Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер – сөз мәйегінің қайнар көзі
Сабақтың түрі: сөйлесу
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың білімдерін ауызша тіл дамыту жұмыстары арқылы бекіту;
Дамытушылық: Тіл мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Пәнге қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыру;
Тәрбиелік: Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, әдеп, информатика
Көрнекілік: интерактивті тақта, слаидтар, кесте,
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбы, мақсаты
2. Үй жұмысын тексеру РАФТ стратегиясы бойынша бірнеше оқушы автор орындығына отырып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын оқиды
Дастан: Рөл – ақын, аудитория – көрермен, форма - өлең, тақырыбы – Ана тілім – тірлігімнің айғағы
Ана тілім – тірлігімнің айғағы,
Мен айтайын өлеңімді ойдағы.
Талай ұрпақ өсті одан сусындап,
Басын имей кешті тағдыр тайғағын
Тілім менің – жарқ-жұрқ еткен найзағай,
Тиген жерін тесіп шығар найзадай.
Мемлекеттік мәртебе алып бүгінде,
Желбіретті тәуелсіздік байрағын.
Айғаным: Рөл – тілші, аудитория – оқырман, форма - эссе, тақырыбы – Туған тілдің болашағы туралы ой.
3. Өткен сабақты қайталау сұрақ – жауап
1) Адамдар арасындағы қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіз?
2) Мәдениеттің адам бойында қалыптасуы туралы пікіріңіз қандай?
3) Тіл мәдениеті, оның адам бойындағы мәдениеттілікті қалыптастырудағы орнын қалай түсінесіз?
4) Тілдік қарым-қатынаста сөз мәдениетін қанша түрге бөліп қарауға болады?
4. Жаңа сабақ Бүгінгі сабағымыздың сұрақтары мынадай:
1. Ауызекі сөйлеу тілі және жазба тіл дегенді қалай түсінесің?
2. Ауызекі сөйлеудің өзіндік стильдік ерекшеліктерін айтыңыз.
3. Тыңдай білу әдебіне не жатады?
4. Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдаудың ерекшелігі неде?
5. Сөйлеушінің сөзіне араласып, өзара ой алмаса тыңдау, оның өзіндік мәні туралы айтыңыз?
6. Тыңдаудың түрлеріне ой жібере отырып, «тыңдау» деген ұғымға қандай түйіндеу жасайсыз. (Тыңдау деген не?)
7. Сөйлеу әдебіне не жатады
8. Жүйелі, мәнді сөйлеудің негізгі сапалары қандай?
9. Сөйлеу сапасына қандай нәрселер кері әсерін тигізеді?
Бізде үш топ бар. Осы сұрақтарға жауап беру үшін әр топ үш сұрақтан бөліп алады. Жауаптарын оқулықтың 17-21беттеріндегі «Тіл табыса білу де - өнер», «Тыңдай білу әдебі»(1-топ), «Тыңдай білу әдебі»(2-топ), «Сөйлеу әдебі», «жүйелі, мәнді сөйлеудің негізгі сапалары»(3-топ) мәтіндерін оқып табады.
Дайындалуға 15 мин.
Ортадағы трибунаға келіп, әр оқушы бір сұрақтан таңдап, жауап береді, яғни басқаларына түсіндіреді. Оқушы жауабы талданады, толықтырылады.