Мазмұны Кіріспе І бөлім


ІІ.1. Зоогеографиялық аудандастыру



бет3/7
Дата14.10.2023
өлшемі268,5 Kb.
#113687
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
ІІ.1. Зоогеографиялық аудандастыру.

Зоогеография – жер шарындағы жануарлардың белгілі бір аймақта таралуын, олардың тіршілік жағдайларын, түр құрамын, дамуын зерттейтін биогеография ғылымының бір саласы. Жануарлар географиясының ерте кезде тіршілік еткен жануарлардың таралуын зерттейтін бөлімін палеозоогеография деп атайды. Жануарлар географиясы – биологиялық ғылым, бірақ жануарлар тіршілік мекендеріне, яғни ареалы мен стациясына, таралған жерлеріне (өзен, көлде, теңізде, құрлықта) байланысты. Жануарлардың жер жүзінде таралуы туралы деректер ертеден белгілі болғанымен, зоогеографиялық алғашқы еңбектер ХVІІІ ғасырда пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасынан бастап ғылыми тұрғыдан дамып келеді. [1].


ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы жануарлар дүниесін биологиялық – географиялық аудандастыру және зоналарға бөлу мәселелері Н. А. Северцовтың еңбектерінде неғұрлым толық әрі терең қамтылып зерттелген. Оның ізденіс жұмыстарында Оңтүстік Қазақстан территориясының мысалында организмдер мен олардың таралуының өзара байланысы туралы мәселе тұңғыш рет кең көлемде қойылады. Міне, сондықтан да ол еңбектер физикалық география үшін өте құнды. Пиологиялық географияда аудандастыру әдісін қолданып, Н. А. Северцов жануарлардың таралуына Оңтүстік Қазақстанның осы заманғы физикалық – географиялық жағдайларының қаншалықты ықпал жасайтынына айрықша ден қойуы және бұл мәселе өткен замандағы геологиялық жағдайлармен сабақтастыра зерттелді. Демек, бұл ғалым орыс биологиялық – географиясында тұңғыш рет тарихи және экологиялық әдістерді қолданып, қалыптастырды.
Н. А. Северцовтың зоологиялық – географиялық еңбектерінде табиғатты, соның ішінде зоологиялық – географиялық аудандастыру мәселесі маңызды орын алды. Бұл орайда оның «Түркістан жануарларының вертикалдық және горизонталды таралуы» (1873 жыл) атты іргелі зерттеуінің айрықша мәні бар. [4].
Осы еңбек жөнінде А. Н. Формозов кейін былай деп жазды: «Бұл Орта Азияның омыртқалы жануарлары туралы тұңғыш жинақ және кеңбайтақ әрі табиғат жағдайлары өте күрделі өлкенің жануарлар дүниесін зоологиялық – географиялық жағынан тәптіштеп егжей – тегжейлі жазған алғашқы еңбек болды. Северцовтың экспедициясына дейін ол өлкенің жануарлар дүниесі туралы ғылымда Леманн, Эверсман, Каремен мәлімдеген, тағы басқа бірен – саран шашыранды мағлұматтардан бөтен мардымды ештеңе жоқ – ты. Н. А. Северцовтың бұл классикалық еңбегі жарыққа шыққаннан кейін, өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында – ақ Түркістан омыртқалы жануарларының түрлері және олардың географиялық таралуы жөніндегі ұғым неғұрлым толығып, айқындала түсті. Тіпті Россияның орталық аудандарындағы жануарлар жөнінде де ол кезде мұндай толық әрі дәлме – дәл деректер жоқ - ты».
[А. Н. Формазов, «К 125 летию со дня рождения Н. А. Северцова» - «Изв. СССР. Серия геогр» 1952 №6 51 – б].
Н. А. Северцовтың Түркістанды зоологиялық – географиялық аудандастыруы межелі деңгейден асып түсіп, шынтуайтқа келгенде күллі Орта Азияны зоологиялық – географиялық аудандастырудың тамаша үлгісіне айналды. Ғалым былай деп жазды: «Осы уақытқа дейін біз Түркістан өлкесіне біртұтас аймақ ретінде қарап келдік. Енді оның зоологиялық тармақтарына зер салып көрелік. Мұндай аудан, шындығында, екеу: шығыс немесе Жетісу торабы және батыс немесе сырдария бөлігі ... Түркістанда мекендейтін кейбір жануарлардың - өзім анықтаған таралу шекараларын неғұрлым дәлірек белгілеу үшін өлкені төрт зоологиялық аймаққа бөлдім. Сонымен қатар бұл аймақтардың топографиялық жағынан бір – бірінен ерекшеліктері бар. Биіктік белдеулерін суреттеп жазу үстінде – ақ өлкенің әр түрлі аймағында олардың әрқайсысының әр түрлі биіктік белдеуін қаншалық зерттеп үлгергенімді де еске салмақпын. Мұнда өлкенің шығыс бөлігі бірінші облыс болып есептеледі, шығыс пен батыс бөліктердің аралығы екінші облысқа жатады, өлкенің батыс жағы үшінші және төртінші облыстар құрамына кіреді». [28].
Н. А. Северцовтың қолында кейбір аудандар бойынша деректер жеткіліксіз болғандықтан, ол өзінің зоологиялық – географиялық схемасын шартты түрде жасалған деп есептеді. Солай бола тұрса да, автордың айтылмыш еңбегі өз заманы үшін зор жаңалық болды.
Н. А. Северцов Түркістандағы жануарлар дүниесінің ерекшеліктерін өз замандастарының қайсысынан болсын тәуір білді әрі салыстырмалы тарихи және экологиялық зерттеу әдістерін шебер игерді. Сондықтан жануарларды ол жаратылыстағы табиғи аймақтарға бөлу ісін жүйелі түрде жүргізді. ғалым сонымен бірге табиғи шекаралардың белгілі бір мөлшерде шартты екенін жақсы түсінеді. Сондықтан ол белгілі бір жануарлар тек осы жерде ғана таралған деп тап басып өлшеп - өлшеп айтуға болмайтынын атап көрсетті, яғни жануарлардың бір аймақтан екіншісіне өтуіне биіктік белдеулерінің көбіне кедергі бола алмайтынын ескертті.
Н. А. Северцов материктерде жекелеген зоологиялық орталықтарды анықтау қажет деп есептеді. Оның ойынша, Орта Азия үшін осындай орталық Тянь – Шань болуға тиіс. «Өткен геологиялық дәуірлердегі теңіздерде таулар зоологиялық – географиялық орталықтар қызметін атқарған және сол көне дәуірлердің іздері әлі де сақталуда», - деп жазды ғалым. Н. А. Северцовтың тұспалдауынша, Тянь – Шань Тұран жазығының және Тянь – Шань тауларындағы жануарлардың пайда болуына себепкер жалпы орталық болған. Зерттеуші өз пікірін дәлелдеу үшін осы аудандардағы жануарлардың генетикалық байланыстарын көрсетеді.
Н. А. Северцов Оңтүстік Қазақстанның таулары мен жазық жерлерінде таралған жануарларды зоналар мен региондарға бөліну белгілеріне қарай зерттеумен қоса олардың кеңістіктерге таралуының зоналық және региондық әдістерін шебер қолдана білді, сөйтіп жануарлардың белгілі бір биіктік белдеулерінде тіршілік етуі региондық заңдылыққа бағынатынын дәлелдеді.
Н. А. Северцов Тянь – Шаньның физикалық – географиялық биіктік белдеулерін анықтап, олардың әрқайсысына қысқаша анықтама берді. Тянь – Шаньның жануарларын сипаттай келіп, автор олардың биіктік белдеулері бойынша саралауын тұңғыш рет және біршама толық сипаттады және таудың өзін зоологиялық – географиялық жағынан аудандастырды. Ол бес биіктік белдеуін белгілеп, олардың әрқайсысын жануарлар мен өсімдіктер тіршілік ететін саты ретінде тексеріп бақылады.
Сөйтіп, Н. А. Северцов еңбектері негізінде ХІХ ғасырдың тарихи және экологиялық тәсілдермен толықтырылып, жануарлар организмдерінің және олар тіршілік ететін ортаның өзара жан – жақты байланыстарын түсінуге әбден жақындап келді. [4].
Ал қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстанның фаунасын зоналық және аймақтық ерекшеліктері бойынша аудандастырар болсақ, Оңтүстік Қазақстан шөл – шөлейтті және таулы аймақ жануарлар дүниесіне ажыратып қараймыз.
Ел әуелі фауна терминіне келер болсақ, фауна дегеніміз – белгілі бір аймақта мекендейтін және оның барлық биогеоценоздарына кіретін жануарлар түрлерінің тарихи қалыптасқан жиынтығы. Олардың түрлерінің әркелкілігі түрдің қанықтылығымен және олардың жекелеген өкілдерінің сонымен анықталады.
Қазіргі заманғы фауна территорияның даму тарихымен тығыз байланысты, ол жануарлар әлемінің әркелкілігін анықтайтын факторлардың бірі болып табылады.
Жануралар әлемінің тіршілік аймағы, бүкіл организмдердің барлық жиынтығы орналасқан жердің тіршілік қабаты – биосфера болып табылады. Биосфераның ерекшелігі географиялық таралуын, көші – қонын, санын және негізінде жануарлар әлемінің популяциялық ерекшелігі оның өкілдерінің бейімделу жағдайларының дамуын қамтамасыз ету. Экологиялық факторлардың оптималды аймақтарының шекаралары жануарлар әлемінің түр сәйкестігіне тәуелді дифференцияцияланады.
Шөл – шөлейт зонасының фаунасы. Физикалық географиялық жағдайына қарай бұл өңір бірнеше типке бөлінеді: құмды, сазды, сортаңды, қиыршық тасты және тасты шөл. Әр түрлі шөл типінің жануарлар дүниесінде де айырмашылығы бар. Жануарлар тіршілігі үшін шөл жағдайы өте қолайсыз болғандықтан, бұған тек аздаған жануарлар түрі ғана бейімделе алған. Ең қолайсыз тіршілік жағдайы қиыршық тасты шөлде байқалады; мұның фаунасы құрамындағы түрлер де аз келеді. Сүт қоректілерден бес башайлы қосаяқтар, секіргіш қосаяқ, кіші қосаяқ, тарбағанша жуан құйрық қосаяқ, Жатков қосаяқ тән. Соқыр тышқан кездеседі. Айрықша тұқымдас деп қаралатын қалқанқұлақ бар. Жыртқыштардан шөлде қасқыр, түлкі, күзен, тұяқтылардан қарақұйрық кездеседі, ақбөкен қыстайды.
Сазды шөлде құстардан әр түрлі бозторғайлар, дала ұзынтырнақ торғайы, шөл шақшақайы және биші шақшақай, қара бауыр және ақ бауыр бұлдырықтар, қылқұйрық, жорға дуадақ, ақбас тырна ұялайды.
Құмды шөлде сүт қоректілерден торала жертесер, жіңішке башайлы саршұнақ, сәскелік құмтышқан, үш башайлы қосаяқтар – түкті башайлы, Лихтенштейн, майқұрықты ергежейлі қосаяқтар бар. Құмды құлақты кірпі, құм қоян, ала күзен көп таралған, қасқыр мен түлкі, бұлдырық және торғай тұқымдасына жататын ұсақ құстар ұялайды. Құмды шөл қарғасы, бұлдырық және торғай тұқымдасына жататын ұсақ құстар ұялайды. Құмды шөл ландшафтысына тән сексеуіл жорға торғайы бар. Бұл торғай сирек кездесетін болғандықтан қорғауға алынған.
Оңтүстік Қазақстан шөлінің ерекше биотопы – сексеуілді массивтер. Бұл жерлерде үлкен құмтышқан, қоян мен түлкі көп болады. сексеуіл басына бүркіт, қарақұс, шөл тоғанағы ұялайды. [13].
Шөл зонасы фаунасыныңқұрамы әр түрлі зоогеографиялық бөліктерде әр түрлі екені байқалады. Шөлге тән түрлерімен қатар жаралу тегі батыстық түрлер, жұпар тышқан, қара күзен, алып соқыртышқан кездеседі. Алып соқыртышқан шөл фаунасының өте сирек кездесетін түрі болғандықтан қорғауға алынған. Қызылқұмды таралу тегі жөнінен Оңтүстік және батыстық түрлер, шиебөрі, тоғай бұғысы, Бабринский қосаяғы бар. Құм саршұнағы Мойынқұмда көп. Житков қосаяғы және орташа саршұнақ бар. Шөл сүт қоректілері фаунасының өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда Орталық Азияға тән. Мойынқұрықты қосаяқ, Пржевальский аламаншасы, құмтышқанның жыңғыл құмтышқаны және сәскелік құмтышқан деген екі түрі таралған.
Оңтүстік Қазақстанның шөлді жерлерінің өзен аңғарларында ылғалды тәуіәр көретін тышқан тәрізді кемірушілер, Сырдария бойында шиебөрі, сирек те болса негізінде Амудария бойында таралған тоғай бұғысы не хангул кездеседі. Тоғай – қырғауылдың негізгі мекені. Сонымен бірге тоғайда сүрбүркіт, ұзын құйрық ақиық, бөктергі, балықшы, құлақты, жапалақ аққанат тоқылдақ, мысық торғай т. б. ұялайды.
Қамыс қопалары арасында қабан, елік, ақкіс, сасық күзен, ондатра, су егеуқұйрығы, құтан, бірқазан, суқұзғын, жалбағай, қарабай және үйректердің көптеген түрі тіршілік етеді. [7].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет