Материалдық мәдениет) ( рухани мәдениеті) Орталық Азияда



бет3/4
Дата21.10.2022
өлшемі20,92 Kb.
#44577
1   2   3   4
Сақтардың қарулануы. Сақтардың негізгі қаруы «скиф» үлгісіндегі садақ болды: көлемі шағын, М әрпіне үксайтын. Қысқа жебелерінің ұштары қоладан жасалды. Жебеге қызыл және қара бояулар жағылды (осы белгіден жебе кімге тиесілі екенін анықтауға болатын). Садақ пен жебе арнайы қорамсаққа салынып, белге тағылды. Сақтардың басқа карулары: қысқа сайты сүңгі, найза, балталар - түгелдей темірден жасалды. Өткір қарулар ретінде ақинақ-қанжарларды немесе кылышты пайдаланды. Ақинақты оң жағына қынымен белдікке тағып жүрді. Сактардың қалқандары шағын болды, оны ағаштан және теріден жасады. Б.з.б. IV ғасырда сақтар дулыға мен сауытты сирек пайдаланды. Бірақ олардың қару-жарағы толықтай темірден даярланды.
Пазырық кілемі - әлемдегі түкті кілемдердің алғашқылары. Ол Алтайдағы Пазырык қорғандарыньщ бірінде, мәнгілік тоңның арасында жақсы сақталған. Пазырык кілемі төрт-бұрыш пішінді, орта тұсы бес қатар жиектемемен көмкерілген. Кілем геометриялық өрнектермен безендіріліп, грифон, бұғылар, салт аттылар мен гүл бейнелері салынған. Ол түтастай жүннен даярланған және ашық түсімен ерекшеленеді. Пазырык кілемі ертедегі көшпелілерде кілем тоқу өнері жоғары деңгейде болғандығын көрсетеді.
Ұлы Дала тұрғындарының киімі Пазырық, Есік, Аржан корғандар кешенінен табылған жәдігерлерден белгілі. Мысалы, салт атты әйелдің киімі үш қызыл жолақпен тоқылған ұзын әрі кең жүн белдемшеден тұды. Белдемшені жүннен жасалған, қызғылт сары түсті шашакты белбеумен буды. Кеудесіне жеңі ұзын, мойын тұсы дөңгелене ойылган және қызыл баулы шілтермен әсемделген жеңіл көйлек киді. Ұзын жеқді сырткиімі суырдың терісінен тігіліп, кейбір жері кара құлынның терісімен безендірілген. Аяқкиімі киізден жасалған шұлық-етік бол­ды. Пазырық әйелдері шаштарын алып тастап, киізден жасалған, екі кабаттап шаш тігілген баскиім киді.
Сақ ерлері жеңі ұзын, белден төмен түсетін кең жейде мен балақ жағы тарлау шалбар киді (шалбар - скиф және сақ киімінің негізгі бөлігі, өйткені бүған дейін Жерорта теңізі мен Алдыңғы Азия халықтары шал- барды білмеді). Жейденің сыртынан ұзын түймесіз шекпен киді, оны көбінесе желбегей жамылды. Аяғына теріден табан орнатылған киіз етік киді. Мұндай етіктер сақтардың өздеріне тән ерекшеліктері болды: Персепольдегі бедерлі суретте бейнеленген сақ елшілері Дарий патшаға өзге сыйлыктармен қоса, осындай етіктерді сыйга тартып жатқаны бейнеленген.
Сақтар киімдерін әр алуан материалдардан - мақтадан, жүннен, киізден, теріден, былғарыдан дайындап, оны әшекейлермен безендірді. Осындай киімнің жарқын үлгісі –


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет