Мазмұны Кіріспе 3-5



бет1/10
Дата27.03.2023
өлшемі479,5 Kb.
#76373
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дип.-Бастауыш-мектеп-оқушыларының-еңбек-біліктері-мен-шығармашылық-қабілетін-дамыту

Мазмұны




Кіріспе---------------------------------------------------------------------------------3-5


І-ТАРАУ. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негізі.


1.1 Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек біліктерін шығармашылығын дамытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері.------------------------------------------------------------6-15


    1. Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту мәселелері.---------------------------16-22



ІІ-ТАРАУ. Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары.

    1. Еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың еңбек біліктерін қалыптастырудың жаңа технологиялары.-------------------------23-30

2.2. 2-сыныптағы еңбекке баулу пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс-тәсілдері.----------31-43


Қорытынды.--------------------------------------------------------------------------44-45




Пайдаланылған әдебиеттер------------------------------------------------------46


Қосымша------------------------------------------------------------------------------47


Кіріспе.
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған «Орта білім алу міндеттілігі» қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыруын қойып отыр.
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жа уапты да жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады…» деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі білім беру талабына орай білім 4беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуы керек.
«Орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында нықтап атап көрсетілген.
Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ісі балалардың жас ерекшелігіне
сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы , ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуі керек. Мемлекеттік күш-қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылымның , техниканың , өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың санымен анықталады. Сондықтан да баланың әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі өзекті де көкейтесті мәселе болып отыр.
Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға
ұмтылуы, ізденуі, еңбек етуге құлшынысы. Өмірге дұрыс жол табу
үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабыл
дай білуге үйренуі керек.
Осы мақсатта педагогика ғылымын дамытуға үлес қосқан ірі тұлғалы ғалымдар, философтар, педагогтар ертеден-ақ аз болмады. Аристотельдің «Жан туралы» еңбегі, Я. А. Коменскийдің «Ұлы дидактикасы», И.Г.Пестолоцци мен А.Дистервег еңбектері оқытудың негізгі теориялық мәселелеріне сүйеніп, жеке тұлға дамуы шығармашыл әрекет арқылы қалыптастыру мәселесінің маңыздылығын көтереді.
Бала шығармашылығының жантану негіздерімен тығыз байланысты
екенін психологтар да үнемі зерттеп, көптеген тұжырымдар арқылы дәлелді. Америка психологы М.Корне, орыс психологтары А.Н.Лук, В.И.Андреев, И.Л.Лернер, А.Л.Яковлевтердің еңбектері шығармашылық
қабілеттің құрамдас компоненттерін зерттеуге бағытталған.
Халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлері К.Д,Ушинский «Ана тілін оқытуға басшылық» еңбегінде, В.А.Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» еңбегінде, В.Ф.Шаталов, Н.А.Менчинская, П.П.Блонский, Я.А.Пономарев т.б. өздерінің еңбектерінде, Қазақстанда ағартушылық идеяны көтерген Ы.Алтынсарин «Таңдамалы педагогикалық мұралары», М.Жұмабаев «Педагогика», Қ.Бержанов , Т.Сабыров «Оқыту теориясының негіздері», Ж.Әбиев «Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері» т.б. еңбектерінде жастарға білім беру саласында өскелең өмір жағдайында қабілеттілікті дамытудың маңыздылығына көп тоқталады.
Адам бойындағы қабілетті дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет