Мазмұны I шағатай ұлысының ҚҰлауымен, орнына қҰрылған екі дербес мемлекеттің ҚҰрылуы


III «Әмір Темірдің Баязидке қарсы соғысы» тақырыбын тарих курсында оқыту әдістемесі



бет12/21
Дата07.01.2022
өлшемі413,8 Kb.
#19371
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
III «Әмір Темірдің Баязидке қарсы соғысы» тақырыбын тарих курсында оқыту әдістемесі

3.1 Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі

Қазір, ұлттық болмысымызда сезініп , біздің де ертеден келе жатқан халық екенімізді, рухани құндылықтарымызды асқақтата айшықтауда Қазақстан тарихы пәнінің орны ерекше. «Салынған жол, тұрғызылған ғимарат, тіпті ең озық ғылыми жаңалық саналатын жаңа технологияның өзі жыл сайын тозады, ескіреді, ал бабаларымыз айтқандай, ешқашан азбайтын , тозбайтын , керісінше уақыт өткен сайын сан қырынан жарқырап , ұрпақ санасына шүғыла шашатын мәңгі өлмейтін құдіретті күштің аты - ғылым мен мэдениет. Ендеше сол ата-бабаларымыздың тарихи – мәдени мұрасын бірлесіп түлетейік» деді еліміздің Президенті Нұрсүлтан Назарбаев Ұлттық Кеңестің отырысындағы сөзінде.

Жергілікті жер материалдарын сабақта пайдалану әдістері.

Оқылатын материалдың зандылығын ашумен қатар оқушының білімге құштарлығын оятып, оның шығармашылыкпен жұмыс істеуіне жол салады. Сонымен бірге өлке-тану жұмыстарын пән аралық байланыстарды, дүниені танып білумен қатар қоғамдық пайдалы қызметпен айналысу міндетін де шешеді.

Өлкетану жұмыстарымен айналысу үшін мұғалім оку жоспарына сай зерттеу объектісін, жұмыс түрі мен әдістерін тандап, оған үнемі басшылық жасайды. Өлкетану - ғылыми ізденімпаздық қабастайтын, накты жол.

Іздену, оқып үйрену барысында оқушылар белсенділік танытумен қатар бүтіндей оку материалын меңгереді, білімдерін, танымдық іс-әрекеттерін күнделікті емірде пайдаланумен қатар болашақта қажетіне жаратады.

Өзі туған өлкесі туралы оқып үйрену тарихи ұғымдарды қалыптастыра-ды, өлке тарихын сабақта, әсіресе, тәрбиелік шараларда пайдалану қандай ғанибет!

Қорыта келгенде еже тарихы туралы материалдар тарих мұғаліміне сабақ құндылығы мен нақты деректер, цифрлар, кернекіліктер түрінде кемекші құралболаалады.

Оқыту үрдісінде өлке тануды 2 жағдайда пайдалану қажет.

1. Оқытуда - өлкетану материалының мәні мен мазмұнын оқу программасына сәйкестендіру.

2. Бағдарламадан тыс - (мектеп ішілік тәрбие жоспарының мазмұнымен үйлестіру).

Жан-жақты зерттелген өлкетану материалдары музей қорын толықтырса келесі сатыда әрбір оқушының қоғам өміріне араласа алатындай дағдысына да жетекші бола алады, өйткені жұмыс ұжымдық түрде атқарылады, ортақ қызығатын істердің пайдалылығы, өз ісінің біреуге қажеттігін сезіне алатын жауапкершілік қальттасады.

Сабақ өткізу барысында өлкетану материалын пайдалану басшылығына:

1. Өзіңдік тарихы жоқ өлке болмайды. Барлық материалдар кездесу, сұрау, іздеу арқылы еңбекпен жиналады. Сондықтан оларды өте мұхият сақтау қажет.

2. Міндетгі түрде картотекалар қорына фактілер, цифрлар, хронологияларды тақырыпқа сай тіркеп отыру керек.

Өлкетану сабақтарының методикалық негізі.

1. Тарих сабақтарыңда адамдар өмірдегі шынайы фактілерді пайдалану сабақ шеңберіңде ғана емес, оқулықты, кейде толық курсты да қамтып кетуі мүмкін, ол туған елкеге деген сүйіспеншілік сезімін оятумен қатар, өз ата-бабаларын мақтан етуге, яғни адамгершілік сезімін де оятып, Отанғадеген махаббат сезімін де қалыптастырады.

2. Тарихи оқиғалардың дұрыс, бұрысын замана қателіктері мен жетістіктерін бағалауға үйретуде жергілікті жер туралы материалдың маңызы зор. Тәжірибелі мұғалім ретіңде мен мынаны дәлелдейаламын.

3. Өлке тарихы туралы материалды сабақта пайдаланған мұғалімнің әңгімесі білімге айрықша сенімділік береді, дәлдік береді, оқушының пәнге деген қызығушылығын қалыптастырумен қатар, тарихи оқиғаларды жергілікті фактілермен салыстыру арқылы сол тақырыпты есіңде қалдырады.

4. Материалдарды сабақта пайдалану үрдісі сан алуан. Мысалы бір фактілерден сабактың негізгі белігін толыктыратын ауқымды суретгеулер-ге дейін қамтуға болады.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде әлеуметтік, саяси және жаңа технологиялық өзгерістер білім мен тәрбие жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеруде. Осыған орай, қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді. Өйткені еліміздің болашағы, оның материалдық және рухани дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты.

Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуына өзі күнбе-күн өмірден сезінетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негізгісі – қазақ халқының ұлттық-мәдени құндылықтары. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз-ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең-жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар, баға жетпес асыл қазына.

Мектепте оқытылатын тарих пәнi өзiнiң негiзiн тарих ғылымынан алады, ал ол ғылымның аса маңызды салаларына жатады. Кез келген өркениеттi, дамыған елдер өз мемлекетiнiң барлық азматтарын тарихи бiлiммен қаруландыруға ұмтылады және оны алдымен өз халқының, өз елiнiң тарихын оқытып үйретуден бастайды.

XX ғасырдың 40-50 жылдары Кеңес елiнде, Қазақстан мектептерiнде тарихты оқытуда соғыс жылдарында КСРО тарихының Кеңес дәуiрiн оқытуға, әскери-патриоттық, интернационалдық тәрбиеге, елiмiз халықтарының бостандық, тәуелсiздiк үшiн жүргiзген күресiне, осы жолда халықтар арасында қалыптасқан ынтымақтастық пен достықты көрсетуге ерекше мән берiлдi.

Жеткіншектерді отансүйгіштік рухта тәрбиелеуде мұғалiмнiң рөлi көрнектi орын алып отырғаны баршамызға аян. Себебi келешек ұрпақтың бiлiмдi, тәрбиелi және Отансүйгiш азамат болып шығуы мұғалiмдердiң өнегелi де өнерлi iсiне байланысты.

Баланың дүниеге көзқарасын, оның сенiмiн, адамгершiлiк қасиеттерiн тәрбиелеу үдерісiнде, бiлiм беру мен оқыту кездерiнде негiзгi рөлдi мұғалiм атқарады. Сондықтан да сабақ үстiнде жүрiп жатқан саяси-идеологиялық бағытты, сол сәтте ешкiм де өзгерте алмайды, себебi сол идеялық бағытты сабақ үстiнде анықтаушы – мұғалiм. Сабақтың барлық жүйесi ғылыми негiзде жүргендiктен, оқушының санасы сол тәрбие үдерісiнiң негiзiнде дамиды. Бала дүниеге белгiлi бiр қалыптасқан сана-сезiммен келмейдi. Себебi сана ең алдымен – қоғамдық жемiс, сол адамның қоғамдық өмiрiнiң барысында пайда болып дамиды. Атап айтқанда, баланың және оның санасының қалыптасуы өзi өмiр сүрiп отырған ортасы мен табиғатқа қатынасы арқылы пайда болады.

Оқушының санасы өздiгiнен пайда болмайды, ол тек қана ата-анасы мен мұғалiмдердiң тәрбиесi арқылы қалыптасады. Сондықтан мұғалiм өз мамандығының патриоты, ұйытқысы болу керек. Мұғалiм шәкіртті тәрбиелеп, бiлiм беруде сол оқушы жанының инженерi де, оларға адамгершiлiк қасиеттi ендiруде мүсiншi. Ол өз iсiнiң шеберi бола отырып, жоғары мәдениеттiлiгiмен оқушы мен ата-анасының сезiмтал досы болуы керек.

Тәжiрибелi және iсiне шебер мұғалімдер өз тәжiрибесiне сүйене отырып, өзi оқытатын пәндi бiлiп қана қою жеткiлiксiз екенiн мойындайды. Себебi мұғалiмдiк мамандықтың ерекшелiгi сол – ол оқушыға пәннiң мазмұнын баяндау кезiнде ғана тәрбиелiк ықпал жасап қана қоймай, сабақ үстiнде берiлетiн нұсқау, ақыл-кеңестерге қоса, өзiнiң өнегесi және iс-әрекеттерi арқылы, жеке басының қасиеттерi негiзiнде оқушыға ықпал жасауы керек.

Мұғалiм оқушы алдында беделдi, өнегелi болса, ондай адам оқушының ойында мәңгiлiк сақталады. Сондықтан да мұғалiм өзiнiң сол пән бойынша бiлiмiн дамытып, сабақтың әдiс-тәсiлдерiн арттырумен қатар өзiнiң мiнез-құлқына, сырт пiшiнiне де ерекше көңiл бөлгенi жөн, себебi оның мектепте, мектептен тыс кездердегi тәртiбi мен iс-қимылдары жүздеген көздердiң бақылауынан өтiп жатады.

Қоғамды демократияландыру және бiлiм берудегi реформаларды тереңдету жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамытуда, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыруға, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы интеллект деңгейін көтеруге септiгiн тигiзедi.

Қоғамдағы түбегейлi өзгерiстер – бiлiм беру жүйесiнде, соның iшiнде мектепте Қазақстан тарихынан бiлiм беруде, жастарды азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу, жаңа адамды қалыптастыру, дамыту және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу қажеттiлiгiн жүзеге асыруды талап етедi. Отан тарихын оқытуда оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, олардың бiлiктерi мен шеберлiктерiн (iскерлiгiн) қалыптастыру, өздiгiнше бiлiм алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжiрибесiнде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой-пiкiрiнiң дербестiгi мен еркiндiгiн кеңейту – өте маңызды мәселелер болып табылады. Тарихты оқытуда оқушылардың белсендiлiгiн, өздiгiнше атқаратын ой-еңбегiн арттыруда оқушылардың өздiк жұмысы ерекше орын алады.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан тарихын оқып үйрену, бұл – тәуелсiз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзiнiң арғы-бергi тарихи жолын ой елегiнен өткiзiп, «Кеше кiм едiк? Бүгiн кiмбiз? Ертең кiм боламыз?» деген төңiректе ойлансын» деген болатын.

Бұл – әрбiр азамат туған елiнiң, туған халқының тарихы ешкiмнен де олқы еместiгiн түсiнсiн деген сөз.

Бұл – әрбiр азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзiнiң ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердiң лайықты мұрагерi болуға ұмтылсын деген сөз.Қазақстанда тұрақты тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. Адамның жақсы, бақытты өмiр сүруi көп жағдайда Отанға деген сүйiспеншiлiгiне байланысты. Отанын сүйе бiлген, Отанын көркейту үшiн аянбай еңбек еткен адамда бәрi де: үй-жай да, құрмет те, қызмет те, алға жетелейтiн шексiз арман да болады.

Отансүйгіштік – адамның өзінің туып-өскен өлкесіне деген сүйіспеншілігімен қоса, үлкен достық жанұя құрайтын жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендеп отырған біздің ұлан-байтақ Отанымызға деген сүйіспеншілік. Әр адамның Отанға деген сүйіспеншілігі осы жерде тұратын барлық адамдарға деген достық пен туысқандық сезімімен біртұтас болып табылады. Оқушыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу нәтижесінде қандай ұлттың өкілі болмасын өзін біртұтас көп ұлтты мемлекеттің – Қазақстан Республикасының азаматымын деп сезінеді, Қазақстан Республикасының азаматы болуды өзіне тиген зор бақыт және үлкен жауапкершілік деп түсінеді. Отанға деген сүйіспеншілік әрбір оқушының белсенді өмірлік ұстанымымен ұласса ғана іс-әрекетке айналады. Сондықтан оқушылардың алғашқы әскери даярлық курсының білімді жақсы меңгеруінің өзі Отанға пайдалы талпынуының белгісі болып табылады.

Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжаңдылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды» - дейді.

Өйткені ол бүкіл адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған тәжірибесін баяндайды. Тарихты білу - өзінің, отбасының, әулетінің, туып-өскен өлкесініңтарихын білуден басталады. Өзініңтегін, оныңтарихын білмеген адам өз халқының тарихин білуге ұмтылмайды. Мұңдай адам басқа халықтарды, оның тарихын, тілін әдет-ғұрпын кұрметтемейді, сыйлай да алмайды. Осыңдай жағдай болмау үшін оқушыларды туған өлкенін тарихын зерттеуге кызықтыру, белсене қатыстыру кажет. Мектепте өлкетану жұмыстарын жүргізу, жиналған материалдарды тарих сабақтарыңда пайдалану өте маңызды.

Мемлекет атынан қабылданған гуманитарлық білім беру, тарихи сананы қалыптастыру туралы тұжырымдамаларда көрсетілген негізгі бағыттар тарихты оқытуға нақты көмек болды. Мектепте тарих пәнін оқытуды жақсартуға бағытталған маңызды іс-өлкетануды балаларға үйрету деп ойлаймын.

Туған өлке материалы бағдарламадағы негізгі материалға қосымша болып есептелінеді. Ол ешқашан бағдарлама материалын ауыстыра алмайды. Туған өлке материалы өтіліп жатқан тақырыпты нақтылау үшін, оқушының өзіне таныс болған жақын өмірден мысал келтіре отырып, тарих сабағын қызықтыру үшін пайдаланылады. Сабақ барысында өлкетану тарихын оқытуға көп уақыт бөлуге болмайды. Сондықтан да сабақтан тыс факультатив сабақта, үйірмеде оқыту керек. Сабақ барысында Жанпейсованың модульды технологиясын тиімді пайдалануға болады. Өлкетану материалы таныс болғандықтан, олардыңтүсінуіне қиындық келтірмейді.

Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, Қазақстан тарихының маңызын аңғартып, Өлкетану материалдарын пайдаланудың маңызы зор. Аймақтық компененттерді оқыта отырып, сабақ барысында олардға тоқталудың мәні ерекше. Сабақ барысында аймақтық компоненттерге тоқтала отырып, олардың маңызын аңғарту бүгінгі маман парызы. Осыған сәйкес, қазіргі таңда дін тұрғысына көз салғанда Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізіледе.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет