«Аттын адам» киімі. Есік қорғанына жерленген, ақсүйек әулетінен шыққан жас жігіт алтын жапсырмалармен безендірілген, алқызыл күдері киім киген. Оның үстінде теріден тігілген тар шалбар, биік етік және жеңі тар бешпент болды. Етік пен бешпентте жапырақшалар түріндегі, ал жағасы мен жеңінде барыс басы бейнеленген жапсырмалар орнатылған. Баскиімі биік, үшкір үшты. Ою-өрнектермен, таңбалармен, алтын же- белермен және басқа да алтын әшекейлермен безендірілді.
Киіз үй - Еуразия көшпелілерінің ұлы туындысы. Киіз үй б.з. I мыңжылдығының бірінші жартысына тиесілі болғанымен, оның нобайы одан бұрын пайда болған еді. Федоров коныстарындағы б.з.б. ХІІ-ІХ ғасырлық жер қабаттарын қазу кезінде, дөңгелек пішінді бас- паналар табылған еді. Төбесі жақтауға (шаңы- рақтың алғашкы үлгісі) сүйеп бекітілген, каң- қасы сырғауылдарды тігінен шеңберлей орнатып, тоқыма шарбақ түрінде жасалған. Көшпелілер оны дамытып, қаңқасын өзгертті және тері, шөп, жапырақ жабынының орнына киізді қолданды.
Олардың дөңгеленген сүйір пішінді таңдау себебі, ол су өтпейтін және қатты дауылға жаксы шыдас беретін болғандығынан. Сонымен қатар төртбүрыштыға қарағанда, дөнгелек баспананың сыйымдылығы үлкен болды. Шамамен III ғасырда киіз үйдің сүйегі қүрастырмалы етіп жасалды. Киіз үйдің жиналмалы болуы көші- қон кезінде өте ыңғайлы болды. Түркілер мен моңғолдардың киіз үйлерінің негізі Андронов кезеңіндегі баспаналардан бастау алады.
Қорытынды. Орталық Азия далалық түрғын- дарының көшпелі малшаруашылығының технологи яларын меңгеруі әлемдік материал- дық дамуға үлкен үяес қосты. Олардың қару- жарактарын, сауыт-саймандарын және әскери әдістерін жаулары да, отырықшы көршілес халықтар да ерекше бағалады. Баспаналары мен жерлеу қүрылыстары, әскери және жүк арбалары, қарулары мен сауыттары, тоқыма өнері, кілем току үлгілері, еңбек қүралдары бар Дала мәдениеті техника мен өнердің жоғарғы деңгейде дамығанын көрсетеді. Орталық Азияның ежелгі қалатары сәулет өнерімен және қалалық өмірдің даму деңгейімен таңғалдырады.
Сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Материалдық мәдениеттің анықтамасын еске түсіріңдер.
2. Кола дөуіріндегі Далалык өркениеттің материалдық мәденпетінің жетістіктері туралы баяндаңдар.
3. Андрондык қалалардың Маргуш қалаларынан өзгешелігі неде?
4. Дала қыш бұйымдарының отырықшы-егінші мәденнет ошақтары қыш бүйымдарынан қандай ерекшелігі бар?
5. «Әскери арбалар» такырыбына таныстырылым дайындандар.
6. «Сақ киімі» тақырыбына эссе жазыңдар.