Мазмұны Кіріспе І бөлім



бет5/7
Дата14.10.2023
өлшемі268,5 Kb.
#113687
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
-dip -oqo-nyn-zhanuarlar-duniesi

ІІ.2. Жануарлар дүниесі.

Оңтүстік Қазқстан Облысының кең – байтақ табиғат аймақтары түрлі жануарлдарға өте бай. Онда жануарлардың 1400 – ге жуық түрлері кездеседі. Ал балықтардың 8 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 9 түрі, құстардың 240 – тан астам түрі, сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 50 – ден астам түрлері мекендейді.


Жоғарыда айтылғандай, құстардың 128 түрі, облыс жерінде ұялайды, ал 38 түрі тұрақты мекендейді, 24 түрі қыстауға келеді, 85 түрі миграция кезінде кездеседі. [16].
Балықтар класы бойынша оңтүстік суларында, Шардара бөгенінде жайындар, сазан, майшабақ, табан балық, жылан балық, үкішабақ сияқты сирек түрлері кездеседі. Қосмекенділер класы бойынша шөлді – далалы жерлерде құрбақа, сулы жерлерінде жасылкөл балықтары кездеседі. Таулы аймақтарда бақалар 2800 м биіктікке дейінгі ендіктерде тіршілік ете алады. жорғалаушылардың 9 – ға жуық түрлері кездеседі: ұзынсирақ сығыркөз, сұр кесіртке, сарлан, дала тасбақасы, жыланкөз кесіртке. Жыландардың 6 түрі кездеседі: оның ішінде оқжылан, қарашұбар жылан, далалық сұржылан, жолақты шұбар жылан, далалық сұржылан, жолақты шұбар жылан – улы жыландарға; қалқанбас шұбар жылан, сарыбас жылан, сарықарын жылан - улы емес түрлеріне жатады.
Мұнда құстардың 240 – тан астам түрі кездеседі. Олардың ішінде қара дегелек, сақалтай, бүркіт, жыланжегіш, ителгі, лашын, ақ дегелек, кіші құтан, жамансары сияқты жыртқыш құстар тау беткейлерін мекендейді. Облыс жерінде сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 50 – ден аса түрлері мекендейді.
Кеміруші отрядына көп суыр Батыс Тянь – Шань тау жотасында шағын аймақта тараған. Жұптұяқты сүтқоректілер отрядының күйіс қайырмайтындар тобынан жабайы шошқаны таулы беткейлерден, күйіс қайыратын арқар, тау ешкі, елік және маралдарды жоғары ендіктер мен бұталы ағашты алқаптардан кездестіруге болады. Қазіргі таңда арқар, марал, еліктердің санын сақтап қалу және көбейту мақсатында трансплантациялау әдісін (қаолдан ұрықтандыру) пайдалану жұмыстары жүргізілуде.
Жыртқыштар отрядынан Батыс Тянь – Шаньдық қоңыр аюдың 60 – 70 – ке жуығы мекендейді. Мысық тұқымдастары мен қар барысы – ілбістің шамамен 10 – 15 жұбы мекендейді. Түркістан сілеусінінен де, бұталы, ағашты алқаптардан сусар тұқымдастарынан күзен мен борсықты да кездестіруге болады.
Далалы шөлді жерлерде қарсақ, шиебөрі, қасқыр, түлкі т. б. аңдардың саны артуда. [29].
Жоғарыда құстардың ұялайтын, тұрақты мекендейтін, қыстайтын түрлерінің саны көрсетледі. Олардың ұялайтындары – сұқсар, қарамойын сұқсар, үлкен сұқызғын, жалбағай, қарабай ақ дегелек, көкқұтан, аққұтан, кішкене аққұтан, бақылдақ, оқпан, көлбұқа, сыбырлақ, аққу, сұр қаз, сарыалақаз, мәрмәр шүрегей, жалпақтұмсық үйрек, барылдауық үйрек, боз үйрек, алакөз сүңгуір, кіші бейнарық, сутартар, шүрілдек, аққұйрық торғай, қара – ала балшықшы, шөпілдек, ақжағал қарқылдақ, кіші түркептер, зымыран, тоқылдақ, қарлығаш, қарабас шақшақай, қырғи, кезқұйрық, қылаң жапалақ, жасыл аражегіш, қара шақшақ, айқабақ, құрқылтай, мысықторғай, қамыс сұлекеш құтан, үйрек, қызылбас сүңгуір, жекдуадақ, тырду, шаушүрілдек, жуантұмсық шаушүрілдек, қызғыш, қарақас, кіші қарқылдақ, қоңыр кептер, үлкен түркептер, бәбісек, брзторғай, тұз жадырақ, шақшақай, тағанақ, тасшыбжақ, қарабас шақшақ, қараторғай, қара қарға, сауысқан, шөл суықторғайы, монғол суықторғайы, шөл қунақ, сексеуіл торғайы, қылаң торғайы. Шөлде, ал таулы аймақтарда – тас торғай, қунақ құралай, құрғалай, кезқұйрық самыр, шекілдек, шоңайнақ, шып – шық, пайыз, шымшық, көктеке, жарқұс, содырғы, мысықторғай, қараторғай, құзғын, таған, шауқарға, сұлыкеш, арша ементұмсығы, қара сайрақ, көкқұс, сайрақ, тасшыбжақ, шыбжақ, қызылқұйрық, бұлбұл, сайрауық, сандуғаш, қарлығаш, бозторғай, жадырақ, шақшақай, сушылқара, шыбыншы, қылғытпа, сайрақ, ұлар, кеілік, бөдене, жұртшы, құмай, тазқара, сақалтай, бүркіт, жапалақ, көкек тауқұдырет, мамырқұс, дыркептер, түркептер, сұқсыр, отүйрек, бейнарық, сияқты құстар ұялайды. Ал қыстайтындары – гагара, кішкене суқұзғын, сусылдақ, кіші бейнарық, тақуа тауқұдірет, айнақанат жамансары, қара бозторғай, үңгірек, аққабақ, сайрақ, шетен сайрақ, қызылқұйрық, сарыбас шеже, шиқылдақ, содырғы,ала қарға, таған, сулыкеш, ементұмсық, кәдімгі пайыз, шыпшық, шекілдек, кезқұйрық самар, қызылқанат құрғалай, үлкен құралай, жаурауық, құнақ [12].
Шиебөрі – Орта Азияны түгел мекендейтін – Қазақстанның оңтүстік түрі, тек Сыр өзенінің алабында кездеседі. Бірақ соңғы 30 жылда ол Батыс Тянь – Шань таулары мен шөл өзендерінің тоғайларына қоныстана бастады.
Шұбар күзен – шөлді аймақтарда ьмекендейді, қарсақ та осы шөл аңы.
Құмқоян – Қазақстанның оңтүстік бөлігінде биік тау белдеулеріне дейін көтеріледі, дегенмен шөл және шөлейтті аймақтарда кең таралған түр.
Құмтышқандар – Оңтүстік Қазақстанда 4 түрі (үлкен, қызылқұйрық, кіші, жыңғыл құмтышқандары) бар. Бәрі шөл және шөлейтті жерлерде таралған, топ болып, шоғыр құрып бірнеше шығу тесігі бар күрделі індер салады.
Жалман – Оңтүстік Қазақстан шөлінің эндемигі.
Сұр кесел – Қазақстанда тек Қызылқұм шөлі мен Оңтүстік Қазақстан Облысындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында мекендейді. Негізінен құмды шөл немесе сазды шөлмен шекаралас жерлерде қоныстанған.
Дала ешкі емері – шөл және шөлейтті жерлерде кең таралған.
Оқ жылан – Оңтүстік Қазақстандағы шөл мен шөлейттерде, құрғақ, ыстық тау аңғарларында кездеседі.
Дала тасбақасы - Оңтүстік Қазақстан шөлдеріндегі тасбақалар отрядының жалғыз өкілі.
Құм айдаһаршасы - Оңтүстік Қазақстан құмдарында тіршілік етеді.
Тақыр батпаты – тақыр, сортаң, балшықты, тастақты және т. б. әр түрлі тығыз топырақты шөлдерде және шөлейттерде кең таралған.
Ақкіс – Оңтүстік Қазақстанның тауларында тіршілік етеді.
Орман қарақасы – Оңтүстік Қазақстан таулы аңғарлары мен бұталы тоғайларда қоныстанған.
Суыр – Батыс Тянь – Шаньның теңіз деңгейінен 2000 – 3400 метр биіктіктегі, 300 км 2 – н аспайтыншағын аймақтарда таралған.
Сарыбауыр немесе сарлан – Қазақстанның оңтүстігіндегі Батыс Тянь – Шань тау өзендері аңғарларында, тау етектерінде, сайларда, бау – бақшаларда тіршілік етеді.
Сары жылан – тек Батыс Тянь – Шаньның тау бөктерінде, Сырдария өзенінен бастап Шу өзенінің аңғарына дейінгі шағын территорияда таралған.
Қызылжолақ қар шұбар жылан – тек Батыс Тянь – Шаньда – Қаратау, Боралдайда ғана кездеседі.
Тянь – Шань қоңыр аюы мен Орта Азия тас сусары - Батыс Тянь – Шаньда орналасқан Ақсу – Жабағалы қорығында таралған.
Шұбар күзен – шөл мен шөлетте мекендейді. Қызылқұмның Оңтүстік Қазақстанға, ал Қаратау арқары – Қаратау тау бөктерінде кездеседі.
Көк суыр немесе Мензбир суыры – Батыс Тянь – Шаньда мекендейді, үнді жайрасы да осында [11].
Ондатр Қазақстан жерін 1936 жылы Іле және Сырдария өзендерінің бойында жіберілген. Облыс территориясында ондатр тіршілік ететін көптеген ірілі – ұсақты көлдер бар. бірақ ауа – райының өзгеріп тұруына байланысты бұл көлдерде ондатрдың тіршілік ету жағдайы жыл сайын бірқалыпты тұрақты кеуіп қалады да, ылғал мол болған жылдары суға толады. Соған байланысты ондатр саны да жылма – жыл өзгеріп отырады.
Борсық – шөл, шөлейтті аймақтарда құмды төбелер етегінде, сортаң жерлерде, сексеуіл мен жыңғыл өскен құм беткейлерінде жүре береді. Өзен, көл жағаларындағы тоғайларда да көп.
Қызыл түлкі – тау ішін, сай салаларды, өзен, сай аңғарын, құмды төбелерді қоныстанған.
Қарсақ – түлкіге ұқсас, бірақ оған қарағанда аздап кішілеу, әсіресе шөл, шөлейтті аймақтарында көп тараған. Қарсақ – жазық далаларда мекендейтін аң. Ол көбіне шөлейтті, түрлі шөп өсетін далалы жерлерде жүреді. Оны селеу, жусан, сексеуіл өскен құмды төбелерден де кездестіруге болады.Өсімдікке бай ойпаң, аңғарлы сайларда да жақсы қоныстанады. Таудың етегінде ғана мекендейді.
Батыс Тянь – Шаньда қоңыр аюлар аралас субтропикалық ағаш, жабайы алма, шие, сарыағаш, қарақат, тікенжиде, қаражеміс, ырғай және бадам жемістері өсетін қалың бұталардың арасында мекендейді. Сондай – ақ олар жыл маусымдарына байланысты таудың әр түрлі биіктігіне қоныс ауыстырып отырады.
Құм қоянның мекендері – төбе – төбе құм, сексеуіл, жыңғыл сияқты бұталы ағаштардың арасы, сондай – ақ көл жағасындағы қамысты, сорлы жерлер. Әсіресе, олар әр түрлі бұталы ағаштар өскен су жағалауын көбірек мекендейді.
Қазіргі кезде ақ бөкен республикамыздың шөл – шөлейтті далаларында таралған. Біздің өлкемізде оның саны бір миллионнан асып отыр. Ол негізінен шөлейт далаға төзімділігімен көзге түседі.
Мензбир суыры – дүние жүзіндегі суырлардың ішінде өте сирек кездесетіні. Біздің республикамыздың жерінде мензбир суыры тек Батыс Тянь – Шаньда ғана таралған. [9].
Ақ – құйрық Түркістан өлкесінің күнге күйген, жалаңаш далаларының мекендеушісіне жазда үлкен топпен ал қыста аздаған бөліктерге бөлініп жүреді.
Қарақұйрық та Түркістанның шөл далалы өлкесінің мекендеушісі. Оларды бұлақ маңдарында, суат айналасында үлкен топпен көруге болады., олар осы су үшін жүздеген шақырым жерді жүгіріп өтеді, ал кейде олар тіптен суды мүлдем кездестіре алмайтын жерлерден кездестір аламыз.
Құлан – шөл – шөлейт аймақтарында таралған жабайы есек тектес аң. Ол да қарақұйрық пен аққұйрық сияқты жалаңаш, өсімдікке кедей аймақ мекендеушісі. Адамзаттың оны жылына мыңдап қыруының салдарынан, оның жылдан – жылға саны азаюда. Сондықтан мемлекет қорғауына алынған.
Қара – құйрық тышқан – бұл шөлдің өте қызық жануарының бірі. Ол суық құмды шөлде өмір сүріп аз ғана тобымен бархандарда ін қазады.
Түркістанның құмды шөл далаларында ең көп тараған кемірушілер түрі – май тышқан.
Бұл Түркістанның құмды шөл аймақтарында сонымен қатар Эверсман тышқанын, қос аяқ, жер қоян, кішкене тышқан сияқты кемірушілер түрлерін де кездестіре аламыз.
Түлкі – қыс пен көктемде шөл мен шөлейттерде кездесетін аң. Түлкі ең қарапайым аң. Күшті, алғыр және жылдам жыртқыш.
Қарсақ, дала мысығы, қарақал, гепард сияқты аңдар осы өңірлерді мекендеуші аңдар [13].
Ал таулы Түркістан өлкесін мекендейтін жыртқыштар – қаблан, Орта Азиялық барыс, сілеусіндер бұл өңірдің бағалы байлығының бірі.
Түркістан борсығы, орман жосары, тас жосар, қашқар жосары Түркістан тауларының ормандарын мекендейтін түрлер. Бұл аңдар тау фаунасының ерекше өкілдері. Олар таудың әр түрлі бөліктерін мекендеп өмір сүреді.
Қызыл қасқыр Тянь – Шань тауының биіктік белдеулері мен тау етектерінің тұрақты мекендеушісі. Олар топ – тобымен жүріп, керекті жемін тауып жейді.
Тау түлкі, қызыл түлкі тау етектері мен тау беткейлерін мекендеуші жыртқыш аңдар. Бірақ оны нақ тау жануары деп есептеуге болмайды. Себебі жазықты далалар мен қамыс арасы түлкілерге толы. Дегенмен түлкі көбінеске жар қуыстары мен тас арасынан өзіне қауіпсіз орын табатындықтан жарлы, тау – тасты жерлерді дұрыс көреді. Міне сондықтан Оңтүстіктің тауы мен тау етекетері түлкіге толы.
Таулы өңірді суырсыз көз алдымызға елестету қиын. Жалпақ жапырақты орман аяқталып сымбатты Тянь – Шань шыршасы тауды көркемдеп тұрған, ірі тастьы бөгеттермен төменге жылжи отырып жасыл алаңдармен алмасатын, біртіндеп шырша аяқталып мұздықтар етегі мен альпілік шалғындарда бұл ірі кемірушіні көптеп кездестіруге болады. бізде суырдың екі түрі кездеседі – бірі қара, екіншісі сары немесе қызыл – қоңыр. Суырлар биік таулы жануарлар, олар ешқашан 7000 м – ден төмен түспейді.
Кірпі – шешен – тауда оны барлық жерден кездестіруге болады, бірақ кейде, себебі ол тек түнде жүретін аң.
Тиын – тышқан – нағыз тау жануары. Бірақ ол тауда барлық жерде таралмаған. Қауіпсіз орын олар үшін жарқабақтар, тау – тас арасы. Тиын – тышқандардың даланы, жазықты түрлері де бар.
Оңтүстік өңірдің тау етегі мен таулары кемірушілер отрядының ұсақ түрлеріне тола. Олар тышқандар, көртышқандар, Вагнер тышқаны, құм тышқан.
Шөл далаларға қарағанда таулы өңір бауырымен жорғалаушыларға кедейлеу. Мүмкін оларға тауда өмір сүру қолайсыздау болар. Оңтүстік таулы өңірдің бауырымен жорғалаушыларына Түркістан стеллионын немесе Лемон агамын, гималай стелионын және бұхар түрлер. Бұлардан басқа Түркістан тауларында кесірткенің кішкене түрі – гологлаза кездеседі. Ол құм кесірткесіне өте ұқсас.
Қосмекенділермен мұнда Жетісу тритонын, жасыл немесе көл бақа, көгал бақасы, азиялық белдеулерінің қай – қайсысынан болсын табуға болады. [13].
Оңтүстік Қазақстан Облысы жануарларының қорғауға алынған, яғни Батыс Тянь – Шань тауларында орналасқан «Ақсу – Жабағылы қорығының» жануарларына келер болсақ, омыртқалы жануцарлардың 300 – ге жуық түрі, ал омыртқасыздардың 4 тип, 6 класс және 30 – ға жуық отряды кездеседі. Омыртқасыздардан – жерқұрт, өрмекші, шая, қырықаяқ, дәуіт, қоңыздар, көбелектер, инеліктер, аралар мен құмырсақалардың түр – түрлері кездеседі.
Ал омыртқалылардан да түр – түрлерін атап шығуға болады. Балықтар өте аз. Қосмекенділерден көл басқа тау етегіндегі су тоғандарында, ал көп таралған жасыл басқа керісінше тау етегінен альпілік белдеу етегіне дейін таралған.
Қорықта жорғалаушылардың 9 түрі тараған. Тау етектерінде және төменгі белдеулерде түрлі түсті және сарықарын кесіртке тіршілік етеді. Ақсу Жабағылыдағы ең ұсақ кесірткеалай гологлазы. Төменгі белдеуден альпілік белдеуге дейінгі тау баурайын мекендейді, тіптен теңіз деңгейінен 3800 метр биіктікте де кездеседі.
Жыланның 6 түрі: теңбілді және түрлі түсті позалар, садақ – жылан, дала жыланы және су жылан.
Мұнда құстардың 238 түрі мекендейді, олардың ішінде 123 түрі ұялайды, 85 – ұшып өтеді, 24 – қыстауға ұшып келеді.
Қара дегелек мұнда сирек кездеседі. Бұл сүрек, ірі құс – Ақсу – Жабағылы тауларының тамаша сәні. Үлкен түркептер барлық жерде дерлік кездеседі. Мұнда көк кептер және дыркептер сияқты кептер түрлері көп тарлған. Кекілік пен гималай ұлара да бар. Сақалтай, тазқара, бүркіт, үкі, жапалақ, секілді жыртқыштар тау жартастары мен ормандарда кездеседі. Ал бозторғайдың – дала, қара, қараалқалы, құлақты түрлері, сушылқара, көк құс, сайрақ, бұлбұл, сүлекештердің түр – түрі кездеседі.
Ақсу – Жабағылыда сүтқоректілердің 50 – ге тарта түрі кездеседі. Қорық аумағы мен жақын тау етектерінде үлкен тышқан, қарсақ, дала күзені, жарқанаттардың кейбір түрлері кездеседі. Тау етегіндегі эфемерлі шөлдерде құлақты кірпі кездеседі. Оны көбінесе көктьемде, қысқы ұйқыдан тұрған кезінде көп кездестіруге болады.
Осы фаунаның ұсақ жануарының біріне – кіші ақтіс жертестерді (землеройка белозубка малая) жатқызамыз. Олар таудың төменгі және орта белдеулерде және далаларда кең таралған.
Адамзатты түнгі ұшуымен қорқыныш тудыратын ерекше өкілдер – жарқанаттар болып табылады. Қорық пен жақын маңдарда олардың 10 – ға жуық түрлері мекендейді. Ерекше қызығушылық тудырып сирек кездесетіні кең құлақты қатпарлы ерінді жарқанат (широкоухий складчатогуб).
Қорықта көп кздесетіні ергежейлі – жарқанат (нетопырь - карлик), жиі түнгі сақ – құлақ (остроухая ночница), үлкен таға мұрын (подковонос).
Қоянтәрізділер отрядынан қорықта құм қоян барлық дерлік жерде таралған. Бұл түрдің тағы бір түрі – қызыл шақылдақ тышқан (красная пищуха). Ол ірі тасты және жарқабақты аймақ мекендеушісі.
Қорықта кемірушілердің 15 түрі кездеседі, оның ішінде ұсақ тышқан тәрізділер қатарына – сұр көр тышқан, көр тышқан, орман тышқаны жатады. Мұнда ең ірі кеміруші – үнді жайраны кездеседі. Бүкіл қорық территориясында қызыл немесе ұзын құйрық суыр кемірушілердің ең қарапайым түрі. Суырлар әсіресе Жабағалы және Кіші – Ақсу өзендері маңында өте көп.
Кемірушілердің тағы бір ерекше түрі – орма ұйқышылы (лесная соня). Ол тышқанға ұқсас, бірақ құйрығының ұзындығымен, үлпілділіктілігімен тиынға ұқсас. Ол тау етегінен субальпілік белдеуге дейінгі, тоғай, жапырақты ағаштар мен жалпақ жапырақты және аршалы белдеулер арасында өмір сүреді.
Жыртқыштардың мұнда ең ірі жануар – Тянь – Шань қоңыр аюы көп кездеседі, оның мұндағы саны 60 – 70 жұп болады. Аюлар қорық территориясының барлық жерінде қоректену аймағына қарай таралған. Апандарын әдетте субальпілік белдеуден жоғары жарқабақты қауіпті жерлерге орналастырады.
Ақсу Жабағылыда мысық тұқымдасының ірі әдемі жыртқышы – қар барысы (ирбис) өте сирек кездеседі. Жазда барыстар таудың төменгі белдеулеріне түседі.
Мұнда Жосар мен аз мөлшерде – Түркістан қарқаралы кездеседі. Олар негізінен Жабағылы өзені маңындағы аршалы далаларды мекендейді.
Тұяқтылардан қорықта шамалы мөлшерде Сібір тау ешкісі бар. Бұл отарлы жануарлар бүкіл жыл бойы тау белдеулеріндегі қатаң жарлы жерлерде өмір сүруге бейімделген. Бірақ қыс пен ерте көктемде олар аршалы – шалғынды – белдеуде жиі кездеседі. Мұнда басқа тұяқтылардан қосулдар, қабандар, маралдар көп таралған.
Жабайы қойлардың ең ірісі – архар болып табылады. Оның барлық түрлері, соның ішінде Тянь – Шаньдық қорық территориясында тығыз орналасқан. Бұл түрдің таралу аймағы тек Жабағылы өзенінің маңы мен Ақсай алқабымен шектелген, қорықтың басқа жерлерінде ол кездеспейді.
Міне осы аталған жануарлар Оңтүстік Қазақстан Облысы жануарларының ерекше және маңызды бір бөлігі болып табылады. Мұнда жүргізіліп жатқан іс – шаралардың арқасында олардың саны 30 – 40 жыл бұрынғыдан әлдеқайда жақсы жетістіктерге қол жеткізген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет