ІІІ. Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақта өтілген тақырып байынша сұрақтарға жауап алу:
Ою деген не?
Ою нені бейнелейді?
Қандай ою түрлерін білесің?
4.“Қошқармүйіз” оюы неге олай аталады?
ІҮ. Оқушы білімін бағалау.
Ү. Үйге тапсырма беру: Гүлдің суретіне немесе өзіне қарап кез-келген бір, екі ою ойып келу және сол ойған оюға ат қою.
2-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралардан аппликация. Сабақтың мақсаты: а) геометриялық фигураларды қағаздан қиюды
және оларды пайдаланып әр түрлі заттарды
жасауға болатынын меңгерту.
ә) оқушылардың саусақтарының моторикалық
ептіліктерін,ойлау белсенділігін, шығармашылық
қиялын дамыту.
б) ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, инабаттылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралардың макеттері, дайын
жасалған аппликация, үлгі-қалыптар, т.б.
Сабақта қолданылатын жаңа технология: деңгейлеп оқыту.
Пәнаралық байланыс:математика, геометрия, дүниетану, ана тілі т.б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Балалардың назарын сабаққа аудару. Қажетті заттарды түгендеу. Сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске түсіру.
ІІ. Кіріспе. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Фигураларды еске түсіру.
Ойын “ Қай топ тапқыр? ” Ережесі:әр топ өзіне берілген фигураларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру.
І топ.
І І топ.
І ІІ топ. ІІІ. Жаңа сабақ. М ұғалім фигуралардан аппликация жасап көрсетеді. (аппликация туралы түсінік өткен сабақтарда меңгертілген, практикалық жұмыс жасалған.)
Өздері қиған фигуралардан өзіне ұнаған, қалауынша аппликация жасау. Жасаған жұмыстарынан әр топ көрме ұйымдастырады.
Әр топқа өздерінің білім деңгейінің көлеміне қарай деңгейлік тапсырмалар беріледі:
1-деңгей: Үлгі қалыппен фигураларды қиып, 3-4 элементтен тұратын аппликация жасау.
2-деңгей: Үлгі қалыпсыз қиып, 3-5 элементтен тұратын аппликация жасау.
3-деңгей: Әр түрлі фигуралардан кем дегенде 7-10 элементтен тұратын аппликация жасау.
5) Ойын “ Бағдаршам” Шарты: бағдаршамның әр шамына жасырылған тапсырманы орындау керек. Үш топ өздері ұнатқан түсін таңдайды.
Қызыл - дөңгелектен қандай заттар жасауға болады?
Сары - мына үшбұрыштардан не жасар едің?
Ж асыл – Бағдаршам не үшін қажет? Ол қандай фигуралардан тұрады?