Мазмұны кіріспе 3 І тарау Қазіргі ағылшын тіліндегі есімдіктердің зерттелу тарихы



бет15/32
Дата07.01.2022
өлшемі129,99 Kb.
#19073
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
this мен that есімдіктері

this и that есімдіктері сан дәрежесіне ие:

This – бұл, мына these – бұл, мыналар

That –сол, анау those – солар, аналар

Сілтеу есімдіктері сын есім есімдігі ретінде де, зат есім есімдігі ретінде де пайдаланылады.

Сын есім түріндегі this мен that сілтеу есімдіктері.

Сын есімдік сілтеу есімдігі зат есімнің анықтауышы бола отырып, өзі жататын зат есімнің алдындағы артикльді болдырмайды. Сілтеу есімдігі жататын зат есімнің алдында басқа анықтауышы болса, онда сілтеу есімдігі анықтауыш сияқты оның алдына қойылады:

He lives in that house –Ол сол үйде тұрады.

He lives in that white house –Ол сол ақ үйде тұрады.

This мен these есімдіктері сөйлеп отырғанға жақын заттарға сілтейді, ал that мен those алыс тұрған затқа сілтейді: This pencil is mine – Бұл қалам менікі. That pencil is yours – Сол қалам менікі. Сountry сөзімен this есімдігі сөйлеп тұрған немесе автор тұрған елге қатысты айтылады. Сондықтан осы сөз тіркесі ағылшын газетінде кездессе, оны Англия деп аударуға болады, ал Америка газетінде кездессе Америка деп аудару қажет: The exports of coal from this country decreased this year – Өткен жылы Англиядан әкелінетін көмір экспорты азайды. [9].

This уақытты сөйлеу сәтіне немесе уақыттың ағымдағы кезеңіне қатысты, ал that өткендегі немесе болашақтағы кезеңге байланысты: I’m too busy these days –Менің бұл күндері қолым бос емес (ағымдағы уақыт айтылып тұр). He used to smoke a lot those days – Ол сол күндері темекіні көп тартты (өткен шақ туралы айтылып отыр). Бірақ, сондай-ақ this есімдігі жақын арадағы келер шақ немесе өткенді де белгілеуі мүмкін: Lets get together some time, say this Sunday – Жақын арада бәріміз жиналайықшы, айтар болсақ, осы жексенбіде. Father had to go to Chicago this morning – Әкем Чикагоға бүгін таңертең баруы қажет.

Кейде this (these) that (those) есімдіктері сөйлемдегі эмоционалдық сипат үшін пайдаланылады:

Will this dog ever stop barking? –Мынау ит қашан болса да үруін қоя ма?

Do you really believe those ideas? –Сен шын мәнінде бұл идеяға сенесің бе?

Мұндай жағдайларда сілтеу есімдігіне екпін қатты түседі.

That есімдігі деңгейдің жағдайы ретінде пайдаланылады:

I didn’t know he was that upset – Мен оны соншалықты қапалы болар деп ойлаған емеспін.

He never gave me that much information –Ол маған ешқашан соншалықты ақпарат берген емес.

Зат есім ретіндегі this мен that сілтеу есімдіктері

Зат есім есімдіктері де, сын есім есімдіктері сияқты қолданылады, атап айтсақ, this (these) жақын тұрған заттарға қатысты айтылады, that (those) – алыс тұрған заттарға қатысты айтылады. Көбіне that есімдігі it жекеше есімдігінің орнына қолданылады: [10].

“Tell her that I miss her” “I’ll do that” – «Оған айтшы, мен оны сағындым» «Айтамын»

You said she was the one who stole the money. Well, that’s wrong –Сен ақшаны ол ұрлап алды деп айттың ғой. Бұл өтірік.

that (those) есімдіктері сондай-ақ қайталауды болдырмас үшін зат есімнің орнын алмастырушы қызметін атқарады. Мұндай жағдайда әдетте есімдіктен кейін септік жалғауы фразасы ing түріндегі есімшеден немесе тұтас сөйлемнен кейін тұрады:

These poems are not nearly as good as those you wrote last year –Бұл өлең өткен жылғы жазылғанға қарағанда нашарлау.

I entered by the door opposite to that opening into the garden – Мен баққа шығатын есікке қарама-қарсы тұрған есіктен кірдім.

This есімдігі сөйлемдерде есімдіктен кейін келетін сөзді белгілейді, ал that есімдіктің алдындағы сөзді белгілейді:

I’ll tell you this: Don’t go there! - Менің саған айтпағым – онда барма!

He controlled her every step and that annoyed her –Ол оның әрбір қадамын бақылады, бұл болса оны қатты ашуландырды.



such мен same есімдіктері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет