Материалық нүктенің динамикасы


Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген



бет2/10
Дата07.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#48260
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
№4 Praktika. Omarova G.E.

Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:

Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:

1. Өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік операциялардың, әдістер мен үдерісінің жиынтығы, сондай-ақ белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.

2. Белгілі бір өндірістік процесті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс-тәсілдері туралы білімдер жиынтығы. Ал педагогикалық технология дегеніміз не?

Технология дегеніміз - белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.

Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатка жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.

Технология дегеніміз - оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.

Технология дегеніміз - білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы.

Технология дегеніміз - тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы. ЮНЕСКО - ның бір құжатында педагогикалық технологияға мынандай анықтама берілген.

Педагогикалық технология – бұл бір тұтас оқыту үдерісі мен білімді техникалық және адам ресурсын, олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып, меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі.

АҚШ пен Батыс Европада XX-ғасырдың екінші жартысынан бастап оқу процесінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. 1940-50 - жылдары оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты «білім берудің технологиясы» термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, 50-60-шы жылдары түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ыкпалымен «педагогикалық технология» деп атала бастады. 60-шы жыдардың ортасында технологиялық әдіс шет елдерде баспасөз беттерінде және халықаралык конференцияларда кеңінен талқылана бастады. Бұл істе негізгі екі бағыт көзге түсті. Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті техникалық құралдарды қолданумен байланыстырса, екіншісінің көлемінде оқу процесінің өзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да «оқытудың технологиясы» деген термин пайда болды. 60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың бас кезінде көптеген елдерде (АҚШ, Англия, ФРГ, Франция, Италия, Япония т.б.) оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымен айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту үрдісі білім беру үрдісінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан «оқыту технологиясы» терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай кемшілік «тәрбиенің технологиясы», «дамыту технологиясы», «қалыптастыру технологиясы» ұғымдарына да тән.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет