СӘЛЕМДЕМЕ
Жүсіптің ағасы елімізді қоғайтын жауынгер. Бүгінде ол түрлі жаттығуларға, әскери ойындарға қатысады. Ауыр-ауыр кір тастарын көтеру, бес-алты шақырымға жүгіру Жүсіп үшін түк емес. Қайта шыныққан сайын ширыға түскендей.
– Бұрынғыға қарағанда ептірек, жылдамырақ қимылдайтын болғансың, – дейді жауынгер достарының бірі.
– Ілгеріде керіліп – созылып жата беретін. Енді орнынан серіппедей атып тұрады, – дейді өзге бір досы.
Жақсы сөзге Жүсіптің көңілі өсіп-ақ қалады.
Әскери жаттығуларда көзге түскен Жүсіпті командир үйіне барып қайтуға рұқсат берді. Екі апта лезде өте шықты. Кішкентай інісі Күмісбек Жүсіптің жанынан бір елі ұзаған жоқ. Әскери киімдеріне қызығады. Жылт-жылт еткен сары түймелерін ұстайды. Қоңыр түсті тері белдігін өзінің титтей беліне шақтап өлшейді.
Бұлт-бұлт еткен бұлшық етін шап-шағын қолымен сығымдап ұстап:
–Үлкейгенде мен де Жүсіп ағамдай күшті боламын, – деп мақтана сөйлейді.
Ұйықтағанда да Жүсіптің жанына жатады. Атаңның жанында жатсаңшы, – дейді Жүсіп.
– Екі апта ғана жатайыншы сенімен, аға.
– Күмісбек өтінгендей болды.
Сөйтті де, –Екеуіңіздің аранызға жатам, – деді тапқырлық танытқандай қуанышты кейіппен.
Жүсіптің әскери бөлімге қайтатын кезі жақындады. Жолға керекті заттарын, құжаттырын Жүсіп әзірлеп қойды.
–Мә, мына теңгені ал, жолыңа жаратарсың, – деп атасы почташы қыз әкеп берген зейнетақысын Жүсіпке ұсынды.
– Мына бір жақсы кітап екен. Қолың босағанда оқуға әбден жарайды. Өкінбейсің, – деп әкесі қомақты кітапты қол сөмкеге салып жатты.
Анасы да Жүсіптің киім-кешектерін реттестіріп, жәрдемдесті. Әжесі:
– Жүсіп қарағым, абай бол. Тәртіпті бол қашанда, жортқанда жолың болсын, – деп батасын берді.
Күмісбек қана осы кезде үй іргесіндегі бақта жүрген-ді. Қолында сырлы шелек. Ішіне қып-қызыл алмаларды іріктеп салды. Толған мезетте үйге қарай аяғын жылдамдата басты.
– Жүсіп аға, үйдің алмасын әкетіңіз. Өте тәтті. Жеген сайын жегіңіз келе береді, – дейді тамсана.
– Ә, бәрекелді, Күмісбек. Ала ғой Жүсіп, әрі достарың да риза болады. Командиріңе де ауылдың дәмін татқыз, – деді атасы.
– Күмісбектің сәлемдемесі бәрінен де мықты болды, – деп әжесі немересіне ішпей–жемей оң пейіл танытты.
Ертесіне Жүсіпті үй іші жолға шығарып салды. Араларында Күмісбек те бар. Қызыл алма салынған тор себетті әсбеттеп ұстап келеді. (300 сөз)
Мазмұндау жоспары:
Жауынгер аға.
Күмісбектің шаттануы.
Жолға әзірлік
Күмісбектің сәлемдемесі.
Тірек сөздер:серіппедей, командир, ауылдың дәмі.
Достарыңызбен бөлісу: |