Қорытынды
Қазіргі заман талабына сай әрбір театрда маркетинг, имидж болғаны жақсы, дегенмен балансын сақтай білу өте маңызды. Өйткені заман қалай, театр сондай болады. Қоғамды өзгерткіміз келсе, сахнаны ретке келтіру керек. Иллюзиядан шығатын уақыт келген секілді. Бес тиынға керегі жоқ жасанды пафостан, кейіпкер сынды образдан құтылудың амалын іздейтін уақыт келді. Қарапайымдылық пен шынайылық модаға еніп жатыр. Өмірді күрделендірмей, жан дүниемізбен қазақ театрының алға қарай дамуына ат салысуымыз қажет.
Періште секілді, жағымды кейіпкердің маңында құрылған ертегі іспеттес пьесалардан арылатын уақыт келген секілді. Пендешілікпен тәңіршіліктің балансын сақтап отырып қана, көрерменнің көңілінен шығуға болады деп ойлаймын.
Рефератымды қорытындылай келе, жалпы режиссура саласын жәй ғана шығармашылық мекені, қиялдын шексіз әлемі, сезімталдықтың ордасы деп қана емес. Режиссураны ұлы ғылым, кез-келген саламен ұштасатын қасиетті мекен, жауапкершілікті талап ететін үлкен педагогикалық сала деп қарадым.
Театр – өмір. Театр – жұмыс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. https://news.rambler.ru/other/41101811-zachem-eynshteyn-pokazal-yazyk/
2. https://kk.gov-civ-guarda.pt/albert-einstein
3. https://kk.wikipedia.org/wiki/Басты_бет
4. https://biblioclub.ru/index.php?page=author_red&id=152324&contrast=1
5. https://stan.kz/garyshka-ushkan-algash-adam-yuriy-gagarin/
6. https://youtube.com/@Vladimir_Loginov
7. https://life09.kz/ru/news/novosti/umer-kazakhstanskiy-rezhisser-bolat-atabaev
8. https://qazpolit.org/kz/atabayev-bulat
9. https://www.azattyq.org/
10. https://www.azattyq.org/
Достарыңызбен бөлісу: |