қаланың орталығында алаң орналасып, онда көшелер түйісетін. Қорған кабырғаларында төрт бағытқа қараған төрт қақпа болды. Әрбір андрондык қаланың жанында қорғанды жерлеу қорымдары және малға арналған екі жайылым болды. Қорымдардан әскери арбалар жиі табылады. Мұндай қоныс түрлері Авестада «вар» деп аталды. «Вардың» үш қабатпен орналасуы аңыздан бастау алады. Аңыз бойынша, ең алғашқы патша Йима адамдар мен малдарды сыйдыру үшін жерді үш марте кеңіткен деп сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет