Мазмұны Кіріспе І бөлім



бет4/7
Дата14.10.2023
өлшемі268,5 Kb.
#113687
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
-dip -oqo-nyn-zhanuarlar-duniesi

Таулы аймақтар фаунасы.

Белгілі өлеңде «таудан да жақсы тау болуы мүмкін» деп айтылады және бір рет болсын тауда болып көрген адам мұнымен еріксіз келіседі. Шынымен де, орман, дала немесе шөлдер қандай әдемі болмасын, таулар әлдеқайда бай және түрлі – түрлі. Мұнда бір күн ішінде құрғақ дала, орман, солтүстік тундра және тамаша жарлар мен тасты құмдарды бақылауға болады. Таудан басқа қайда санаулы сағат ішінде ыстық жаздан қарлы қысқа, жалаңша тастардан қар мен мұзға өтуге болады? Ондай таулар, әсіресе оңтүстіктегі, дала немесе шөлді ландшафт зоналарда орналасқан. [10].


Батыс Тянь – Шань лагдшафты типінде ортаазиялық ландшафтысы басым және алдыңғы азиялық ландшафт кездеседі. Мұнда ландшафтардың орташа таулық ормандық – шалғындық – далалық, биік таулық шалғындық – далалық және гляциальдық – нивальдық зоналары бар. Орташа таулық ормандық – шалғындық – далалық зона 1000 – 1250 м- ден 2300 – 250 м – ге дейінгі абсалюттік биіктіктерді қамтыған. Мұнда екі белдеу бар. төменгі белдеу (1000 – 1200 м – ден 1700 – 2000 м – ге дейін) таулық – ормандық қара – қоңыр топырақта өскен грек жаңғағы, жабайы алмасы, үйеңкісі бар жалпақ жапырақты орманнан тұрады. Жоғарғы белдеуге бидайықты – түрлі шөпті дала мен 1700 – 2500 м – ге дейінгі таулық қарасұр топырақта өсетін бұталар кіреді. Биік таулық шалғындық далалық зона екі белдеумен сипатталады. Субальпілік тоғайлы далалардың белдеуі таулық – шалғындық – далалық және субальпілік шалғын мен көгалдың түрлі шөпті – астық тұқымдас белдеуі жатыр. Бұлш белдеу 3300 – 3400 метр биіктікте мүшеленбеген, биік таулық гляциальдық – кивальдық зонамен алмасады. [7].
Ал жануарлар, әсіресе олардың ішіндегі ең қозғалыстысы – құстар тауда қалай өмір сүруде? Олар тіршіліктің ең жоғарғы шегінен де биікте кездеседі екен. Көптеген құстар, әсіресе ірі жыртқыштар,. Күн бойы азық іздеумен таудың етегінен ең жрғарғы шыңғдарға дейінгі вертикалды белдеулердің барлығын аралайды. Көптеген құстар, әсіресе ұялау кезінде, өздерінің белгілі бір шағын аймағында, 100 – 200 метр биіктік шегінде мекендейді. Неғұрлым биіктеген сайын, қанаттылар әлемі соғұрлым түрлі болып келеді. Бірақ орманды құстар орманның жоғарғы шегінде сирек ұялайды, ал мысалы қылғытпа – тіптен альпілік белдеу жартастарына ұялайды. Көптеген жоғары таулы құстар (ұлар, қызылтұмсық шауқарға, апльпілік шауқарға, кейбір биік таулы құнақ) жазда тек ұялау үшін ғана емес, азық іздеуге де орманның жоғарғы шегінен төмен түспейді.
Альпілікке өтпелі бұталы белдеуде қанаттылардың қоныстануы әр түрлі – мұнда орманды және биік таулы құстар бір – бірімен өте тығыз өмір сүреді. Бұл өтпелі белдеу, субальпілік белдеу – нағыз жоғары таудың табалдырығы болып табылады. [11].
Оңтүстік Қазқстанның теңіз деңгейінен 1600 – 1800 метр биіктікке дейінгі тау алды өңірлерінің қысқы орнитофаунасының да өзіндік ерекшелігі бар. мұнда қызыл құйрық торғай, біз тұмсық шөже, қара шымшық қыстайды. Қыста қатпайтын өзендер бойында су насекомдарының личинкасын іздеген сушылқара кездеседі. Сырдария тоғайларында үйрек, крохаль үйрек, шағала, жыртқыш құстар қыстайды.
Батыс Тянь – Шаняда шыққан тегі оңтүстіктік бірқатар түрлері – Мензбир суыры, ұзынқұйрық, суыр, жайра, ұзынқұйрық тағанақ т. б. Кездеседі. Тау ландшафтысы үнемі өзгеріп отырады. Бұдан жоғары қарай бұталы дала, алма мен көктерек аралас өскен шыршалы белдеулері, альпілік шабындық және қар шоғырлары кездеседі. Жануарлар жапырақты орман белдеуін көбірек мекендеген. Бұл белдеудегі Тянь – Шань тышқаншасы, орман қарақас тышқаны, қарғымойын кептер, сауысқан, сары торғай тән. Шырша орманында сілеусін, марал, ақсары, түкті аяқ байғаз, үш башайлы тоқылдақ, самырсын құс, қайшыауыз т. б. таралған. Арша белдеуінде аршалық ементұмсық, аршалық қызылбас, сұр жылқышы т. б. ұялайды. Альпілік шалғындықтарға арқар, тау теке және барыс шығады, биік тау сұртышқаны, қызыл шақылдақ кездеседі. Мұнда құмай мен сақалта ұялайды. Ұлар, тау қарға көп. Тау өзендері аңғарларын орақ тұмсық балшықшы мен сушылқараның екі түрі мекендейді. Тырқылдақ торғайдың ерекше бір түрі – көк құс таудың кішкене өзендері маңында тіршілік етеді. Сүт қоректілерден кәмшат бар. тау беткейлері мен қарымдарда шақылдақ, ақкіс, ақтас, сусар, кекілік, ұзын қанат қарлығаш, кептер, қарлығаш, ұлар кездеседі. [13].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет