Интеллект – жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Интуиция – қарастыру, көру, аңдау сонымен бірге рухани көру, ұғыну, шабыттану, түсіну. Ақиқатты дәлелсіз тура нақты қабылдау қабілеті.
Инвестиция – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдін материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатсын инвестициялық қаражат.
Режиссер өзіне, фантазиясына, өнеріне, біліміне рухани инвестиция құя білуі қажет. Жаңа білім алудан жалықпай, әрдайым ізденісте болу.
Энергиямен органикаға толы қойылымның формуласы осы «E = mc²».
2 Репетицияның ғарыш ғылымымен байланысы
2.1 Әртістерді рөлге бөлу(АҚШ пен Совет үкіметі арасындағы бәсеке)
Мен бұл мәселені адамзаттың ғарышқа ұшу ғылымымен байланыстырғым келіп отыр.
Режиссер пьесаны оқып, толықтай инсценировкасын жасап біткен соң, сондағы кейіпкерлерді қиялымыздан құрастырып ойша образ жасаймыз. Қиялдағы образды дүниеге алып келу үшін барынша сәйкес келетін әртіс таңдағымыз келеді. Осы жерде сұрақ пайда болады. Түр әлпеті, табиғаты, типажы келетін әртіс тандаймыз ба? Немесе, ішкі энергиясы, жұмыс қабілеті жоғары, алғыр образ таңдаймыз ба? Осы жерде мысал келтіргім келіп отыр:
Өткен ғасырдын 50-60 жылдары Совет үкіметімен АҚШ арасында үлкен бақталастық орын алған болатын. Космосқа кім бірінші ұшады? Әр мемлекет өздігінше дайындық бастап кетті. Әлі зерттелмеген мекенге адамды аттандыру үлкен қателік екенін екі мемлекетте анық білген болатын. Адам орнына жануар жіберу таптырмас шешім болды. АҚШ мемлекеті адамзатқа барынша ұқсас жануарды дайындау дұрыс шешім деп қабылдады.
Альберт 1,2 және 3. Альберт 1 мен 2 – ғарышқа ұшырылған екі макака маймыл. Альберт1 1948 жылдың 11 маусымында ұшырылды. Ол Нью-Мехикодағы Аққұмадрдан «V-2 Блоссом» зымыраны бортында ұшырылды. Ол ұшу кезінде тірі қалып, Жерге түскенде соққы әсерінен өлді. Альберт-4 1949 жылдың 12 желтоқсанында ұшырылды. Бұл ең алғашқы сәтті ұшу болып, маймылға ешқандай зиян келген жоқ. Бірақ Альберт-4 соққы әсерінен өлді.
Йорик-ғарышқа ұшыру кезінде тірі қалған ең бірінші маймыл. Йорик және оған қоса 11 тышқан ғарышқа 1951 жылдың 20 қыркүйегінде ұшырылды.