Мазмұны Кіріспе 3-5


ІІІ. Сабақты қорытындылау



бет9/10
Дата27.03.2023
өлшемі479,5 Kb.
#76373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ІІІ. Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақта өтілген тақырып байынша сұрақтарға жауап алу:

  1. Ою деген не?

  2. Ою нені бейнелейді?

  3. Қандай ою түрлерін білесің?

4.“Қошқармүйіз” оюы неге олай аталады?
ІҮ. Оқушы білімін бағалау.
Ү. Үйге тапсырма беру: Гүлдің суретіне немесе өзіне қарап кез-келген бір, екі ою ойып келу және сол ойған оюға ат қою.
2-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралардан аппликация.
Сабақтың мақсаты: а) геометриялық фигураларды қағаздан қиюды
және оларды пайдаланып әр түрлі заттарды
жасауға болатынын меңгерту.
ә) оқушылардың саусақтарының моторикалық
ептіліктерін,ойлау белсенділігін, шығармашылық
қиялын дамыту.
б) ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, инабаттылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралардың макеттері, дайын
жасалған аппликация, үлгі-қалыптар, т.б.
Сабақта қолданылатын жаңа технология: деңгейлеп оқыту.
Пәнаралық байланыс: математика, геометрия, дүниетану, ана тілі т.б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Балалардың назарын сабаққа аудару. Қажетті заттарды түгендеу. Сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске түсіру.
ІІ. Кіріспе.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Фигураларды еске түсіру.

  1. Ойын “ Қай топ тапқыр? ” Ережесі:әр топ өзіне берілген фигураларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру.

І топ.


І І топ.



І ІІ топ.
ІІІ. Жаңа сабақ.
М ұғалім фигуралардан аппликация жасап көрсетеді. (аппликация туралы түсінік өткен сабақтарда меңгертілген, практикалық жұмыс жасалған.)










  1. Үлгі- қалыптарды тарқатып, түрлі-түсті қағаздан фигураларды қию.

  2. Өздері қиған фигуралардан өзіне ұнаған, қалауынша аппликация жасау. Жасаған жұмыстарынан әр топ көрме ұйымдастырады.

  3. Әр топқа өздерінің білім деңгейінің көлеміне қарай деңгейлік тапсырмалар беріледі:

1-деңгей: Үлгі қалыппен фигураларды қиып, 3-4 элементтен тұратын аппликация жасау.
2-деңгей: Үлгі қалыпсыз қиып, 3-5 элементтен тұратын аппликация жасау.
3-деңгей: Әр түрлі фигуралардан кем дегенде 7-10 элементтен тұратын аппликация жасау.
5) Ойын “ Бағдаршам” Шарты: бағдаршамның әр шамына жасырылған тапсырманы орындау керек. Үш топ өздері ұнатқан түсін таңдайды.
Қызыл - дөңгелектен қандай заттар жасауға болады?
Сары - мына үшбұрыштардан не жасар едің?
Ж
асыл – Бағдаршам не үшін қажет? Ол қандай фигуралардан тұрады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет