Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып шығыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз ( тапсырма жазбаша орындалады )
1.Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып шығыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз ( тапсырма жазбаша орындалады ). Жақсылардың жақсысы.
Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі, жарық, биік ,өте әсем үйде тұрады.Үйдің айналасы бау-бақша екен.Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны,барлық бөлмелерді аралайды.Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты.Ол ылғи да жабық тұрады екен.
Сонда қыз әкесіне:
Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз.Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын ,- дейді.
Оның дұрыс , қызым.Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың,өскенде бұл бөлмені саған берем.Сен оған өмір бойы риза боласың,-деп жауап қайтарады әкесі.
Қыз есейіп,бойжетеді.Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыз есікті ашқанда , тек ұршық пен кітапты көреді.Қыз әкесіне:
Әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің.Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым,-дейді.
Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар,қызым! Ұршық болса,өнерің жанады.Ал кітап оқысаң ,білімің артады.Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ.Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен,өнермен,біліммен табылады,-деп түсіндіреді әкесі.
2. Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
мақалдың мағынасын түсіндіріңіз ( тапсырма ауызша орындалады).
3. 1 – тапсырмадағы мәтіннен бір жай сөйлемге толық синтаксистік талдау, асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жүргізіңіз (тапсырма жазбаша орындалады ).
Мемлекеттік емес тілде оқитын 11-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада материалдары
I тур Мазмұндама Шешендік сөздер
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер. Шешендік сөздер-елге белгілі адамдардың тапқыр сөздері.Ол сөздер өткір ,көңілді қонымды болған.Елге тез тарап.ауыздан –ауызға көшіп сақталып отырған. Шешендік сөздер дауларға байланысты туған.Ондай тауды қазақ халқында билер шешіп отырған.Сондықтан да шешендік сөздерді айтушылар көбінесе билер, шешендер болып келеді.
Шешендік сөздерде халықтың басынан кешкен оқиғалары ,ақыл-ойы,арман-тілегі бейнеленеді, тілінің байлығы байқалады.
Шешендік сөздер адамды жақсы мінездерге баулиды,бірлікке,татулыққа,үлкен-кішіні сыйлауға шақырады.
Жоспар:
1. Шешендік сөздер деген не?
2. Шешендік сөздердің тууы.
3. Шешендік сөздерді айтушылар.
4 Шешендік сөздердің тәрбиелік мән
Тест жұмысы 1.Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздерді көрсетіңіз.
А. Көлдер,өзендер.
В. Қаламдар, қыздар.
С. Тауды,ұшқыш.
Д. Жазушы, суретші.
Е. Қаламгер, баламен.
2. Достық сөз деген сөз не арқылы жасалғанын көрсетіңіз.
А. Тәуелдік жалғау.
В. Септік жалғау.
С. Жіктік жалғау.
Д. Жұрнақ.
Е. Көптік жалғау.
3. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді көрсетіңіз.
А. Намыс.
В. Еркіндік.
С. Абырой.
Д. Әділ.
Е. Арман.
4. Атау септігінде тұрған сөзді табыңыз.
А. Әкемді.
В.Әкемде.
С.Әкеммен.
Д. Әкем.
Е. Әкеме.
5. «Қоңырға» - сын есімі қай септікте тұрғанын белгілеңіз.
А.Барыс септік.
В. Шығыс септік.
С. Ілік септік.
Д. Жатыс септік.
Е. Табыс септік.
6. Сын есімді табыңыз.
А. Қара.
В. Аурухана.
С. Төмен.
Д. Жиырма.
Е. Мен.
7. Жинақтау сан есімнің сұрағын көрсетіңіз.
А. Нешеу?
В. Нешінші?
С. Неше?
Д. Нешеден?
Е. Нешеге жуық?
8. «Сан есім» қалай аударылытатынын белгілеңіз.
А. Имя существительное.
В. Глагол.
С. Наречие.
Д. Имя числительное.
Е. Союз.
9. Тұлғасына қарай есімдіктің түрін көрсетіңіз.
А. Дара, күрделі.
В. Туынды, негізгі.
С. Сұрау.
Д. Жалпылау.
Е. Белгісіздік.
10. Біз оқуға түсеміз деген мақсатпен келдік. Сөйлемдегі есімдіктің түрін анықтаңыз.
А. Жалпылау.
В. Сілтеу.
С. Өздік.
Д. Жіктеу.
Е. Белгісіздік.