Мазм ұ н ы кіріспе



бет13/20
Дата02.12.2023
өлшемі314,5 Kb.
#132756
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

ІІІ Т А Р А У




НОҒАЙ ОРДАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ

Ноғайтану ғылымында ноғайлардың тегі мен этникалық (ру-тайпалық) құрамы туралы мәселе негізгі тақырыптардың бірі. Осы кезге дейін бұл тақырыпқа көптеген зерттеулер арналғанымен басы ашылмаған мәселелер жеткілікті.


Ғылыми әдебиетте Ноғай Ордасы ұлыстық қауымнан тұрады деген тұжырым орныққан, бірақ ол әртүрлі түсіндіріледі. Кейбір пікірлерде ол “тайпалық ұлыс” яғни бір тайпаны біріктіретін ұлыс деп қолданылса, ендігі бір зерттеушілер керісінше, басшысы мұрагерлікпен тағайындалатын “рулық негізде емес, феодалдық негізде біріккен бірлестік” ретінде қарастырды [45, 484].
Дегенмен “ұлыс” ұғымын әлеуметтік емес, этникалық ретінде қолдану дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Бірақ мәселенің мәнісі мынада, араб әрпімен жазылған ноғай құжаттарының түпнұсқасында “ұлыс” сөзі кездеспейді. Ол сөзді мәскеулік және астрахандық аудармашылар этнонимді немесе әлеуметтік мәні бар “ел халқы”, “ұлыс адамдары” деген ұғымдарды беру үшін қолданған. Бұл жерде аудармашылар Алтын Орда дәуіріндегі терминге басымдық берген болар. Сондықтан “ұлыс” ұғымын Ноғай Ордасына қатысты қолданған авторлардың дерегіне аса сақтықпен қарау қажет болады. Сөзіміз дәлелді болу үшін мынадай аудармаларды салыстырып көрейік: “Улусы наши калмыки взяли” / “Халқымызны қалмақ алды”; “Каная князя улусы” / “Қанай би халқы”; “У нас животов нет, и лошадей нет, и улусов нет” / “Бизимде мал да йоқ, еки де йоқ, иль йоқ” [45, 554].
Бұл мысалдарда “ұлыс” атауы ноғайлардағы ел мағынасын беретіндігін дәлелдейді. Демек, ел дегеніміз бір тайпа әулеттің жиынтығы. Бұл тайпалар өз ішінде әлеуметтік иерархиясы бар күрделі құрылым болды.
Ел атаулары орыс аудармаларында “ру” сөзімен қатар қолданылады. Ол көбіне экзотикалық түрік-қыпшақ этнонимдерін түсіндіру үшін қойылатын болған. Орыс аудармашылары “қыпшақ руы”, “тама руы” деп қолданса, ноғайларда жай ғана “қыпшақ”, “тама” түрінде қолданылады [29, д. 1. Л. 321].
Ал ноғайлардың арғы тегі туралы мәселе де барынша кереғар пікірлерге негіз болуда. Л.Н.Гумилев ноғайлардың арғы тегін оғыздарға апарып телиді. Оның дәлел ретінде ұстаған дерегі бір кездері оғыздардың Жайық даласын мекендегендігі [11, 673]. Бұл пікірлер негізсіз де емес, ноғай деректері онан оғыздық дәстүрдің іздерін тануға болады. Әйтсе де олардың саяси үстемдігі ХІ ғасырда аяқталды. Оларды тарих сахнасынан ығыстырған қыпшақтардың ХІІ ғ. этниклаық, саяси қалыптасуында оғыздық ықпал басым болды, әрине, одан кейінгі ғасырларда қалыптаса бастаған ноғайларға қарағанда.
Ноғай және татар этностарының арақатынасы да шатасып кеткен. Л.Н.Гумилев оларды бір-біріне қарсы қойса, М.Ахметзепов ол этностарды бірлікте қарастырады [1, 32]. Тұжырымдардың бұлайша әртекті болуын ХІІІ–ХҮІІ ғ. “татар” ұғымының көпмәнділігімен-ақ түсіндіруге болар еді.
Ноғай этногенезінің мәселесін “маңғыт” этнонимі барынша шатастырғандығын атап айту қажет. Тарихшылар оларды моңғол-маңғұттармен шендестіреді де сол арқылы ноғай этносынан моңғолдық компонент көргісі келеді. Бұл тұжырымның жалпы құрылымы мынадай: маңғұттар Дешті-Қыпшаққа көшіп келіп, түріктеніп кетті, бұл жағдай ХІІІ ғ. беклербек Ноғайдың ұлысында іске асты, сосын олар өз төңірегіне қыпшақ тайпаларын топтастырып, ноғай этносы, Ордасы атала бастады. Ал шын мәнінде ноғайлардың бабаларының мағұттардан шыққандығын айғақтайтын бірде-бір дереккөзі кездеспей отыр. Бұл жөнінде І тарауда кеңірек айтылғандықтан, одан әрі тереңдеудің қажеті болмас.
Қазақстанның және Еділ бойының кең аймағына қанша моңғол отбасы көшіп келіп қоныстанғандығы жөнінде нақты дерек жоқ. Ал ортағасырлық дереккөздер олардың далалық қыпшақтармен салыстырғанда болмашы екендігін айтады. Әрине, көшпелі келімсектер Алтын Орда және Шағатай ұлысының өмір сүрген алғашқы бір жарым ғасырында көпсанды қыпшақтармен ассимляцияланып кеті. Ол табиғи құбылыс. Әйтсе де қыпшақтар өздерінің моңғолдарға дейінгі рулық бөлінісін мүлдем ұмытты. Оның орнына өздері жұртында (монгол тілінде – нутаг) болған тайпалардың атын иемденді. Мысалы, маңғыт нутагында көшіп жүрген ел маңғыттар, хонкраттар – қоңырат, найман – найман, керейттер, керейт немесе керей деп аталып кетті. Жошы ұлысындағы ХІІІ ғасырдың соңы ХІҮ ғ. алғашқы жартысындағы салыстырмалы түрде айтқанда бейбіт және қауіпсіз өмір сүру демографиялық тұрғыдан барынша қолайлы болды. Ескі елдер көбейді, өсті, өнді, жаңа аталар пайда болды.
1520 жылдары маңғыт мырзаларының Ордадағы барлық билікті иемденіп, тұтас мемлекеттік билік орнатуы, онда мекендеген халықтың этникалық тұтастануына негіз қалады, осылайша ноғай политоимі этнонимге айналды. Бұрын географиялық, саяси ұғым ретінде Орданы танытса, ендігі жерде оның негізгі халқының атауы ретінде орнықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет