Мазм ұ н ы кіріспе



бет18/20
Дата02.12.2023
өлшемі314,5 Kb.
#132756
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Дип.-Ноғай-Ордасы

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы


Еуразия халықтарының “ноғайлық кезең” деп шартты түрде атауға болатын қоғамдық-саяси және халықаралық қатынастардың тұтас бір дәуірі айқындалады. Бұл атау ғылыми термин ретінде башқұрт және қарақалпақ тарихнамасында, қазақ және қырғыз халықтарының фольклорлық ескерткіштерінде “батырлық заман” ретінде ноғайлы билігі түрінде кездеседі. Бұл терминологиялық құбылыс Ноғай Ордасының Шығыс Еуропа Батыс Қазақстанның территориясында билік жүргізіп, қуатты империяға айналған ХҮ–ХҮІІ ғғ. тарихи оқиғалардың жаңғырығы еді. Ноғай Ордасы және оның құрылымындағы халықтар қазақтар, қазан, қырым татарлары, Сібір, астрахань жұрты, башқұрттар мен қарақалпақтар, түрікмендер мен қалмақтармен ассимиляцияланып, олардың құрамына сіңді. Тіпті Дон және Жайық казактарының қатарын толықтырып, өте күрделі жан-жақты ассимиляцияға түсті. Ноғайлардың өз көршілеріне тигізген ықпалын саяси, этникалық және мәдени аспектіде қарастыруға болады.


Ноғайлардың саяси ықпалы. Ноғай мемлекеті Шығыс Еуропада тарихи қысқа мерзімде ХҮ ғ. соңы мен ХҮІ ғ. алғашқы жартысында қуатты мемлекетке айналды. Әйтсе де оның саяси ықпалы оған дейін де, одан кейін де сезілетін. Ең басты ықпал Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған Ноғай Ордасының өзі қатарлы хандықтардың қызметінен байқалды. “Едіге ұрығы маңғыттар” ХҮ ғ. алтынордалық Шыңғыс ұрпағының арасында жетекші роль атқарды. Содан да маңғыт беклербектері Жошы әулеті құрған хандықтарда жетекші тұлғаларға айналды. Еділ–Жайық–Жем бойын мекендеген маңғыттар Ноғай Ордасын құрды. Олардың Қазан, Астарахань, Сібір жұртымен шекаралас болуы ол хандықтарға өз қолдаушыларын отырғызуға қол жеткізді.
Ноғай Ордасының шығыс көршілері Қазақ хандығы және Орта Азия хандықтары болды. Оның Қазақ хандығымен қарым-қатынасы барынша күрделі сипат алды. Олардың арасында қырғын соғыстар да орын алды. ХҮІ ғ. алғашқы ширегінде Қасымхан Еділдің сол жағасындағы иеліктерді тұтастай өзіне қаратуға қол жеткізді. Одан кейінгі кезеңде Ноғай Ордасы күшейіп, Қазақ хандығының иелігіне кеткен жерлерді қайтарып алды.
Ноғайлардың Мәскеуге ықпалы бірнеше себептермен әлсіз болды. Олар діни, экономикалық кедергілермен бірге жер шалғайлығы еді.
ХҮІ ғ. бастап Мәскеу патшалығының иелігіне өткен ноғай мырзалары Кутуловтар, Урусовтар, Юсуповтар сияқты князьдық әулеттің негізін қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет