Мазмұны: Кіріспе 1 Режиссура саласының физика заңдылығымен ұқсастығы



бет4/6
Дата30.07.2023
өлшемі243,37 Kb.
#104923
1   2   3   4   5   6
Эйбл және Бэйкер
Эйбл және Бэйкер – ғарыш снаряды бортындағы биокапсулада ұшырылған екі маймыл. Эйбл-американдық макака болса, Бэйкер перулік тиін тәрізді маймыл болды. Эйбл және Бэйкер – ғарышқа ұшуда тірі қалған ең бірінші маймылдар. Эйбл ұшудан төрт күннен соң медициналық операңия барысында өлді, ал Бэйкер Алабамадағы Ханствиллде АҚШ-тың Ғарыш және Зымыран орталығында өмір сүрді. Ол 1984 жылы өлді.
Хэм-астрономиялық шимпанзе
Хэм ғарышқа ұшырылған бірінші адам тәрізді маймыл болды. Ол ұшу үшін қысқа тізімге енгізілген 40 шимпанзе ішінен таңдалды. 1961 жылдың 31 қаңтарында ұшырылды. Ұшу 16 минут 39 секундқа созылып, капсула Атлант мұхитына құлады. Хэмді құтқару тобы судан табысты түрде шығарып алды. Хэмнің ұшуы кейін Енос шимпанзе жалғастырды. Енос Жерді сәтті айналып шықты[3].
Осы уақытта Совет үкіметі адамға ұқсас жануар емес, көрсеткен бағыт бағдарды жылдам ұғып алатын жануар таңдаған болатын.
Ғарыштағы алғашқы иттер
Ғарышқа иттерді алғаш рет Кеңес Одағы ұшырды. 1951 жыл мен 1952 жылдар арасында тоғыз ит жұптарымен ұшырылды. Үш ит екі реттен ұшқан. Иттер парашютпен қайта оралатын герметикпен бекітілген контейнерлергде болды.
Лайка-орбитаға жеткен ең бірінші жануар. Оны 1957 жылдың 3 қарашасында Кеңес Одағы әлемнің екінші жасанды серігі – «Спутник-2»-нің бортында ұшырды. Лайка кабинасына телевизиялық камералар мен айналадағы температура мен қысымды өлшейтін сенсорлар орнатылды. Сенсорлар, сонымен қатар Лайканың қан қысымын, тыныс алу жиілігін және жүрек соғысын өлшеп, микрогравитация әсерін зерттеуге арналды.
Қай мемлекет дұрыс шешім қабылдағаны айтпасақ та белгілі. Соның нәтижесінде:

2.2 Юрий Гагарин – ғарыштағы ең бірінші адам.




Ғaрышқа сапар жасаған ең бірінші адам, КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері Юрий Гагаринді әрқайсысы мектептен біледі. Гагарин – ғарышты көрген ең тұңғыш адам. Ұлы ғарышкер тек КСРО халқы үшін ғана емес, шетелдік қалалардың құрметті азаматы болған халықаралық қоғам қайраткері. Юрий Алексеевич ғарышты зерттеудің жаңа парағын ашып, кеңестік ғылым мен авиация дамуының символы болған ұлы ғарышкер, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Юрий Гагарин Луостариде қызмет етіп жүрген кезінде КСРО-ның әуе күштерінің ғарышқа ұшқысы келетін еркітілер таңдап жатқанын естиді. Осыған байланысты, ол өзін кандидат ретінде есептеуін сұрап, басшылыққа хат жазады.
Сол кезде ғарыштық жобаны тамаша инженер-конструктор Сергей Королев басқарды. Ол қатысушыларды тек дағдыларына немесе еңбегіне қарап емес, физикалық деректеріне қарап таңдады. Іріктеу бойынша, болашақ ғарышкердің бойы 170 см-ден аспауы керек болды, ал салмағы – 70 келі болуы керек еді. Өйткені, алғашқы зымырандардың, соның ішінде «Восток» ғарыш кемесі шағын және ауыр салмаққа арналмаған болатын. Осыған байланысты Гагарин лайықты үміткер болды. Кезінде, бұл мансапқа келуіне кедергі болған бойы, осы жолы Юрий Гагариннің бақытты билетіне айналды. Осылайша, ол 165 см боймен және 68 келі салмақпен ғарышқа алғаш ұшатын 20 үміткердің қатарына кірді.
1960 жылдың көктемінде Гагарин басқа кандидаттармен бірге арнайы жабдықталған базада жаттыға бастады. Қатысушылардың әрқайсысы ғарышқа тұңғыш жол салушы болуды армандады.
Үлкен бәсекелестікке қарамастан, Юрий барлық қарсыластарын жеңе алды. Ол ешқашан ешкімге қызғанып қарамаған және барлық адамдармен адал болды. Көп ұзамай кандидаттар анонимді сауалнамаға қатысып, әрқайсысы ғарышқа ұшуға лайық ең үздік үміткерді атауы керек болды. Бір қызығы, барлық қатысушылар ғарышқа ұшуға лайық адам деп Юрий Гагаринді атаған.
Ол топта көшбасшы болмаса да, ғарышкерге тән бірқатар қасиеттерге ие болды және психологиялық тұрғыдан өте тұрақты болды. Яғни, Гагарин ең қиын сәтте де кез-келген жағдайды айқын бағалауға және дұрыс шешім қабылдауға қабілетті болатын. Королев осыған байланысты да Гагаринді таңдады. Юрийдің кандидатурасының мінсіз болғаны, ол славяндық айқын сырт-келбетпен және мінсіз өмірбаянымен ерекшеленді.Оның үстіне, Юрий Гагарин шаруа отбасынан шыққандықтан, идеологиялық тұрғыда да ғарышқа ұшуға лайықты болды. Себебі, бұл жағдайда бүкіл әлемдік қоғамдастық Кеңес Одағында тіпті, қарайым адамның өзі ғарышкер бола алатынын білер еді.
Юрий Гагариннің анасы сұхбаттардың бірінде, ұлының Королевтің көңілінен шыққан себебі, ол барлық мәселелер бойынша онымен адал болды деген болатын. Бірде, центрифуга туралы тақырып қозғалған кезде, Юрий онда өзін нашар сезінетінін айтқан екен. Ал, басқа қатысушылар болса, центрифугадағы жүктемелерді жақсы еңсере алатындарын мәлімдеген. Сонда Королев бұл жігіттің өзінің әлсіз тұстарын және кемшіліктерін адал мойындағанын түсініп және оның бұл шыншылдығын бағалады.
Себебі, ғарыштық бағдарламаның жетекшісі үшін ғарышкерден ашық жауап алу өте маңызды болды. Ұшқыш кез-келген жағдай туралы шынайы мәліметтерді хабарлауы керек еді. Өйткені, әңгіме ғылым үшін бұрын-соңды болып көрмеген батылдық жайлы болды – адамның жер шегінен тыс ашық кеңістікке шығуына әрекет жасауы. Сондықтан қате факторлар болмау керек болатын.
Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен алғаш ғарышқа көтерілгенде елеулі қауіптер болды. Ел басшылығы зымыранның барынша жылдам іске қосылуын талап еткендіктен, құрастырушылар оны толығымен жабдықтап үлгермеді. «Восток» зымыранында жұмсақ қондыру және авариялық-құтқару жүйелері жоқ болған еді.
Бірақ, соған қарамастан 1961 жылы 12 сәуірде Мәскеу уақыты бойынша сағат 09:07-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан көптен күткен ұшу орындалды. Гагарин зымыран көтерілер алдында: «Кеттік!» – деп айқайлады. Ал көп ұзамай алғашқы техникалық ақаулар туралы хабарлар келді. Сөйтсе, зымыран есептелген нүктеден 100 шақырымға жоғары көтеріліп кеткен. Егер тежеу жүйесі істен шығып кеткенде, онда Юрий Гагарин Жерге бірнеше аптаның ішінде оралуы мүмкін еді.
Осы уақыт ішінде ол әуеде көз жұмуы мүмкін болды, себебі кемеде азық-түлік шектеулі болған. Ғарышта 2 сағаттай қалықтаған Юрий Гагарин Жерге қиындықтармен қонды. Бір қызығы, «Восток» кемесі белгілі бір ауытқуына байланысты жоспарланған жерге қонған жоқ. Алайда, ең бастысы, Юрий Гагарин қайткен күнде де ғарышта болып қайтты және Жерге аман-есен оралды.
Сондай-ақ, Гагарин ұшу барысында қарапайым тәжірибелер жүргізген. Ол су ішіп, тамақ жеп, қарындашпен жазды. Гагарин қарындашты жанына қойғанда, оның кездейсоқ бірдіндеп қалықтап бара жатқанын анықтады. Осыдан Гагарин ғарышта қарындаштар мен басқа да заттарды байлап қою керек деген қорытындыға келді. Сөйтіп, ол көргенінің бәрін магнитофонға жазып отырды.
Мұнда тағы бір қызықты фактіні атап өту керек. Әңгіме мынада: адам баласы ғарышқа алғаш ұшқанға дейін, адам психикасының ғарышта қалай әрекет ететіндігі әлі белгісіз болатын. Сондықтан, алғашқы ғарышкер зымыранды басқармай немесе жабдықты бүлдіріп тастамауы үшін арнайы қорғаныс қамтамасыз етілді. Ал ғарышкер қолмен басқару тетігін қосу үшін математикалық тапсырма жазылған жабық конвертті ашып, басқару панелін құлыптан босату коды болатын шешімін табуы керек болды.
Ғарышқа сәтті ұшып келгенінің арқасында, Юрий Гагарин бір сәтте әлемге танылып, жұлдызға айналды. 1961 жылы 14 сәуірде №1 ғарышкердің құрметіне керемет мереке ұйымдастырылды. Барлық кеңестік қалалардың басты көшелерінде қуаныштан көз жасын ұстай алмаған көптеген бақытты адамдарды кездестіруге болатын. Ал теледидарда дикторлар өз отандастарының ерлігі туралы үздіксіз әңгімелеп жатты. Сонымен қатар, АҚШ іс жүзінде ғарыштық бәйгеде КСРО-дан жеңілгенін мойындады. Қысқасы, сол уақытта Кеңес халқы шынайы масаттанып, жетістікке жеткендерін мақтаныш тұтты.
Ғарышқа ұшқан алғашқы адам: Юрий Гагариннің өмірбаяны.
Оның үстіне, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына небәрі 16 жыл өткен соң, кеңес ғылымының осындай үлкен секіріс жасағаны таңғаларлық жайт болды. Алғашқы адам ғарышқа сәтті ұшып келгеннен кейін Юрий Гагариннің өмірбаянында барлығы түбегейлі өзгерді. Оған майор атағы берілді, ал Гагариннің өзі түрлі мемлекеттерге «Әлем миссиясымен» сапарға аттанды. Юрий Алексеевич қайда барса да, оның келуі нағыз мереке болатын. Бір қызығы, Гагаринмен әңгімелесу бақытын сезінген барлық адамдар оның қарапайым, әдепті және позитивті адам екенін айтқан. Айта кету керек, Юрий Гагариннің жеке қасиеттері мен табиғат берген сымбаттылығының арқасында Кеңес Одағы өзінің әлемдік имиджін нығайта алды.
1957 жылы Юрий Гагарин ұшуды басқару орталығының медициналық бөлімінде жұмыс істейтін Валентина Ивановна Горячева есімді бойжетке үйленеді. Бақытты некеден 1959 жылы Елена және 1961 жылы Галина есімді қыздары дүниеге келді. Юрий Гагариннің қайғылы өлімінен кейін де, Валентина күйеуіне адал болып, екінші рет тұрмыс құрмады.
Ғарышқа ұшқан алғашқы адам: Юрий Гагариннің өмірбаяны
Өкінішке орай, 1968 жылы 27 наурызда жоспарлы рейс кезінде УТИ МиГ-15 ұшағы апатқа ұшырап, әуе кемесінде болған даңқты ғарышкер Юрий Гагарин мен нұсқаушы Владимир Серегин қайғылы жағдайда қаза болды. Кейіннен ұшқыштардың мәйіттері өртеліп, күлі сауытқа салынып, Кремль қабырғасына жерленді.
Біраз уақыт өткен соң ғарышқа алғаш ұшқан ғарышкер мен нұсқаушының қазасына қатысты жүргізілген тергеу барысында апаттың бірнеше нұсқасы ұсынылды. Көптеген сарапшылар экипаж күрделі метеорологиялық жағдайларда өткір маневр жасау нәтижесінде апатқа ұшыраған деген қорындыға келді. Оның үстіне айта кететін бір жайт, ұшқыштардың қанынан бөтен заттар табылған жоқ[5].
Мен бұл мысал арқылы, рольге бөлген кезде кейіпкерге жай ғана табиғаты ұқсас әртісті емес, ішкі жан дүниесі ұқсас, кейіпкердің бастан кешкен оқиғасын өз өмірінде көрген немесе кешкен, сезімталдығы жоғары, жұмыс жасауға ыңғайлы әртісті таңдар едім. Өйткені мен режиссер ретінде АҚШ тың қателігін қайталағым келмейді яғни спектакль қойған кезде пьесадағы кейіпкерге тек түр әлпеті, табиғаты келетін актерді емес, саналы, жұмыс жасауға жағымды, алғыр актерді таңдар едім. Одан бөлек, әртістермен өмір жайында әңгіме айтып олармен жақын дос болғым келеді. Өйткені ол мен жарыққа шығаратын қойылымымның себепкері, тікелей қатысушысы. Театр- өмір. Ал ұжым бір отбасы болу керек деп ойлаймын.

2.3 АҚШ-тың қателігі.


С онымен қатар совет үкіметінің бұл сайыста жеңіске жетуіне тағы бір үлкен себеп бар. 1957 жылдан бастап АҚШ публикамен ашық жұмыс істеді, яғни әрбір жасап жатқан іс әрекетін халықпен бөлісіп отырды. Имиджға жұмыс жасады. NASA ұйымын құрып, Меркурий жобасын бастады. Ғарышқа ұшпай енді дайындық барысында жүрген ғарышкерлерді халық қаһарманы қылып тастады.


1959 ж. «LIFE» журналы ғарышқа әлі ұшпаған ғарышкерлермен эксклюзивты келісім шартқа отырды[6].
Осы уақыт аралығында Совет үкіметі ешкімнің аяғы баспаған адам жаны біле бермейтін қазақ даласынан үлкен космодром ашқан болатын, оны Байқоңыр деп атады, барынша құпия жұмыс жасады. Ғарышқа кім ұшады, қалай ұшады бәрі белгісіз бір тылсым болып көрінді, яғни белгілі бір нәтижеге жетпегенше өздерін жарияламады.
Бұл жағдайды да театрмен тікелей байланыстыра отырып өзімізге керек біраз ой түюге болады деп ойлаймын. Демек, белгілі бір нәтижеге жетпейінше, қорытынды сәттің дәмін әртістерге сездірмеу керек. Аз сөйлеп, көбірек жұмыстану қажет. Сәтсіздіктен сескенбей, қателіктен сабақ алып, қозғалыста болу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет