Мазмұндама Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады


Мәтінді оқып шығыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз ( тапсырма жазбаша орындалады )



бет3/5
Дата24.11.2023
өлшемі35,25 Kb.
#125429
түріМазмұндама
1   2   3   4   5
Байланысты:
Олимпиада материалдары 8-11 орыс сыныптарға арналған

Мәтінді оқып шығыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз ( тапсырма жазбаша орындалады ).


Шоқан Уәлиханов
Шоқан (толық аты - Мұхаммед - Қанапия) Көкшетау облысының Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген.Оның әкесі Шыңғыс – Абылай ханның шөбересі, қазақ сұлтаны.Отбасында үлгілі тәрбие алады, сауат ашып,сурет салуды үйренеді.
Шоқан 1853 жылы Омбы қаласындағы кадет корпусын бітіреді.Батыс Сібір генерал-губернаторлығында қызмет етеді.Ғылым Академиясы мен Орыс география қоғамы жұмыстарына белсене араласады.Ол Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістанды аралай жүріп,осы жерлерді мекендеген халықтардың тарихы мен мәдениетіне байланысты құнды мәліметтер жинайды.Оның аса маңызды еңбектері : «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қырғыз шежіресі», «Жоңғария очерктері» т.б.
Шоқан Уәлиханов Алтынемелдегі Көген-Тоған елді мекеніне жерленген.


  1. Жақсы сөз – жарым ырыс

    мақалдың мағынасын түсіндіріңіз ( тапсырма ауызша орындалады).


    3. 1 – тапсырмадағы мәтіннен бір жай сөйлемге толық синтаксистік талдау, асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жүргізіңіз (тапсырма жазбаша орындалады ).


    4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді жатқа мәнерлеп айтып беріңіз ( тапсырма ауызша орындалады).

Мемлекеттік емес тілде оқитын 10-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада материалдары
I тур 
Мазмұндама
Қу түлкі
Бір күні жолбарыс түлкіні ұстап алады.Түлкі құйрығын бұлғаңдатып,тұмсығын жоғары көтеріп:

  • Сен мені жей алмайсың. Мен осы орманның қожасымын, - дейді.Жолбарыс оған сенбейді.

  • Мүмкін емес, -дейді.

  • Сенбесең , менімен бірге орманға жүр.Ормандағы барлық аңдар менен қалай қорқады,көресің,-дейді қу түлкі.

Жолбарыс түлкімен келіседі.Түлкі жолбарыстың алдына түсіп алып, орманда келе жатады.Жолбарысты көрген аңдар мен құстар қорқып , қаша жөнеледі.
Түлкі басын жоғары көтеріп мақтанады:

Жоспар:
1.Түлкінің айласы


2. Ормандағы оқиға
3.Алданған жолбарыс

Тест жұмысы
1.Біріккен сөзді анықтаңыз.
А. Орталық
В. Талдықорған
С. Үйшік
Д. Алматы
Е. саналы

2.Септеулік шылауларын көрсетіңіз.


А. түгіл, тұрсын
В. немесе,әлде
С. мен,бен,пен
Д. ма,ме
Е. дейін,шейін

3. Белгісіздік есімдігін анықтаңыз.


А. неше
В. сол
С. мен
Д. өзім
Е. әлдекім

4. Бастауышы болмайтын сөйлем түрін анықтаңыз.


А. Жақсыз
В. Жалаң
С. Толымсыз
Д. Жақты
Е. Атаулы

5. «Кітап» сөзіне тіркесетін сын есімді табыңыз.


А. Семіз
В. Қалың
С. Жылы
Д. Ақсақ
Е. Арық

6.Үстеудің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
А. Частицы
В. Союзы.
С. Наречие.
Д. Глагол.
Е. Имя существительное.
7.Қалау райлы етістікті табыңыз.
А. Ән айтты.
В. Оқып отыр.
С. Сабақ оқыды.
Д. Бара жатыр.
Е. Айтқысы келді.
8. Есімшенің көпше түрін көрсетіңіз.
А. Суреттеген.
В. Беретіндер.
С. Айтпақ.
Д. Жүрер.
Е. Беріпті.
9.Шылауларды белгілеңіз.
А. Ал,көк.
В. Ал, бер, үй.
С. Туралы, қойды, берді.
Д. Заман, ел, бет.
Е. Және , әрі, да,де.
10.Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А. Биыл қыс суық болғанмен, қар аз жауды.
В. Ол жақсы оқиды, бірақ адамгершілігі аз.
С. Қоңырау соғылды да, сабақ басталды.
Д. Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады.
Е. Тезірек жұмысты аяқтау керек, әйтпесе жаңбыр жауады.

ΙΙ тур




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет