Мазм ұ н ы кіріспе



бет15/20
Дата02.12.2023
өлшемі314,5 Kb.
#132756
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Дип.-Ноғай-Ордасы

Көшпелі мал шаруашылығы. Ноғай Ордасы Еділдің құярлығы, Еділ-Жайық арасы, Батыс, ішінара Орталық Қазақстан сияқты орасан зор далалық аймаққа орналасты. Бұл аймақтың ландшафтында шөп және шөптесін өсімдіктер мен аласа бұталар өсті де, ормандар мүлдем аз кездесетін. Өзен аңғарларында тоғайлар өсті. Жер бедері мен өсімдік жамылғысы бойынша бұл жерлер көшпелі мал шаруашылығына барынша қолайлы болды.
Ноғайлардың мал шаруашылығы ортағасырлық көшпелілердің шаруашылығынан ерекшелене қойған жоқ. Әйтсе де сол кездегі деректерге үңіліп көрейік: “Олардың малдары үлкен және күшті және өте шыдамды. Оларда түйелер де бар, әдетте айыр өркешті болып келеді, бір өркешті нар түйелер аз кездеседі” [30, 405] деп жазса, олардың өсірген сиырлары қазіргі заманғы әйгілі Ставрополь тұқымды сиырлардың негізін қалады. Олар әдетте жылқыны үйірімен ұстады, бір үйірде он бие бір асыл тұқымды айғыр болатын, ал үйірлер 100–150 басты құрайтын табындарға бірікті.
Көшпелілерде қолға ұстайтын малдың арақатынасы әртүрлі болып келеді. Кедейлер 1 жылқы, 1 сиыр, 6–7 қоймен шектелсе, мырзаларда олардың саны әлдеқайда мол болатын. 50 бас мал өзін-өзі қамтамасыз етуге жететін, ал 500 бас малы барлар тұрмысы жақсы деп есептелсе, мың және одан да көп малы барлар бай болып есептелінді. Бай ноғайлар сансыз малға ие болатын. Кейбір деректерде төрт жүз мың бас малы бар мырзалардың болғандығы айтылады [45, 509].
Әдетте түйелер күш көлігі ретінде пайдаланылды, арбаға, соқаға жегілді. Олардың тасымал көлігі бірыңғай түйеге байланысты қалыптасты. Терек өзендерден өткенде салды пайдаланып, ол арқылы уақ мал мен жүкті тасымалдаса, ірі қара малды жүзгізіп өткізетін болған. Бұл тәсілді кейіннен дон қазақтары да пайдаланған. Еділ бойына орыс бекіністері салынған соң бұндай тәсілді пайдаланбайтын болды, воеводалардың бұйрықтарымен жергілікті стрелецтер ноғайларды екі жағалауға кемелерімен малыменен өткелден өткізіп тұрды.
Мырзалар басқаратын әрбір елге, ұлысына бекітілген көші-қон маршруты және жайылымдар тек жоғарғы биліктің құзырымен өзгертілетін. Бұл тәртіп көшпелілер арасында дау-дамай, ұрыс-керістің болмауына кепілдік береді.
ХҮ–ХҮІ ғғ. арасында Ноғай Ордасында екі үлкен көші-қон жүйесі қалыптасты; бірі – Арал-Жайық жүйесі, екіншісі Еділбойы жүйесі. Оларға қосымша ретінде Ноғай Башқұртстанында томаға тұйық көші-қон жүйесі болды.
Арал-Жайық циклы Сырдарияның құярлығын қыстап, Жайықтың бойын жайлауды құрады. Бұл маршруттың шекаралары үнемі өзгеріп отырады. Тіпті ХҮІ ғ. алғашқы ширегінде қазақтардың маңғыт жұртын жеңуіне байланысты бұл маршрутты қазақтар пайдаланды. Халықтар мен малдың оңтүстіктен солтүстікке және керісінше, жыл сайынғы көшіп қонуы Ноғай Ордасы ыдырап, Еділбойы жүйесі жойылған ХҮІІ ғ. бас кезіне дейін сақталып қалды.
Арал-Жайық жүйесінің бұлайша тұрақты болып келуі оның көшпелі мал шаруашылығы қажеттгіне бейімделген ежелгі дәстүрлерімен түсіндіруге болады. Ол біздің заманымыздың І мыңжылдығының ортасында пайда болып, ІХ–ХІ ғ. толық қалыптасты. Бұл бағытты осы соңғы ғасырда қыпшақтар пайдаланды. Сірә бұл циклді ноғайлар қыпшақтардан мұраға алған болуы керек, ал ноғайларды алмастырған қазақтар бұл маршрутты біршама жетілдіріп, ХІХ ғ. дейін пайдаланды.
Еділбойы жүйесі Еділдің құярлығын қыстап, жайлауға сол жағасына Самара, Кама бойына өтуімен ерекшеленеді. Осы бағытты мекендеген ноғайлар Еділ-ана деп ұлы өзенді ұлықтайтын дәстүр қалыптасты.
Арал-Жайық жүйесі сияқты еділбойы циклы да дешті-Қыпшақ үшін дәстүрлі еді. ХІІІ–ХІҮ ғғ. Жошы ұлысы хандары осы бағытты пайдаланған. Ноғайлардың әлсіреуі бұл маршрутты тарылта түсті. ХҮІІ ғ. олар Еділ бойымен қорыққаннан жоғары көше алмады. Еділ бойы циклын Бөкей Ордасының қазақтары ХІХ ғ. қайта жаңғырта алды.
Осы жүйелер қаншама дәстүрлі, орныққан деп есептелгенмен ол көшпелілер үшін шығынсыз да болмады. Көшпелілер үшін ең қиын және шығынды маусым қыс болып есептеледі. Шығыс дешті-Қыпшақ жерінде қыс орташа алты айға созылатын. Боран мен көктайғақ мал басын кемітетін, олардың егелерінің әл-ауқатына едәуір нұқсан келтіреді. Егер қыс ұзақ болып, қар жылдағыдан қалың түссе, оған жұқпалы ауру мен өзара қырқыс қосылған болса, ноғай қоғамы нағыз апатқа тап болатын еді. Наурыз айы – қатқағымен, ыбылыңқы-сыбылыңқы ауа-райымен шаруаға орасан зор нұқсан келтірген. Содан да “наурыз өтті – бәле кетті” деген ноғай мәтелін “сәуір болмай, тәуір болмас” деген қазақ мәтелімен ұқсастыруға болар еді.
ХІХ ғ. Қырым ноғайлары қысқы уақытта малдың төзімділігіне үміт артып, оларға күтім жасамаған. Ал Ноғай Ордасында малдың жайы үшін қыстаудың жағдайын жасау дәстүрлері берік орын алды.
Ноғайларда көшпелі дәстүрге орнығуы амалдың жоқтығынан іске асатын болған. Содан да көшпелі өмір салты олардың арасында барынша жоғары бағаланды. Маңғыттардың көшпелі мемлекетінде шаруашылықтың басқа да түрлері дамыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет