Мазмұны Кіріспе 3-5



бет10/10
Дата27.03.2023
өлшемі479,5 Kb.
#76373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дип.-Бастауыш-мектеп-оқушыларының-еңбек-біліктері-мен-шығармашылық-қабілетін-дамыту

ІҮ. Қорытынды кезең.
Ой толғаныс. Үш топ үш затты сипаттайды: доп, парта. сызғыш(үшбұрышты).
Ү. Оқушы білімін бағалау. Оқушылардың топтық жауаптарына талдау жасап, жеке оқушылардың еңбегін мадақтау және бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: “Менің досым” тақырыбында аппликация құрастыру және сол аппликация бойынша әңгіме құрап келу.
Осы сабақтарда жаңа технологияларды пайдаланып, сабақтың мазмұндылығы мен сапасын арттыруға болатынына көзіміз жетті.
Деңгейлеп оқытудың әсерінен төменгі деңгейдегі оқушылар келесі деңгейге өтіп. сол деңгейге қатысты тапсырмаларды орындауға ұмтылады. Шығармашылықпен жұмыс жасауға қызығып, қиялы мен еңбек іскерліктерін арттырады.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы балалардың сөздік қоры, тіл байлығы, ойлауы дамыды, байланыстырып сөйлеу қабілеті өсті.

Қорытынды.
В.Белов өзінің “Татулық” деп аталған кітабында: “Әр баланың ойнағысы келеді, яғни шығармашылықпен өмір сүргісі келеді” деген. Әр баланың бойында бар шығармашылық қабілетті оятуға, өзін-өзі түсініп, шамасын біле алуына, шығармашылық алғашқы қадамын жасап, өмірін қуанышты, бақытты, толымды етуіне көмектесу-сабақтарды әр түрлі формадаұйымдастырып соған ықпал жасау мұғалімнің шеберлігін, педагогикалық сауаттылығын талап етеді.
Қазіргі қоғамға қажетті мамандардың бойында тез бейімделетін, епті. тапқыр, шапшаң, ерекше ойлы, қабілетті, қиындықтан шыға алушылық, аадамдармен тіл табысқыш қасиеттердің барлығы да шығармашылық жолдан бастау алады.
Адамның шығармашылық қабілеттері, жоғарыда айтқанымыздай, мектепке келген күннен бастап, үлкендердің басшылығымен көрініс тауып, одан әрі дамытылып отырады.
Әрине, бұл жұмыстар сабақ үстінде, оқыту процесінде үнемі, үздіксіз жүріп отырады. Оқыту кезінде баланың тиянақты білімі, табандылығы, білім дағдысы, көрегенділігі, қырағылығы, идеяларын іске асыруы, болжау қабілетінің дамуы байқалады, ғылыми ізденісі дамиды. Оқушыны қызықтыру, ойландыру, барлық жауаптарды тыңдау, талдау жасау кезеңдерінің тәртібі сабақ үстінде бірізділік жүйемен жүруі тиіс. Сонда ғана бала ізденушілік, зерттеушілік мүмкіндігіне ие болады.
Барлықоқушылар үшін білімнің базалық минимумы қамтамасыз етіледі. Әр жеке тұлғаның шығармашылық қабілетінің және еңбек іскерліктерінің дамуына кең жол ашылады. Әр түрлі формада ұйымдастырылған оқыту әдістері оқушылардың ақыл-ойларын, шығармашылық дамыту мәселесін шешеді. Сонымен бірге білім сапасын төмендегідей білім деңгейіне көтереді деп ойлаймыз:

  • әлемдік ізгілікті көзқарасы мол;

  • құқықтық мәдениеті жоғары;

  • терең сапалы білімді;

  • жоғары деңгейлі мәдениетті;

  • денсаулығы мықты жеке тұлға қалыптасады.

Осы тақырып бойынша біздің мынадай ұсынысымыз бар:



  1. Еңбекке баулу курсына қазіргі заманға сай дизайндық білім негіздері енгізілсе;

  2. Вариативті сағаттар есебінен технология пәніне қосымша сағат берілсе.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ж.Б.Қоянбаев “Педагогика” Алматы, 2002

  1. Бастауыш білімнің міндетті мемлекеттік стандарты. Алматы, 1998

  2. І Республикалық педагогикалық кеңестен. Астана, 2001

  3. ҚР Конституциясы, ІІ бөлім, 30-бап.

  4. Т.А.Ильина. Педагогика. Алматы, 1977.

  5. И.П.Волков. Педагогикалық ізденіс. Алматы, 1989.

  6. С.Б.Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы, 2003.

  7. В.Белов. Татулық. Алматы, 1978.

  8. Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері. Алматы, 2002.

  9. А.Тұрғынбаева. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000.

  10. Ұ.Жазықбаева. Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді. Шымкент,2000.

  11. Т.Ш.Оралбекова Технология оқулығы. Алмвты, 2003

  12. Т.Ш.Оралбекова Әдістемелік құрал (технология), Алматы, 2003.

  13. Педагогическая энциклопедия. ІІІ том

  14. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2004.

  15. Бастауыш мектеп. 2001,8. Н.Мұқанова

  16. Бастауыш мектеп. 2002,10. Г.Әлмұханова.

  17. Бастауыш мекиеп. 2003.1. Ж.Рүстемова.

  18. Бастауыш мектеп. 2003,4-5. А.Әбішева, Ж.И.Сардарова.

  19. Бастауыш мектеп. 2003,9. С.Дүйсебаев.

  20. Қазақстан мектебі. 2002, 1,2,5. ( 55-67 б)

  21. Тәрбие құралы. 2004.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет