2-сыныптағы “Еңбекке баулу” пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс-тәсілдері.
Кіші мектеп жасындағы оқушылар өздеріеің жасаған өнімдерінің нәтижесіне аса мән береді. Көптеген жағдайларда нәтижелер соншалық әсерлі болуы мүмкін. Тіпті оқушылардың жұмыстарын көргендер еріксіз: “ О, бұл аса дарынды, талантты, қабілетті баланың жасағаны ғой! ”-десіп, таң қалады. Біз баланы тек қабілет дамытудың тәсілдерімен қаруландырып, жұмыстың кілтін, орындалу принципін оның қолына беру- дарындылығының ашылып, одан әрі дамуына жағдай жасау деп есептейміз.
Бастауыш сынып оқушыларының бірегей өнім. бұйым жасауы оның шығармашылық іс-әрекеті. Жұмыс барысында оқушы игерген білімін, іскерлігін, әдістерін өзінше дербес түрде қолданады, сонымен бірге оларды алмастыруды, белгілі бір әдістерін құрамдастыруды өзі ойластырады, шешім қабылдайды. Жұмыстың мұндай алуан түрлілігі өз күш-жігерін жан-жаұты байқаудае өткізу әр баланың дербес қабілетін ашуына мүмкіндік беріп, оны дамытужағдайларымен қамтамасыз етеді. Уақыт талабына сай оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануға болады. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда жасаған затқа сәйкес өлең шумақтарын құрастыруда бала екі-үш буынды сөздерге ұйқас сөздер тауып, өлең шығарады. Оқушы өзінің жетістігін көріп қуанады, сабаққа қызығушылығы артады. Педагогика саласындағы оқыту әдістерін түгел дерлік еңбекке баулу сабақтарында өз орнымен пайдаланып, сабақтың мазмұнын арттыруға болады.
“Еңбекке баулу” пәні бойынша 1998 жылы жарық көрген білім стандарты қайта жетілдірілді. Ол профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Олжабек Сатқановтың қатысуымен жүргізілді. Стандарттың жаңа нұсқасы ғылыми негізде зерттеліп, пәннің базалық білім мазмұны сақталды. Жаңа нұсқадағы “Еңбекке баулу” пәнінің мақсаты-білім беру мәнінің жаңа бағытына сәйкес іс-әрекеті негізінде оқушылардың жеке тұлғасын, шығармашылығын қалыптастыру деп айқындалды, сонымен бірге, баланың дене қимылын, сезімдерін, эстетикалық талғамын, ақыл-ой өрісін дамыту, яғни жеке тұлғаны дамытудың құралы болу, “Табиғат- Адам- Заттық орта” арасындағы өзара байланысты түсінуге зор маңыз беру. Осыған орай мынадай міндеттерінің желісі түзілді:
дуниенің үйлесімді бірлігі туралы және онда адамның жасанды түрде пайда болатын заттық ортасымен бірге алатын орны туралы түсінігін қалыптастыру;
заттар мен құбылыстарға деген эстетикалық түйсік қалыптастыру;
жеке тұлғаның жасампаздық мүмкіндіктерін, шығармашылық және сезімталдық қабілеттерін дамыта түсу;
іс жүзіндегі шеберлікті қалыптастыру арқылы екі қолдың қимыл әрекетін, көзбен мөлшерлеу қабілетін және басқа да сапалық қасиеттерді дамыту.
Мектептің бастауыш сатысындағы “Еңбекке баулу” пәні мазмұнының даму болашағы негізгі, жоғары сатылардағы “Технология” пәнінің мазмұнында дамытылды. Стандартта “Еңбекке баулу” пәнінің базалық бағдарламасы да көрсетілді. Бағдарлама мына бөлімдерді қамтиды: