such және same есімдіктерінің бір-бірінен айырмашылығы бар. Such не заттың дәрежесін анықтайды, не деңгейіне сілтейді, ал бұл кезде same екі заттың-түсініктің ұқсастығын белгілейді [11].
I think Jack broke these cups. He does such things when angry – Менің ойымша. Бұл тостағандарды Джек сындырды. Ол ашуланғанда ылғи сөйтеді. I think Jack broke these cups. He did the same thing last time he got angry – Менің ойымша бұл тостағандарды Джек сындырды. Ол өткен жолы ашуланғанда да осылай істеген. Егерде such жекеше түрдегі зат есім алдында тұрса, онда есімдіктен кейін белгісіздік артиклі қойылады:
I’ve never seen such a house before –Мен мұндай үйді ешқашан көрген емеспін. Көбіне such мағынасы that немесе as сөзінен басталатын фразамен толықтырылады: I was in such a hurry that didn’t even have time to go for lunch –Менің асыққаным соншалықты, тіпті түскі асымды да ішіп үлгермедім; I’ve never seen such a handsome man as Jim’s father – Мен ешқашан да Джимнің әкесі сияқты әдемі еркекті көрген емеспін.
Достарыңызбен бөлісу: |