Мазмұны кіріспе і–тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың педагогикалық негіздері



бет12/29
Дата06.01.2022
өлшемі244,48 Kb.
#13245
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Танымдық іс - әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл – ой әрекеті. Мектеп оқушыларының танымдық іс - әрекетін жетілдіру мәселелеріне педагогтардың, психологтардың еңбектері арналған. Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. Сократтың өзі - ақ оқыту барасында шәкірттің танымдық іс-әрекетін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен – ді.

Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде. «Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз ортасын тануға, ой еңбегін үйретуге тиіс», - деп атап көрсетті.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай:


  1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.

  2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудару.

  3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу. (Сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар)

  4. Берілген тапсырмаларды түрлендіру бағытындағы жұмыс.(Мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т.б.)

  5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.

  6. Қиялдау арқылы сурет салғызу, ролге бөліп оқыту.

  7. Ұнатқан кейіпкеіне мінездеме беру.

  8. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.

Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан. Бұл пікір педагогикалық әдебиеттерде көрсетіліп, нақтыланған әрі бірнеше ғалымдар пікірлеріне үндесіп отырады. Сондықтан қандай да бір пән болмасын, сол пәнге оқушының қызығушылығын, белсенділігін қалыптастыруды тудыру жолдары, шарттары мен қолданылатын жұмыс түрлерін жинақтап көрсетуге болады.

Сабақта берілетін оқу материалдарын оқушыларға жеткізу үшін, әр түрлі оқыту әдістерін қолдануға болады. Мектептің ең кең тараған оқыту әдісі - ол мұғалімнің ауызша баяндауы. Бұл әдіс оқу процесінде жетекші рөл атқарады, барлық пәндерді оқытуды және сабақтың түрлі кезеңдерінде әсіресе жаңа материалды түсіндіруде кеңінен орын алады.

Оқыту технологиясының негізгі мақсаты – “берілген үлгі бойынша өнім алу, оқытудың тиімді идеясын, сапасын көтеру. Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде, оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен регулятивтің жүйесі, нақты оқыту процесі”.

Сол оқыту технологиясының бірі–Проблемалы оқыту технологиясы.

Оқу проблемасының негізгі 2 функциясы бар.

- Ақыл – ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни оқушының проблемаларын шешудің амалдарын іздестіруі.



  • Оқушының жаңа білімді меңгерудегі танымдық қабілетін, қызығушылық іс- әрекет мотивін қалыптастыру.

Мұғалім үшін бұл құрал: оқушының танымдық іс - әрекетін басқарады, оның ойлау қабілетін қалыптастырады. Оқушының іс - әрекетінде оның ақыл –ой қабілетін жандандырып білімін толықтырады.

Оқыту технологиясының психопедагогикалық негізі - есте сақтауға негізделген білім алудан бұрынғы меңгергендерін пайдаланатын оқуға көшу; оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан саралап, даралап оқыту бағдарламасына өту; білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу болып табылады. Оқытудың технологияларын – оқу мазмұны мен оқушылардың жас, психофизиологиялық, даму ерекшеліктеріне қарай дұрыс таңдап, тәжірибеде сынап көрудің маңызы зор.

Дегенмен де, адам психикасын дамытудағы ең қажетті құрылым оқыту болса, кез - келген оқыту есте сақтау мен білімді дамытады. Ал оқыту мен дамыту өз алдына жеке үрдіс бола алмайды, өйткені екеуі де жеке тұлғаның дамуына әсер етеді. Осыдан мынадай екі тұжырым шығады:

1-4 сыныптың оқулықтары мен оқу - әдістемелік кешендері қазақ,орыс, ұйғыр, өзбек мектептері үшін жазылып, мектеп тәжірибесіне толық енгізілді. Жаңа оқулықтар: 1.Көпдеңгейлі. 2.Интеграцияланған 3.Дамыта оқыту жүйесінің қағидаларына сәйкестендірілгенділігімен ерекшеленеді. Демек, оқулық құрамы өзгеше, философиясы жаңа. Егер алғашқы екі ерекшелігін кез – келген мұғалім көріп, байқай алса, ал үшіншісін тек дамыта оқыту теориялық түсінігі, хабары болғанда ғана жүзеге асады.

Бұл оқулықтың негізгі бізге жүктер міндеті өркениетті елдердің білім деңгейінен көрініс білуімен бірге осы жеке тұлғаны тәрбиелеп, адам дәрежесіне көтеру.

Егеменді еліміздің ғылым және білім салаларындағы түбегейлі өзгерістер оқу – тәрбие үрдісінің даму тенденцияларымен де байланысты жетілдіріліп отырады.

2001 жылы 1- сыныптың оқулығы, 2002 жылы 2 – сыныптың оқулығы жетілдіріліп, Атамұра баспасынан басылып шықты. Мектеп оқулықтары оқытудың тиімділігін арттыру мақсатымен құрастырылып, оқу процесіне енгізілетін баспадан басылып шыққан құрал ретінде, біріншіден, оқу процесіне сан қырлы қызмет атқарады, екіншіден, оқытудың әртүрлі обьектілерін қозғалысқа келтіреді, үшіншіден, оқу барысына жәрдемдесетін неше алуан іс -әрекетті түрліше ұсына алады.

Жаңа буын оқулықтарына жасаған талдауымыз зерттеу тақырыбымызға байланысты мынадай мәселелер қарастырылған деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді: Бастауыш сыныптың «Математика» авторы: Оспанов Т.Қ. т.б. оқулықтың 2- басылымы көптеген теориялық, мазмұндық, терминдік көп жерде стильдік өзгерістер енгізілген. Оларды оқулықтың бастапқы беттерінен бастап соңына дейін байқауға болады.

Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мәселе – оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру болғандықтан жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерін жүзеге тәжірибелі эксперимент барысында мүмкіндіктері қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет