2.1. Жіктеу есімдігі (Personal pronouns)
Жіктеу есімдіктеріне мен, сіз, сен, ол, біз (біздер), сендер, сіздер,олар деген сөздер жатады. Жіктеу есімдіктері сан жағынан аз болғанымен, қызметі жағынан есімдіктердің ішіндегі аса жиі қолданылатын тобы.
Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады [1,2,4,6].
Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдермен негізінде бір ізді болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері жоқ емес, мысалы жіктеу есімдіктердің жекеше түрлері төмендегіше септеледі.
Сан жақ Жекеше
1 I
2 You
3 He/she/it
Сан жақ Көпше түрін
Көптік
1 We
2 You
3 They
Атау септігіндегі жіктеу есімдіктер бастауыштың және баяндауыш құрамының атаулы бөлігінің қызметін атқарады. Бірінші жақ есімдігі айтып отырған адам өзі туралы айтқанда пайдаланылады. Екінші жақ есімдігі біреуге көңіл аударғанда, яғни тыңдаушыны назар аударту үшін пайдаланылады. Үшінші жақ есімдігі айтушы айтып отырған адамдарды (бірақ өзі туралы емес) /жануарларды/ заттарды белгілейді [7],
Жіктеу есімдігі атау септігінде сандық және жақтық дәрежеге ие. Бірақ ағылшын тіліндегі дәреже соншалықты дамыған жоқ және көбінесе she/her немесе he/his етістіктерінің көмегімен айтылады. Барлық жансыз заттар it есімдігімен белгіленеді, яғни үшінші жақ есімдігі. Тек кейбір нақты жағдайларда ғана жансыз заттар she есімдігімен белгіленеді. Бірақ she негізінен белгілі бір заттарға қатысты ғана айтылады, кейде айтушы соншалықты жылылықпен айтып отырған жеке заттар үшін пайдаланылады. Мәселен: I bought a new car. She is beautiful! (Мен машина сатып алдым. Ол ғажайып!) немесе I have been through a thousand storms and stories together with this ship. Jeez, she is strong! Мен бұл кемемен мыңдаған дауылдардан өттім. О, құдайым, ол неткен мықты !) Сондай-ақ бұл есімдіктерді елдер, қалалар туралы айтқанда пайдаланады.
She есімдігі үшін ғана емес, басқа да кейбір есімдіктер үшін өзгешелік бар. Мәселен, газеттік мәнерде мақала жазу үшін I есімдігін пайдалануға болмайды. Журналист өз пікірін білдіріп, осы есімдікті пайдаланса бірде-бір редактор бұл мақаланы баспаға жібермейді. Ең дұрысы 1 жақтың атынан есімдікті қолданбау, себебі бұл кәсібилік емес, бірақ аса қажет болса I орнына we пайдаланған дұрыс. We, I-ға қарағанда қарапайым естіледі. Мәселен: We are convinced that the Government has made a grave mistake in imposing this tax. (Осы салықты бекіте отырып үкімет аса зор қателік жасап отыр). Бұл жерде журналист we есімдігін пайдаланып, өзінің атынан ғана айтып отыр. they есімдігі жалпы мағынада адамдарды белгілейді, бірақ бұл жерде нақты бір тұлғаны атамайды. Әсіресе they жиі they say фразасында айтылады. Мәселен: They say she is going to resign. (Ол отставкаға кетеді деп айтып жүр).
Неre they use this for cars. (Бұл жерде мұны машина үшін пайдаланады).
You есімдігі жекеше және көпше түрде де пайдаланылады. Жекеше түрдің 2 жақтағы thou (thee) есімдігі орыс тіліндегі ты (сен) сәйкес, ол баяғыда-ақ қолданыстан шығып, қазір өте асқақ мәнерде жазылған тек поэзия мен прозада ғана кездеседі. Қазіргі кезде әдеби прозада да, тұрмыстық қолданыста да бұл есімдік пайланылмайды. Бірақ бұл есімдік қолданыстан мүлде шығып кетті деп айту дұрыс болмағандық болар еді, кейде ағылшын тілінің диалектерінде аталған есімдік сөйлеу мәнерінде кездесіп жатады: thou à you (атау септігі); thee à you (барыс септік). Ирландияда you жекеше есімдігінің түрі жекеше түр мағынасына ғана ие (барыс септік) ал көптік түр үшін yous, yez, yiz түрлері пайдаланылады.
Есімдіктің болуы немесе жоқтығының да мән айырмалық функциясы бар. Мәселен: George came into the room and turned off the light – Джордж бөлмеге кіріп, жарық сөндірді. Бұл Джордждың бірінен кейін бірі жасаған екі әрекеті туралы айтылып отыр.
George came in the room and he turned off the light – Бұл жерде екі жеке әрекет бірігіп отыр немесе екі байланысты әрекет бөлініп отыр (мәселен оның келгені туралы хабарланып отыр, бірақ оның жарық сөндіргені туралы шағым айтылып отыр) .
Контексіне байланысты осы екі сөйлемді әрқилы түсінуге болады. Мәселен: George came into the room and turned off the light –Джордж бөлмеге кірді және (Джордж) жарықты сөндірді. George came in the room and he turned off the light –Джордж бөлмеге кірді және ол (басқа біреу) жарықты сөндірді.
Достарыңызбен бөлісу: |