Мазмұны: Кіріспе 1 Режиссура саласының физика заңдылығымен ұқсастығы


Энергия(E) – материя қозғалысының әртүрлі формасының жалпы өлшеуіші. Масса



бет2/6
Дата30.07.2023
өлшемі243,37 Kb.
#104923
1   2   3   4   5   6
Энергия(E) – материя қозғалысының әртүрлі формасының жалпы өлшеуіші.
Масса(m) – материяның инерциялық және гравитациялық қасиетін анықтайтын физикалық шама.
Жарық жылдамдығы(c) – кез келген электрмагниттік толқынның бос кеңістіктегі таралу жылдамдығы.
Масса-энергия эквиваленті (ағылш. Mass–energy equivalence) – физика заңы болып табылатын, масса мен энергия бір-біріне тікелей қатысты болады, массаға ие кез-келген зат тең шамадағы энергияға ие болады.
Бұл формула заттың энергиясын (E) массасына (m) жарық жылдамдығының (с) квадратын көбейту арқылы есептеуге болатынын айтады. Сол секілді, энергиясы бар кез-келген заттың массасын (m) оның энергиясын (е) жарық жылдамдығының (с) квадратына бөлу арқылы табуға болатынын көрсетеді. Күнделікті бірліктерде жарық жылдамдығы үлкен сан болғандықтан (шамамен 3 × 108 м/с), бұл формула тыныш күйдегі массасы орташа күнделікті қарапайым заттың ішкі энергиясы аса зор болатынын білдіреді. 
Химиялық реакциялар, ядролық реакциялар және басқа да энергия ауысымдары физикалық жүйенің бірбөлім энергиясын және қатысты массасын қоршаған ортаға жоғалтуына себеп болады, мысалы, энергиясын жылу энергиясы ретінде, немесе радиациялық энергия (жарық секілділер) ретінде шығарады.

1.3 E = mc² формуласын театрмен байланыстыру.




M = актердың өз өзімен жұмысы. Берілген рольді толықтай санасына сіңіруі. Образдың дәнін көре білуі.
С = әртіске әсер ететін факторлар, яғни режиссермен жұмысы және неше түрлі, жан-жақты тренингтер (нормадан 2 есе артық жұмыстануды талап етемін).
E = mc²
Осы формула толыққанды бір теңдікке ие болғанда яғни, актердің өз өзімен жұмысы(m), режиссермен тыңғылықты, тұрақты түрдегі дайындығы(с) қатар жүргенде ғана, композициясы жүйелі, инсценировкасы көрерменнің санасында орын алатын дүние шығаруға болады деп ойлаймын.
Интеллект, интуиция, инвестиция(рухани), қызығушылық (интерес) = Энергия(Е)
Осы төрт құралды бойына сіңірген режиссер ғана театрда табысты болады деп ойлаймын. Өйткені оның қойылымдарында энергетика басым болады. Ал мен үшін қойылымның энергиясы басты мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет