Мазм ұ н ы кіріспе Мәтін туралы түсінік Көркем мәтін табиғаты, ерекшелігі. Көркем мәтіннің зерттелуі мен талдау жолдары Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі Кіріспе


Қорытынды Көркем мəтін - өзара ішкі байланыстары мол көпқабатты құбылыс



бет4/5
Дата15.11.2023
өлшемі116,5 Kb.
#123880
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ìàçì ? í û ê³ð³ñïå Ì?ò³í òóðàëû ò?ñ³í³ê Ê?ðêåì ì?ò³í òàáè?àòû, å

Қорытынды
Көркем мəтін - өзара ішкі байланыстары мол көпқабатты құбылыс. Əдеби шығармада сюжет оқиғалардың тізбегінен, яғни уақыт-кеңістік қатынасындағы кейіпкерлерінің өмірінен, бір-бірімен алмасып отыратын əрекет-жағдайлардан тұратыны белгілі. «Адамзат тарихының əр түрлі кезеңдерінде əдеби мəтіннің жиі-жиі гуманитарлық ойлаудың өзегіне айналып отырғаны, қоғамдық пікірге əрқилы қозғау салғаны мəлім, сондықтан əрбір гуманитарлық ғылымның əдебиетпен байланысы жөнінде зерттеулер көп, əлі де жалғаса бермек. Əдебиет ең алдымен сөз өнері болғандықтан, дара ғылыми бағыт ретінде өнертанудың əдеби мəтінге деген қызығушылығы түсінікті. Тілтанудың да əдеби мəтінді өз зерттеулерінің негізгі нысаны етуі заңды. Түйіп айтсақ, көркем мəтінді жүйелі қарастыруға деген ықылас мынадай төрт ірі ғылыми салаға тиесілі екен: əдебиеттану, лингвистика, өнер семиотикасы, аударматану. Бұл салалардың өзі іштей арнайы мəтінтанушылық мақсаты бар ірілі-ұсақты бағыттарға бөлінеді». Сонымен бірге қазіргі кезде мəтінтануда салааралық пəндер де жедел дамып келеді, оларды көркем мəтіннің мазмұндық, прагматикалық, пішіндік жақтары қызықтыруда» [12; 51].
Кез келген əдеби туындыда біз шынайы өмірден алынған ақиқатты сезінеміз. Əрине, ол болмысты сол күйінде суреттемейді. Əдебиет өмірдің шындығын, оқиғалар мен əрекеттерді, құбылыстарды өзгеріссіз емес, жинақтай, көркемдей суреттейді. Яғни əдебиеттегі өмір дегеніміз — өмірдің бейнесі. Қандай көлемді шығарманың өзі өмірдің барлық қырын қамти алмайды, яғни уақыт, кеңістік, əрекет жағынан шектеулі аяда қалады. Сонымен, тұтастай алғанда, əдеби шығарма — үнемі қозғалыс үстінде болатын адам өмірінің қандай да бір шектеулі ортадағы көркем бейнесі. Əдеби шығарма сонымен бірге — нақты ұғым. Себебі біз оны қолымызға алып оқимыз, көзбен көреміз. Олай болса, бір əдеби шығарма басқа өнер туындысының өмірге келуіне де ықпал етеді. Сонда, біріншіден, əдеби шығарма өмірдің бейнесі; екіншіден, ақиқат өмірдегі нақты зат болып табылады.
Əдеби шығарманың өмірден орнын табу үшін қаламгердің оны жазып шығуы жеткіліксіз, сонымен бірге оны оқырман қабылдауы керек. Яғни қаламгер өз шығармасында оқырманның көкейіндегі мəселені тереңнен қозғап, əдеби шығармада бейнеленген өмірді əр оқырман өз өміріндей жақын қабылдап, «əдебиеттегі өмірге» жан-тəнімен араласып кететіндей, сана-сезіміне əсер ете алуы керек. Бұл мəселелер мазмұн мен пішіннің бірлігінен келіп жүзеге асады. Мазмұн — ақиқат өмірді танып-білу мен сараптаудан, бейнелеуден туатын тұтастық. Бұлар өзімен-өзі жеке-дара қалып қоймайды. Олар əдеби шығармада бейнеленген оқиғалардың, іс-əрекеттердің, сезім-күйлердің өне бойында көрініс тауып отырады. Туындыдағы қандай да бір бөлшектің тек көркем сөз арқылы ғана өмір сүретіні белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет