II тур
1.
Мәтінді оқып шығып, ат қойыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз ( тапсырма жазбаша орындалады ).
Менің туған жерім қандай әсем! Қандай тамаша! Айнала биік таулар, жасыл жазықтар, әдемі қызғалдақтар, сарқырап аққан бұлақ суы, Табиғаттың әсемдігіне қарап таң қалаңыз.
Туған жер! Мен үшін сенің әрбір тасың, әрбір аң-құсың, әрбір гүлің ыстық, әрі қымбат. Мен үшін сенің көкте күлген күнің қымбат, мен үшін сенің көк аспаның қымбат. Алысқа кетсем, сені сағынамын, көруге асығамын.
Мен сенің гүлдеген көктеміңді, жасыл жазыңды, сары алтын күзіңді, ақ мамық қысыңды сүйемін. Сол себепті мен туған жердің табиғатын көркейтуге, оны қорғауға көмектесемін.
Отан үшін отқа түс – күймейсің
мақалдың мағынасын түсіндіріңіз ( тапсырма ауызша орындалады).
3. 1 – тапсырмадағы мәтіннен бір жай сөйлемге толық синтаксистік талдау, асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жүргізіңіз (тапсырма жазбаша орындалады ).
4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді жатқа мәнерлеп айтып беріңіз ( тапсырма ауызша орындалады).
Мемлекеттік емес тілде оқитын 9-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада материалдары
I тур
Мазмұндама
Жаңа жыл.
Жаңа жыл!Тамаша ғой! Жаңа жыл алдында неше түрлі ойыншықпен безендірілген шыршаның қызыл-жасыл оттары жанады,балаларға сыйлығын алып Аяз ата мен Ақшақар келеді.
Жаңа жылда шырша оттарын жағатын салт көне замандардан қалған.Оның өзі – Англия мен Германияның ескі тұрғындарында туған салт.
Жаңа жыл барлық елде бірдей бірінші қаңтарда басталмайды.Бір кезде ежелгі римдіктерде жылдың алғашқы айы наурыз саналған,себебі сол кезде егіс жұмыстары басталған.
Бұрынғы кезде қазақтар кейбір басқа халықтар сияқты , жыл басын наурыз айында ,яғни көктемде тойлаған.
Ежелгі Русьте христиан дінін қабылдаған соң, Х ғасырдан ХV ғасырдың ортасына дейін жыл басы бірінші наурыз болған,кейін ол 1 қыркүйекке көшкен.Тек бірінші Петр бұйрығынан соң 1700 жылы жаңа жыл қаңтардан басталды.Жаңа жылды ысқырған жел мен боранда қарсы алу салты осылай енген.
Жоспар:
1.Жаңа жылғы шырша
2.Ежелгі римдіктердің Жаңа жылы
3.Қазақтардың Жаңа жылы
4.Ежелгі Русьтегі Жаңа жыл
5.Бірінші Петрдің бұйрығы
Тест жұмысы
1.Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын сөйлемді анықтаңыз.
А. Бұл үлкен жетістікке жеткізеді.
В. Жақсы ісімен жақсы
С. Адамға зор денсаулық керек.
Д. Кітап алды.
Е. Семей полигоны жабылды.
2.Жалпылау есімдігін анықтаңыз.
А. Кім?Не?Қанша?
В. Мен,сен, ол,біз.
С. Өз,өзім,өзің.
Д. Ешқашан,ешкім.
Е. Барлық,бәрі
3. Жалаң сөйлемді анықтаңыз.
А. Мұғалім балаларды мектеп алдында қарсы алды.
В. Күн шықты.
С. Кәсіпорын өз жұмысын бастады.
Д. Мен мектепке тез жиналдым.
Е. Жаңа мектеп маған өте ұнайды.
4.Қай септіктегі сөз тура толықтауыш болады?
А. Атау
В. Көмектес
С. Табыс
Д. Ілік
Е. Барыс
5. «Бірақ,дегенмен» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
А. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
В. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
С. Себеп –салдар салалас құрмалас сөйлем
Д. Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Е. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
6.Анықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіз.
А. Кім үшін? Не үшін?
В. Кімге?Неге?
С. Кімнің?Ненің?
Д. Кімнен?Неден?
Е. Қашан?Қайда?
7.Жіктеу есімдіктерін белгілеңіз.
А. Кім?Не?Қанша?
В. Мен,сен, ол,біз.
С. Өз,өзім,өзің.
Д. Ешқашан,ешкім.
Е. Барлық,бәрі
8. Дұшпан сөзінің антонимін анықтаңыз.
А. Ер
В. Жер
С. Дос
Д. Адам
Е. Жау
9.Етістік нені білдіретінін белгілеңіз.
А. Заттың қимылын
В. Заттың сапасын
С. Заттың ретін
Д. Заттың атын
Е. Заттың белгісін
10. «Кітап» сөзіне тіркесетін сын есімді табыңыз.
А. Семіз
В. Қалың
С. Жылы
Д. Ақсақ
Е. Арық
ΙΙ тур
1.Мәтінмен жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |