Мазмұндамалар жинағЫ Құрастырған: Исмадиярова Гүлшахар Бердиярқызы Алматы 2012



бет27/39
Дата06.01.2022
өлшемі397,5 Kb.
#11903
түріМазмұндама
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
ЖАҢА ЕТІК
Сенбіден жексенбіге қараған түні қар мол жауды. Таңертең ерте тұрған Қорғанбек терезеден сыртқа көз салды. Айнала аппақ-ау, шіркін! Ағаштың бұтақтары иілген. Үйдің жанындағы электр бағанасы төбесіне ақ ұлпалы бөрік киген.
– Қандай керемет, ата! – деп кеудесіне сыймаған таңданысын Қорғанбек дауыстай айтты.
– Биыл қыс ертерек түсті-ау. Қорғанбекке қысқы аяқ киім де алмаған ек, – деді мамасы ренішті көңілмен.

– Онысы несі түге. Бүгін күн жексенбі. Мектепте демалыс. Базарға барып, таңдап, тәуір бір етікті сатып әкеліңдер, – деп папасы мен мамасына ақыл сала сөйледі.

Қорғанбек үйде қалды. Атасы отын жарды. Майдаланған ағашты Қорғанбек үйге тасыды. Екеулеп пеш жақты. Үй-іші демде-ақ ысыды. Аязға жаурап-ақ қалған екен, жылы бөлмеде Қорғанбектің беті алаулап қызара түсті.

– Күн суық ә, ата, – деді Қорғанбек малдас құрып отырған атасының оң аяғын баса түсіп.

– Ә, қардың ызғары болады да, тәйірі. Әр нәрсенің уақытында болғаны дұрыс, – деп атасы қыстың түскеніне риза пейіл танытты.

– Аспаннан қар емес, нан жауып тұр, балам, – деп Қорғанбекті барқыт шапанының етегімен орап алды.

«Қар емес, нан жауып тұр» дегені несі, деп сұрамақ еді, атасы күмәнді ойын сейілтті.

Қар мол жауса, көктемде бидай бітік өседі. Мақта қырманы берекелі болады. Мал жем-шөптен тарықпайды. Бұның бәрі ел-жұрттың наны емей, немене!

Атасы екеуі үйді жылытып, есік-терезелердегі саңылауларды бітеп болғанша, мамасы мен папасы келді. Қолдарындағы себет іші топ-томпақ.

Ішке кіре салысымен:

–Қорғанбекке етік алдық, – деп мамасы қуана тіл қатты.

Қорғанбек себет ішіндегі ораулы қағазды біртіндеп жазды. Көзіне жып–жылтыр, қоңыр түсті, табаны қалың етік түсті. Демде жіп бауын босатып, аяғына өлшеп көрді. Өзіне құйып қойғандай. Бөлме ішінде ерсілі-қарсылы жүріп көрді. Етігі әдемі, әрі жеңіл екен. Өзі емес, бәтеңкесі қозғалып жүргендей.

– Ата, мен қатты қуанып тұрмын, – деді Қорғанбек бір кезде жүзі бал-бұл жанып.

Әрине, түсінемін, балам, – деді атасы

– Осы Қорғанбек қызық. Аяқ киімге де қатты қуана ма екен?

– Қорғанбек дұрыс айтады. Ілгерідегілер айтқан екен: «Дүние тапсаң, балаңды киіндір. Меккеге барғандай әсерде болады» деп. Мінеки, дәл осы жәйтті Қорғанбек балам басынан кешті. Жаңа етік балаға қуаныш сыйлады.

Бөлме ішіндегілер осы сәтте Қорғанбектің қуанышына түгелдей ортақтасқан болатын. (320 сөз)
Мазмұндау жоспары:


  1. Мол жауған қар

  2. Қорғанбектің таңдануы

  3. Атасының ақылы

  4. Атасы мен Қорғанбек

  5. Қорғанбектің жаңа етігі

  6. Қорғанбектің қуанышы

Тірек сөздер: электр бағанасы, риза пейіл таныту.



АҚТӨС
Ұялас күшіктердің арасынан төсі аппақ күшікті таңдап алып, Ақтөс деп ат қойды. Нұрлыбектің күндегі ермегі осы. Екі аяғын алға жіберіп, басын жоғары көтерген күйі, салпаң құлағын түре қарағаны таңданғаны сықылды. Есік алдындағы қыт-қыттаған тауықтарды қуып, маза бермейді. Нұрлыбек оған мәз. Ішек-сілесі қатып, еркелетеді.

–Жануарлар дүниесінен сурет салыңдар, – деген апайдың тапсырмасы Нұрлыбектің есіне Ақтөсті түсірді. Аз-кем ойланды да, шапқылап жүрген кезін салайын деп, орнынан қозғалып кеткенін өзі де байқамай қалды. Күшігі жүгіріп келіп, асыла кеткендей.

Нұрлыбек қолына қалам алды. Сәлден соң қағазын алып, төргі бөлмеге кірді.

– Әже, Ақтөстің суретін салдым!

Әжесі иіріп отырған ұршығын қасына қойды да:

– Шынында да, аумайды екен, – деді суретке қызыға қарап.

Кешкілік әкесі Нұрлыбектің дәптерін қарап отырып, суреттегі Ақтөсті көрді. Жазу дәптерін ашса, онда да Ақтөс туралы әңгіме. Оның салпаң құлақ екенін, орынсыз үрмейтінін жазыпты.

– Бұл бала сонда Ақтөсті зерттеу үшін оқып жүр ме? – деді әкесі қабағын шытып. – Мектептің бағдарламасы да қиын, игере алмай, бір күні бізді ұятқа қалдырар.

– Е, бала да тәйірі, – деді папасы. – Сен хоккей, футбол болса теледидар алдынан кетпейсің ғой...

– Сабақтан нашарлап кетсе ше?

– Ешнәрсе етпейді, есі бар Нұрлыбектің. Ақтөсін таза ұстайды. Сабақ оқыса күшігі кедергі жасамасын деп, жіпке байлап қояды. Осының өзі ақылы барлығын аңғартады емес пе?!

Әкесі уәжді сөзге тоқтады.

Күндер өтті. Ақтөс те үлкейді. Сонда да еркелеуін қойған жоқ. Күн сайын Нұрлыбекпен біргемал өрісіне шығады. Бірінші болып ауылға жетеді. «Мал келе жатыр» дегендей, қашан үйдегі үлкендер малдың алдынан шыққанша үруін қоймайды.

Нұрлыбектің әкесі де Ақтөстің мінезіне әбден қаныққан. Малды байлау үшін қораға қарай беттейді. Ақтөс болса, қос жанары жарқылдап, соңынан еріп барады. (252 сөз)


Мазмұндау жоспары:

  1. Ұялас күшіктер

  2. Нұрлыбектің ермегі

  3. Апайдың тапсырмасы

  4. Әкесінің уәжді сөзге тоқтауы

  5. Ақтөстің еркелігі, мінезі.

Тірек сөздер: хоккей, футбол.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет