Мазмұны Кіріспе І бөлім


Эндемикалы өсімдіктердің таралуы



бет6/7
Дата14.10.2023
өлшемі268,5 Kb.
#113687
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
-dip -oqo-nyn-zhanuarlar-duniesi

Эндемикалы өсімдіктердің таралуы
Жоғарыда айтылғандай, Оңтүстік Қазақстан облысы орналасу жеріне қарай өсімдіктер дүниесіне бай келеді. Соның ішінде дәрілік өсімдіктер, халық шаруашылығында маңызы зор бірақ сиреп бара жатқан өсімдіктер саны көп. Олар осы облыстың әр территорияларында түрліше таралған. Соның ішінде басым көпшілігі далалы жермен таулы аймақтарда. Олар өсу орындарына, биологиялық ерекшелігіне қарай жойылу жолдары әртүрлі болып келеді. Эндемикалы өсімдіктердің таралуы бойынша екі топқа бөлуге болады: далалы аймақта кездесетін эндемикалы өсімдіктер және Таулы аймақтарда кездесетін эндемикалы өсімдіктер.


Таулы аймақтарда кездесетін эндемикалы өсімдіктер және олардың биологиялық ерекшеліктері
Құртқашаш – көп жылдық, жер асты сабақты шөп тұқымдас өсімдік. Құртқашаш бірнеше түп болып орналасады. Жапырағы жалпақ, орақ сияқты, гүл ірі, өрген шаш тәрізді. Бұл өсімдіктің ерекше бір қасиеті-вегетивті түрде жер асты сабақтарын көбейте алатындығы. Қазақстанда құртқашаштың 21 түрі өседі. Соның ішінде сирек кездесетін екі түрі – касатик Людвига және касатик Альберта. Біріншісі тек Шығым Қазақстан облысында, Бұқтарма өзенінің жағалауында және Нарым жотасының етектерінде, Қатон-Қарағайда кездессе, екіншісі тек Іле-Алатауының жоталарында ғана өседі. Құртқашаш әсем өсімдіктер қатарына жатады.
Бадам (миндаль) – раушан гүлдері тұқымдасына жататын жеміс ағашы. Қазақстанда бұл өсімдіктің екі түрі – Ледебура және Перунникова бадамдары таралған. Біріншісі Алтай және Тарбағатай тауында кездеседі де, екіншісі Батыс Тянь-Шаньда, Шатқал, Піскем және Өгем жоталарында ғана өседі. Бадам (миндаль) биіктігі екі метрге дейін баратын бұталы өсімдік. Сабақтары бұтақты, бұтақтары қысқа, жапырақтары ірі келеді. Ұзындығы 2,5-7,5, ал көлдеңені 2 см. Мамыр, маусым айларында жапырағы шығысымен гүлдейді. Гүл қызғылт түсті әсем өсімдік. Шілденің басынан тамыздың орта кезіне дейін жеміс береді. Бадам – жылу мен жарық сүйгіш өсімдік. Қуаншылық пен суыққа да төзімді.
Асаймұса – биіктігі 2-3 метр бұтақты өсімдік. Сабағының қабығы боз, май айында гүлдейді., тамызда жеміс береді. Асаймұса өте әсем өсімдік. Қазақстанда асаймүса тек Талас Алатауында, Шатқал жотасында және Қаратауда таралған. Бұл бұта көбінесе құрғақ және сортаңдау жерлерде өседі. Асаймұсаның ағашы ұсақ-түйек қажетке жұмсалады.
Грейг қызғалдағы – Қазақстанда қызғалдақтың 30 түрі кездесетін болса, соның ішінде ең ірісі осы қызғалдақ. Бұл қызғалдақ гүлінің диаметрі әсіресе ашылған кезде 35-40 сантиметрге дейін барады. Сондықтанда Грейг қызғалдағаына кейде қызғалдақтың падишасы деп те атайды. Грейг қызғалдағы Шу-Іле тауларында, Талас Алатауында және Қаратауда кездеседі. Қазіргі кезде бұл айрықша қызғалдақтың түрі сирек кездеседі. Сондықтан да оны қорғау керек. Бұл өсімдікті сақтаудың ең оңай жолы оның пиязшығын және гүлін жергілікті тұрғындарға көктемде қазып алуға рұқсат етпеу қажет. Сондай-ақ, қызғалдақтар сақталған жерді қорыққа алынған деп жариялау керек.
Тасағаш – ильма тұқымдасына жатады. Биіктігі 20 метр, сабағы сұр, көкшіл түкті сүйекті өсімдік. Жемісі сүйекті келеді. Огың діңгегі өте қатты,оны өткір балтамен де шаба алмайды. Тасағаш негізінен Кавказда және Орта Азияда таралған. Қазастанның Оңтүстік шығысындағы таулы жерлердің тек шағын аймағында ғана өседі. Мұнда Іле-Алатауының орталық бөлігінен, Алматы қаласының төңірегіндегі Кіші Алматы шатқалынан тасағаштың жиырмаға жуық данасы табылған. Сондай-ақ Іле-Алатауының батысында, Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Қарақұнды өзенінің шатқалында көлемі 877 гектар өзгешелеу, сирек тасағаш тоғайы кездеседі [48]. Бұл орман алқабы 1970 жылы табиғаттың ботаникалық заказнигі деп жарияланады. Тасағаш көбінесе тік жарлар беткейінде, құз түбінде, тас үстінде өседі. Тамыр жүйесі 8-10 метрге дейін барады.
Арша – кипаристер тұқымдасына жатады. Қазақстанда аршаның бірнеше түрі өседі, соның ішінде азайып және құрып кетуге жақыны – қызыл арша. Сондықтан да бұл өсімдік «Қызыл кітап»-қа еніп отыр. Қызыл арша Қазақстанның таулы аудандарының ормандарында, әсіресе Алтай, Тарбағатай тауларында өседі. Аршаның шипалық, топырақ бекіткіш қасиеттерімен бірге әсер ететін осы қош иісті қасиетті өсімдікті бей-берекет пайдаланбай, өсіріп отыру жергілікті халықтың міндеті.
Азайып бара жатуына байланысты адам баласына қорғауды қажет етіп отырған өсімдіктердің бірі. Регель қызғалдағы – бұл қызғалдақ өте әсем, сондықтан да ол өзіне ғылыми қызығушылық тудырады. Бұл түрдің ерекшелігі жапырағында болып табылады. Жапырағының бетінде сирек тарақ жүрген жолдай сызықтар бар үлкен жапырақ пластикасы үлкейіп, күн сәулесін қабылдауына көп көмектеседі. Регель қызғалдағы наурыз айында ерте гүлдейтін гүлдердің бірі болып табылад. Қызғалдақтар ішіндегі ең кішісі (жер бетінен орташа биіктігі 5-7 см), яғни «алғашқы қарлығаш» деп аталады. Пиязшығы майда, ал жапырағы атап өткендей, жатып қалған, жұмыртқа пішінді, жапырағының ұзындығы 5 см, үстіңгі жағы қалың гофрирленген, кейбір түрлерінде кішкене екінші жапырағы болады, ол жапырақ әлі дамып үлгермеген түрде болады. Гүлінің сабағы шіңішке келеді. Гүл жалғыз, ұзындығы 2.5 см. Ішкі жағы жасыл дақтары бар ақ түсті, сыртқы жағы күңгірт түсті болып келеді. Бұл қызғалдақ таудың тасты жоталарында, мал жайылымдық жерлердеөседі. Сондықтан да бұл Регель қызғалдағы жойылуға жақын түр деп есептеледі.
Сары лапыз және Кесселринг лапыз – сирек кездесетін түрлер. Ақпан айының соңында Шымкент облысының оңтүстігі мен Жамбыл облыстарындағы тау етектерінде өте ерте шығатын гүлдер – сары лапыз бен Кесселринг лапызын көруге болады. Бұл гүлдерді жаздың соңына дейін биік таудың жоталарынан да кездестіруге болады. Бұл екі түр бір-бірінен гүл шоғырының түстері арқылы ажыратылады. Мәселен: сары лапызда ол ашық сары түсті, ал Кесселринг лапызында ақшыл көк түсті болады. Олардың пиязшықтары, ұзын түтікшеге жалғасқан сыртын қағаз тектес қабатпен қапталған сияқты болады, жапырақтарының ені 1 см, ұзын сызық тәрізіді келеді. Гүлдерінің саны 1-3 қоңыраудан тұрады. Сары лапыз Орта Азияда, Афганистанда, Пакистанда, ал Кесселринг лапызы Орта Азияда кездеседі. Екі түрде улы, сондықтан да бұлар малға қорек болмайды. Бірақ көбінесе мал жайылым жерлерде өзінің санын азайтқан.
Жұмыртқа жапырақ түйесіңір – бұл түрге белгілі ботаник М.Г.Быков сипаттама жазады да Қазақ ССР Ғылым академиясының ботаника бағының тұқымдық қорына «Пизопирум теретифолиум» деген латынша атпен енгізеді. Ал 1937 жылы академик В.Л.Коморов латынша атын өзгертіп «Атропаксис теретифолия» деген атпен «ССР флорасының» алтыншытомына енгізеді. Бұл биіктігі 5-20 см келетін жатаған өсетін, ыстыққа төзімді бұта немесе жартылай бұта тектес өсімдік. Иректеліп өсетін қысқа бұталарының сырты қоңырқай қабықпен қапталған. Жұмыртқа тәрізді етженді жапырақ-тарының ұзындығы 1-2,5 см, көлденеңі 1-2 см. Түсі ақшыл-жасыл, жиектері ішіне қарай оралып жатады. Езын гүл сабағына бекитін гүлдері бір жылдық бұтаққа шығады. Гүл қоршауы бес гүлжапырақтан тұрады, түсі күлгін, көлденеңі 4-5 мм. жетеді. Қарақоңыр түсті жаңғақ жемісі үш қырлы жұиыртқа немесе қандауыр тәрізді пішін бар. Бұл түр де аз жерге өседі. Негізінен Бетпақдаланың азғана жеріне тарағн. М.Г.Поповтың көрсетуі бойынша үштік дәуірден сақталып қалған реликт өсімдіктер қатарына жатады. Бұл да аздығына байланысты өскен ортасын қорғауға алып, тараған жерлерін игеруге тыйым салмаса, құрып кету қаупі туып тұрған өсімдік.
Түйесіңір. Табиғатты бағалайтын қауымға жаз кезінде Алматы қаласына барғанда Қ.А.Тимирязев атындағы көшенің бойында, тау жақ беткейге орналасқан Қазақ ССР ғылым академиясының Ботаника бағына міндетті түрде соға кетуіне сәйкес бергіміз келеді. Бақтың орталық қақпасынан кіргеннен кейін қарсы алдыңызда жасыл түсті газондық шөптермен безендірілген аллеялар, түрлі-түрлі раушан гүліне малынған гүлкөмбелер шығады. Қызметкерлер бақтың бір бұрышын «Америка» деп атайды. Себебі ол тоқымайды жерге Америка өсімдіктері топтасқан. Оны аралап өткен соң Тянь-Шаньормандары кездеседі. Яғни, сіз бар болғаны бірнеше минуттың ішінде «Америкадан» асқар Алатауға жетесіз. Оқырман енді байқаған болар, бақта жер шарының әр түкпірінің өсімдіктеріне деке орын берілген.
Тянь-Шань экспозициясының ашық алаңынан көзге алыстан барлық бұтақтары солғын күлгін түске малынған бір бұта кездеседі. Бұл тарандар тұқымдасына жататын түйесіңір өсімдігі. Бұл туыстың Қазақстанда 14 түрі өседі. Оның төртеуі эндемиялық. Ал Мушкетов түйесіңірі өте аздығына байланысты табиғат қорғаудың «Қызыл кітабына» енді. Жұмыртқа жапырақ түйесіңірі де республикалық деңгейде қорғауды өте қажет етеді.
Тарғұл құртқашаш (ирис тигровый). Бұл жер өрмелеп өсетін тамыр сабағы бар, биіктігі 20см-ге жететін түр. Жапырақтары өркенінің түбіндегі шоқтарға бекиді. Тік өсетін сабағынан қызыл көк немесе сарғыш көк түсті жалғыз гүл шығарады. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді. Табиғатта тұқымы арқылы көбейеді. Қазақстанда тек Алтай тауының беткейлерінде, негізінен Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы Ащыбұлақ және Аққаба өзендерінің арасында кездеседі. Бұл таралу ареалы кең болғанымен өте сирек өсетін түр. Өскен жерлерін игеруден таралу ареалының өзі таралып келеді. Қыста мал жаюда бұл түрдің азаюына әсер етеді. Себебі мал тарпудан ашық қалған тамыр сабағы үсіп кетеді. Бұл түрді сақтап қалу үшін өскен жерінде заказник ұйымдастыру керек. Тарғыл құрқашаш әлі айтылған себептерден азайып табиғат қорғаудың одақтық «Қызыл кітабына» ендіріліп отыр. Қорыта айтқанда осы айтылған түрлерді құрып кетуден сақтау керек. Мұндай шараның жоғарыда айтылған құртқашаштың жүздеген тамаша сорт-тары мен формаларының болашағын үзбеуде, олардың генетикалық қоймасын сақтауда үлкен мән бар. Табиғат бұл түрлерге белгілі ашық реңдерді жинап берген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет