Мазмұны Кіріспе


Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері



бет5/16
Дата06.01.2022
өлшемі130,17 Kb.
#15741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Курстык жумс педагогика

1.2. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері.

Педагогика ғылымының соңғы жетістіктері тұрғысынан қарағанда, бастауыш мектеп оқушысы жеке тұлғасын, қалыптастыру өзекті мәселенің біріне айналды.

Баланың жеке тұлғасын дамыту ісінде тәрбие институттары ішінде мектепке ең күрделі міндеттер артылады. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады.

Соңғы психологиялық-педагогикалық зерттеулер осы күрделі міндетті шешу мектепте, ең алдымен, оның бастауыш буынында, оқу мазмұны мен әдістерін түбегейлі өзгертумен байланысты екендігіне көз жеткізеді. (Ш.Амонашвили, В.Давыдов, Л.Заньков, В.Репкин, Д.Эльконин және т.б.)

Бастауыш мектептегі оқытудың жаңа эксперименттік жүйелері шеңберінде мектеп окушысы жеке тұлғасының мотивациялық қажеттілік саласында елеулі өзгерістерді айқындайтын фактілер жинақтала бастады. Сөйтіп, оқу және тәрбие арасындағы байланысты айқындайтын педагогикалық тәжірибе пайда болды. Бұл оқушының жеке тұлғасы дамуының заңдылықтарын зерттеу міндетін толық мөлшерінде қоюға мүмкіндік туғызды. Осы міндетті шешумен 70-90 жылдары ғалымдар ұжымы айналысты. Ол оқу материалы мазмұнын талдау және жинақтау ұстанымы негізінде бастауыш мектепте оқу қызметін қалыптастыру шеңберінде жүзеге асты (Д. Эльконин, В.Давыдов тұжырымдамасы).

Бұл эксперимент, біріншіден, зерттеудің тұтастығын талап етті. Сол себептсн оқушы тұлгасының дамуын, сынып ұжымын және оларды біріктіретін оқу қызметін зерттеу міндеті бірге қамтылды. Біріншіден зерттеу эксперименттік-эстетикалық болды. Баланың жеке тұлғасы мектепте болған кезең бойы оқу қызметіне кіріскен сотпен аяқталған дейін зерттелді. Бұл дамудың психологиялық механизмдерін, бір жастан келесіге ауысу кезіндегі өзгерістерді айқындап баяндауға мүмкіндік берді.

Жеке тұлғаның оқудың екі амалындағы даму нұсқаларын салыстырып талдау көзделді: біріншісі, білім берудің бұқаралық жүйесінде қалыптасқан және қарапайым дағдылар мен ептіліктерді қалыптастыруға (бағытталады; екіншісі, оқу пәндерінің мазмұны теориялық ұғымдар жүйесіне негізделеді. Мектеп оқушылары ұғымдардың пайда болуын оқу үрдісінің орталық буынын құрайтын ортақ ұжымдық жұмыс барысында оқып үйренеді.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бастауыш мектепте бала тұлғасының мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатыны анықталды. Олар балалардың танымдық мүдделерінің жедел қалыптасуы негізінде оқу қызметі мотивтерінің қайта құрылуынан басталады. Олар бастауыш мектеп жасының аяғына таман жинақталып қалыптасады да, баланың әр түрлі оқу материалына көзқарасы, арқылы айқындалып қызығуын қанағаттандыратын көздерді өз бетімен іздеуге жетелейді. Яғни, оқу-танымдық мотивтер оқуда ғана емес, оқушы тіршілігінің бүкіл жүйесінде жетекіші орын адады. Өйткені, осы мүдделер ортақ ұжымдық қызмет барысында пайда болады, оларды бала толық қоғамдық формасы - топтық құндылық бағдары ретінде ұғынады.

Дамыта оқыту теориясы шеңберінде де әр түрлі мәселелер бойынша қатар зерттеулер жүргізілді. Олар - бастауыш сыныптарда дамыта оқытуды теориялық және әдістемелік қамтамасыз ету (В.Ренакин), оқу барысында жеке тұлғаның дамуы (А.Дусавицкий), оқу барысындағы қатынас түрлері (Г.Цукерман), оқу қызметінің қалыптасу деңгейіне баға беру (В.Репкина) және т.б.

1995-1996 жылдары В.Репкиннің басшылығымен мектептерде арнайы тексеру жүргізілді. Тексеру бастауыш мектептегі оқу жылының аяғында Эльконин-Давыдовтың жүйесі бойынша оқу қызметінің қалыптасу деңгейінің негізгі көрсеткіштерін белгілеп, олар тұжырымдаманы және мектеп-зертхана жағдайындағы жүйесін әзірлеу кезіндегі көрсеткіштерімен, сонымен қатар қазіргі мектепте іске асырылатын өзге оқыту жүйелерін сипаттайтын деректермен салыстыруды көздеген, нәтижесі мынадай болды. Тексерілген сыныптардың 80 пайызында мұғалімдер дамыта оқыту жүйесі жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз еткен. Оқу қызметінің қалыптасуы, оқушылардың интеллектуальды дамуы, сондай-ақ оқу ұжым мен жеке тұлғаның даму көрсеткіштері мектеп-зертхана жағдайында тіркелген көрсеткіштермен бірдей болған. Бұл дамыта оқыту жүйесі жобасының пайдалылығын дәлелдеді. Сонымен қатар, зерттеу осы жүйені игеруге байланысты кейбір мәселені айқындап берді. Мұғалімдердің, көбі 80 пайызға дейін) жүйе жобасының негізін құрайтын педагогикалық қызмет жүзеге асыру барысында, әсіресе, ұйымдастыру-коммуникациялық деңгейінде кездесетін елеулі қиындықтарға ұшырасқан.

Алынған нәтижелерге теориялық талдау, А. Дусавицкийдің «Жеке тұлғаны оқу барысында дамыту» еңбегінде жасалған. Талдау бастауыш мектепте оқуды ұйымдастыру әдісі және бала тұлғасын дамыту арасындағы байланыстың психологиялық механизмдерін айқындауға мүмкіндік берді. Қазіргі жағдайда бастауыш мектеп кезеңі - қоршаған ортаға деген субьективтік эгоцентристік көзқарастың объективтік (танымдық, өнегелік) көзқарасқа ауысуына ең қолайлы мезгіл екендігі көрсетілді. Алайда, бұл оқу мазмұны мен оқыту әдістерін түбегейлі өзгерту жағдайында мүмкін болады.

Балалар қарым-қатынасында алуан түрлі тұлғааралық байланыстар құрудың өзгермелі үрдісі бала тұлғасы сана-сезімінің дамуына ықпал етеді: алдымен, оқудағы жетістіктерін дәл бағалауға қатысты, екіншіден жеке тұлғаның моральдық қасиеттеріне байланысты. Қарым-қатынас барысында белгілі жұмысты атқаруға орай қасиеттер емес, баланың тұлғасы, оның адамгершілігі үлкен маңызға ие болады.

Сөйтіп, бастауыш мектеп жасында келесі кезеңдерге өтуді қамтамасыз ететін тұлғалық әлеует қалыптасады. Орта және жоғары сыныптарда жеке

тұлғаның тұрақты кұрылымы қалыптасатынын зерттеулер байқатты. Оның негізін тіршіліктің саналы мотиві ретінде айқындалатын идеял құрайды. Оқушылардың өмірі туралы анық түсінігі қалыптасады, бұл имандығын саналы түрде таңдауды қамтамасыз етеді. Оқу мерзімі бойы сынып ұжымы құрбылар үшін негізгі референттік тән нағыз тәрбие ортасы болып қалады.

В.Давыдов оқу қызметінің, құрылымында оқу қажеттілігі, мотивтер, міндеттер, әрекеттер мен операциялар секілді бөліктерді атап көрсетеді. «Мектептің бірінші сыныбына келген балаларда оқу қызметінің біртұтас құрылымы болмайды. Қолайлы жағдайда ол мектеп қабырғасында бірнеше жыл ішінде, әсіресе, бастауыш сыныптарда қалыптасады» - дейді ғалым. Бастауыш мектепте оқу қызметінің негізгі және жекеше түрі болып табылады. Оны атқару барысында оқушылардың бойында жаңа психикалық құбылыстардың дамуына негіз қалайтын және ең алдымен, заттардың пайда болу және даму заңдылықтарын ашуға бағытталған теориялық ойлау негізінде дамиды. «Педагогика ғылымы теориялық жағынан іргелілік сипатта болса, тәрбие мен оқытудың теориясын іске асыру жағынан қолданбалы сипат алады.

Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден, оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру, екіншіден азаматтық өркениетті тұлғаның біртіндеп сіңіру, үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент тығыз бірлікте қызмет етеді.

Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, тәрбиеге қоғамдық бақылау және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бақылайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне мақсаттылықпен даярлау ісі деп қараймыз. Тәрбие ісі адамның қабілетін қоршаған ортада және оның санасында қалыптастыруды мақсат ететін болғандықтан, ол психологиялық процесс.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мазмұны мен міндеттері тәрбие бағыттарымен өзара тығыз байланысты дамиды.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің бірі – оның интеллектуалдық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. балалардың интелектуалдық мәдениетін қалыптастыруда мынадай міндеттерді шешу арқылы жүзеге асады:

  • Оқушылардың пәндерге қызығуға, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;


  • Табиғат құбылыстарын және өмірді дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу.




Балаларды бірінші сыныптан бастап, мектепте алған білімінің өмірлік қажеттілігін түсіндіре білуге үйрету қажет, олардың оқуға ынтасын арттыру, сабақ үстіндегі белсенділігін қалыптастыру орынды; әр оқушыны сыныптың жалпы шараларына қатысуға, сыныпта және үйде тапсырмаларды үнемі орындауға бағыттап отыру керек.

Бастауыш сынып оқушыларында бақылау, салыстыру, зерттеліп отырған құбылыстардың ішінен жалпысын және ерекше көзге түскенін бөліп ала білу сияқты ойландыратын істерді дамыту қажет, сондай-ақ оқу еңбегін ұйымдастыру, алған білімдерін өмірде қолдана білу, балалардың мезгілді баспасөздерді, жазбаша және ауызша мазмұндамаларды өздігінен оқу, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру керек.

Бастауыш сынып оқушыларын жақсылықты жаманшылықтан айыра білуге үйрету, достыққа, жолдастыққа, ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда мынадай басты ерекшеліктерді есепке алу қажет:



  • Өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілікті ету, сондай-ақ көрші елдерге деген достық қатынасты сіңіру, мейірімділікке, қарапайымдылыққа, адалдыққа, әділдікке, шындыққа, міндеттілікке тәрбиелеу;


  • Үлкендерге құрмет көрсетуге, туыстық қарым-қатынасты бағалауға үйрету;


  • Зұлымдыққа қарсы тұра білуге, немқұрайдылықты жоюға тәрбиелеу;


  • Үсті-басын ұқыпты ұстауға, ұқыптылыққа, мәдениетті сөйлеуге, қоғамдық орындарда ұстамды болуға, мәдениеттілікке, қонақжайлылық көрсете білуге тәрбиелеу;


  • Ой және дене еңбегін ажырата білуге, қоғамдық-пайдалы еңбектің мәнін түсіне білуге, мектепте алған біліктерін өмірде қолдана білуге, әрбір істе жауаптылықты сезінуге үйрету;


  • Еңбек үрдісінде бастысы - жұмыс орнын таза ұстауға, жұмыс аспаптарына ұқыптылықпен қарауға, ұжымда ынтымақты болуға, кәсіптің ұлттық түрін, соның ішінде зергерлік өнерді игеру мүмкіндігін жасауды үйрету;


  • Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу және қоғамдық меншікті жеке меншіктіктен ажырата білуге баулу;


  • Буды, ауаны және еліміздің кеңістігіндегі космостық тазалықты сақтауға қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.




Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық және экономикалық мәдениетін қалыптастыруда табиғатты қорғауға, жерді, суды және т.б. өз заттарын ұқыпты пайдалануға, ұжымдық, еңбексүйгіштік, ұқыптылық, тәртіптілік, мүдделік сезімдері мен қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Әр оқушының өз әлсіздігі болады және әрқайсысынан өзіне тән жақсы сапаларды да табуға болады, мысалы жинақтылық немесе басқалармен қарым-қатынас жасай білу. Оқушының мінез-құлқының жақсы жақтарына сүйене отырып, оның өз күшімен мүмкіндігіне сенімін арттыру керек.

Бастауыш сынып оқушыларының бойында табиғатты қорғаудың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру орынды және оларға адамның еңбекке қабілеті табиғатқа байланысты болуының мәнін, адамның табиғатты өз қызметінде пайдалануы туралы түсіндіру қажет.

Қоғамдық пайдалы еңбектің қажеттілігін сынып ұжымының істеріне қатысудың өркениетті, демократиялық қоғамдағы өмірін білудің қажеттілігін түсіндіріп тәрбиелеу орынды.

Адамгершілік тәрбиесі үрдісінде ерте кезден бері қалыптасып келе жатқан құрмет көрсетушілік, адалдық және ұждандық, кішіпейілділік пен мейірімділік, қарапайымдылық және басқа да маңызды адамдық сапалар ұстанымын оқушылардың игеруін қамтамасыз ету қажет. Ата-аналар мен үлкендер отбасындағы балалар тәрбиесіне, өзара достық қарым-қатынасқа, сондай-ақ аса маңызды іске қоғамдық орындардың қатысуына көңіл бөлу керек.

Оқушыларға экологиялық тәрбие беруде табиғат әсемділігін түсіну арқылы адамдықтың жақсы сапаларын қалыптастыруда үлкендерге көмек көрсету жүзеге асырылады.

Рухани-адамгершілік тәрбиесі еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастыруды да қарастырады. Сондықтан мұғалімнің басты міндеттерінің бірі оқушылардың бойына адам еңбегін құрметтей білуді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсіне білуді дарыту болып табылады.

Бастауыш сынып оқушыларын кез келгсн жұмысты тиянақты дер кезінде орындай білуге, басталған істі ақырына дейін жеткізе білуге, еңбек мәдениетінің қарапайым элементтеріне, ұжымда еңбек ете білуге, жұмыс орнын таза ұстауға, еңбек құралдарын дұрыс пайдалана білуге үйрету керек.

Бастауыш сынып оқушыларында қоғамдық-пайдалы еңбекке қатысуға, өзінің еңбегімен басқаларға пайда келтіруге ынтасын тәрбиелеу, сонымен бірге өздігінен бастама жасай білу қабілетін қалыптастырған орынды.

Оқушыларды бірінші күннен бастап жеке басының




заттарына (киімге, оқу құрал-жабдықтарына, ойыншықтарға, көрнекі құралдарға, кітапхана кітаптарына, бәрі ойнайтын ойыншықтарға, әлдекімнің еңбегімен жасалынғанның бәріне ұқыптылық көзқарасқа тәрбиелеу қажет.

Экономикалық тәрбие оқушылардың бойында жинақылықты, ұқыптылықты, сапалы өнім даярлай білуді қалыптастыруды және дамытуды қарастырады. Оларға қазіргі, нарықтық дәуір жағдайларында экономикалық тәрбиенің ерекше маңызға ие болатынын жан-жақты түсіндіру қажет.

Бастауыш сыныптан бастап нарықтық экономикалық табыс, жалгерлік пен жалға алудың еңбек процесінде қоғамға пайдалылығы, жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорынның арасындағы айырмашылық, товар ақша айырбастау сияқты ұғымдарға үйрету қарастырылады.

Бастауыш сынып оқушыларын күн режимін сақтау арқылы уақытты үнемдей білуге; еңбек сабағында және оқудан тыс кезде жасалатын заттарға жұмсалатын материалдарды үнемді пайдалана білуге; өздері шығарған өнімдерден пайда ала білуге және ақау жібермеуге, жеке және мемлекеттік меншік арқылы алынған табыстың салмағын айыра білугс үйрету қажет. Ақшаны тиімді жұмсай білу арқылы тиыннан теңге құралатынын түсіндірген жөн. Еңбек сабақтарында немесе қызметтің басқа түрлерінде есеп жұмыстарының дағдыларын игеруге мүмкіндік жасау керек.

Оқушыларды әсемдікке тәрбиелеуде мынадай міндеттерді басшылыққа алу қажет.

Әсемдікті сезіне білу, түстерді заттардың сыртқы кескінін ажырата білуге және оны графика немесе сөз арқылы бере білуге, табиғаттың сұлулығын көре білуге тәрбиелеу.

Өнер туындыларын қабылдай білуді және оның мәдени құндылығын қорғай білуді қалыптастыру.

Ұлттық өнерге сүйіспеншілікті, киімді кие білуді, сыртқы пішіннің әсем болуына мән беруді, сол сияқты адамдардың мінез-құлқындағы белгілерін талғай білуді үйретіп тәрбиелеу.

Бастауыш сынып оқушылары көркем шығармалардан бастапқы адамгершілік және эстетикалық ұғымдарды, сондай-ақ, табиғаттағы, адамдық қызмет жөне өнер туралы ұғымдарды игеруі керек. Оқушылармен мәнерлеп оқуға, сурет салуға, музыкаға және биге қызығушылығын тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүйесін жүргізу, сондай-ақ мектепке жақын орналасқан мәдени ескерткіштерімен және басқа да тарихи-этнографиялық құндылықтармен таныстыру қажет. Ұлттық түр өлшемдерін қалыптастыруда эстетикалық тәрбиенің (сыртқы түр киім үлгісі, ою-өрнек және т.б.) маңызы зор.

Бастауыш сынып оқушыларын дене мәдениетіне тәрбиелеуде мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделеді.

Тазалықты, күнделікті еңбекте және әскерде қызмет етуге даярлықта қиындықтарды жеңе білуде денені шынықтырудың маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.

Бастауыш сынып оқушыларына адамның денсаулығы үшін күн режимін орындаудың мәнін түсіндіру, спортқа қызығушылықты арттыру қажет. Тәрбиеші балаларды өзінің сыртқы түріне қарай білуге үйретуі керек. Денсаулық пен жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау мен организмді шынықтыру арасында тікелей байланыс бар екенін үнемі түсіндіріп отыру қажет.

Жеке басты қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әсер туғызатын әдістер тиімді деп саналады. Оған ұзақ мерзімді жаттықтыру ісі, оқытудың әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі енеді. Бұл мәселе жөнінде (мәселе жеке бастың үлгісі туралы болып отыр) қазіргі кезде жиі айтылып жүрген педагогикалық авантюризмнің ғылыми негізсіздігін, оның тіпті педагогиканы жетік білмейтін тәрбие ісінде мамандығы шамалы адамдардың өзінше ойлап тапқан «жаңалығы» деп қарауымыз керек, себебі идеялсыз жеке бастың қалыптасуы мүмкін емес. Оқушы үшін шынайы ұстаз-педагог идеял болуы керек.

Сендіру - жеке тұлғаның санасын қалыптастыратын тәрбиенің ең маңызды әдісі. Әсіресе бұл әдісті талдауда Н.К.Крупская ерекше еңбек етті. Еңбекті ұйымдастыруда, әр түрлі қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік жұмыстарға деген балалардың сана-сезімін олардың әлеуметтік көзқарасынан бөліп алып қарауға болмайды. Осы негізде Н.К.Крупская балалардың өмірі мен еңбегін ұйымдастыру ісін олардың адамгершілік жолындағы даму ісімен, қоғамға пайдалы іске саналы түрде қатынасуымен тығыз байланыста қарастырды. Н.К.Крупская «балалармсн тек құрғақ сөйлесу керек емес, олардың істеп отырған ісіне сенімін арттыру керек» дейді.

Бастауыш сынып оқушылары эстетикалық және физиологиялық жағынан, адамгершілік-имандылық тұрғысынан тәрбиелеп қалыптастырудың маңызын аша көрсетіп, олардыц мінез-құлқын осы заман талабына сәйкес жетілдіруге деген сенімін арттырады. Оны іске асырудың маңызды құралы ретінде оқу ісінде, жекелеме және ұжымдық түсіндірмелі әңгіме түрінде, кештер мен конференцияларда, саяси хабарлар мен пікір таластарда кеңінен колданады. Бұл істердің бәрінде сендіру әдістерінің нәтижелі болуы оның мазмұнына және эмоционалдық сезімге құрылуына байланысгы болмақ.

Жағымды үлгі-өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі жеке бастың қалыптасып дамуы үшін тәрбие ісіндс зор рөл атқарады.

Бір данышпан жеке бастың рухани дамуы үшін үш жағдай - үлкен мақсат, үлкен кедергілер және үлкен өнеге керек деген екен.

Бастауыш сынып окушысы үлкендердің іс-әрекетіне еліктей отырып, оны саналылықпен және моральдық сеніммен ерекше қабылдап, өзіне «қайталайды». Оқушылар басқаның аса жоғары мұратты іс-әрекетін байқап, бакылай отырып ерлік, еңбек сүйгіштік, саналылық дегендердің мазмұны мен мәнін ой елегінен өткізіп, өзінше тебіреніп барып қабылдайды. Басқаның іс-әрекетіне өзінше баға беретін болады. Баланың басқаға еліктеуі оны көшіре салу емес, өмірге өзінше баға беріп, сана-сезімінде сыннан өткізу арқылы басқаның адамгерішілік сезімі мен көзқарасына сын көзімен қарап, өзінше түсініп, өзінше қабылдайды деп қараймыз.

Бұл жағдайда бастауыш сынып оқушылары өзін-өзі тәрбиелеуге жауапкершілік сезіммен қарай бастайтын болды. Осы тұрғыдан қарағанда бастауыш сынып оқушыларының өзіне жақын адамдардың жеке үлгісін зор сеніммен қабылдап, оны өзінің рухани қажетіне үлгі етіп жаратуы тәрбиедегі ең маңызды іс болып саналады. Басқаның жеке бас үлгісін жастарға өнеге еткенде, келтіріліп отырған мысалға қоғамдық тұрғыдан талдау жасап, ол іс-әрекет несімен құнды, неліктен оны үлгі етеміз дегенді саналы түрде талдау арқылы қабылдау керек.

Жаттықтыру әдісі жеке басты іс-әрекетке, тәртіптілікке қалыптастыруда аса маңызды роль атқаратын тәрбие әдісінің бір түрі. Әсіресе мәдениетті, жақсы мінез-құлықты оқушының бойына дарытып, әдет. дағдыға айналдыру үшін жаттықтыру, қайталап үйрету үлкен роль атқарады. А.С.Макаренко тәрбие ісінде оқушыларды практикалық іс-тәжірибемен байыту, олардың мінез-құлқына мәдениеттік дағды мен әдетті сіңіру аса қажет деп санады. Ол «Мінез-құлқымыз саналы болуы керек, бірақ одан тәрбие ісінде үнемі сапалылыққа ғана сүйену керек деген ұғым тумайды. Нағыз этикалық мінез-құлық нормасы саналылықтан әдет дағдыға, іс-тәжірибеге сіңісіп, мүлде дағдылы әрекетке айналғанда ғана шынайы мәдениетті азамат тәрбиелейміз. Сондықтан да балалардың бойында жақсы әдет дағдыларды мықтап орын алуы үшін оны үнемі жаттықтыру керек дейді.

Сонымен, «жаттықтыру әдісі дегеніміз оқушының бойына қажетті жағымды іс-әрекетті, мінез-құлықты әлденеше рет қайталау арқылы жаттықтырып сіңіру, оны қалыпты мінез-құлық дағдысына біртіндеп айналдырып қалыптастыру».

Осы әдіс арқылы оқушының бойына мәдениетті мінез-құлық дағдыларын сіңіруде тәрбие құралы ретінде оқу жұмысында да, әр түрлі сыныптан тыс қоғамдық жұмыстарды атқаруда да еңбекке, мәдени-көпшілік, саяси тәрбие, спорт жұмыстарына араласуда, сондай-ақ сөйлеген сөз, жүріс-тұрыс, әңгіме, баяндама т.б. іс-тәжірибеде қолданып жаттықтыру, іске асыру арқылы жүргізіледі. Бір сөзбен айтқанда, баланың оқу-тәрбие процесіне байланысты мектепте істейтін іс-әркеттерінің бәрі жаттықтыру арқылы іске асырылады. Жаттықтыру тәрбиенің жалпы әдісі ретінде баланы саяси, қоғамдық, адамгершілік, дене және эстетикалық жағынан дамыту міндеттерін шешуде қолданылады. Әсіресе, бұл әдісті баланы адамгершілікке тәрбиелеуде кеңінен қолдану қажет. Ол баланы үстел басында отыруға, жүріп-тұруға, жолдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретуден бастап, принципшілдікке, адалдыққа, отан сүйгіштікке, ерлікке, саналы тәртіпке үйрету сияқты жоғары моральдық қасиеттерді олардың бойына сіңіруге дейін қолданылатын әдіс.

Жаттықтыру дене тәрбиесінің көркемдік эстетикалық қабілетті дамытудың негізгі әдісі болып саналады.

Баланың бойында әдет-дағдыны немесе іс-әрекетті мінез-құлық дағдысы етіп қалыптастыруда жаттықтырудың педагогикалық негізі жөнінде К.Д.Ушинский де көптеген пікірлер айтқан болатын. Ол жаттықтырудың іс-әрекет, қимыл үстіндс «адам психологиясынан алатын орнын айқындай келе жаттықтыруды іске асырудың төмендегідей тәсілдерін ұсынады:

а) балалардың алдына белгілі бір іс-әрекет жасауға ынталылық туғызатындай міндет қою;

ә) сол іс-әрекетті шешуге қажетті білімді алдын-ала меңгерту;

б) оқушыға іс-әрекет кезінде іске асырылатын әрекетті алдын-ала қайталап жасатып үйрету;

в) кейін ол іс-әрекетті әлденеше қайталатып жаттықтыру, қалыпты дағдыға айналдыру;

г) оқушылардан жаттығуды жетілдіре түсуді талап ету;

е) іс-әрекет үстіндегі адамның мінез-құлқының үнемі бағытталуда болатынын ескерту.

Оқушылардың мінез-құлқын бақылау, оған талап қою әдісі.Бала ойынға

алданып, теледидардан қызық кино, концерт көріп, спорт жарыстарына

қатысып, үй тапсырмасын орындамауы мүмкін. Сондықтан баланың мектептен тыс уақыттағы мінез-құлқын бақылаудың немесе оны еңбектің бір түрінен екінші түріне ауыстырудың тәлімдік маңызы зор. Талап қою дегеніміз баланың іс-әрекетін белгілі бір бағытқа бейімдеу. Талап қою -баланың жауапкершілік сезімін ояту. Бұл әдісті іске асырудың құралы -мұғалімнің сұрауы, орынды нұсқау беруі. Оның ерекшелігі баланың тез іс-әрекет етуіне, оның мінез-құлқын өзі реттеп тәртіпке келтіруге үйретеді. Ол көбінесе мұғалім мен оқушының ара қатынасы дұрыс, бірін-бірі түсінген, дұрыс талап қоюды, мінез-құлқын белгілі нормалар мен ережелерді орындауға ынталандыруды көздейтін әдіс. Сондай-ақ, ол белгілі тапсырмалар мен талаптарды орындауға бағытталады. Ал оны орындаудың құралы күнделікті баланың мінез-құлқын, іс-әрекетін, жұмысын бақылау, тапсырмалардың орындалу барысы туралы әңгімелесу, баланың тәрбиеші алдында есеп беруі немесе сыныптас жолдастары алдында есеп беруі арқылы іске асырылады. Бақылау баланың іс-әрекетін бақылай отырып, бағыт-бағдар беруге бейімделе жүргізіледі.

Баланы бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекет түріне ауыстырудың психологиялық-педагогикалық негізі басқаша. Кейбір бала үнемі бір іспен шұғылданғанды жақсы көреді. Мысалы, детективтік әдебиетті көп оқу, денсаулыққа зиянды ойындарға әуес болуы немесе үзілісте балалық мінездерді көбірек күйттеу т.б. Бала жақсы көретін іске тиым салу үнемі тәрбиелік нәтиже бере бермейді. Ондай жағдайда баланы еңбектің екінші түрімен айналыстыруға тура келеді. Бала өзі үйренген істен екінші іс түріне ауыспайды. Алғашқыда мұғалімге риза болмай, қарсылық білдіруі де мүмкін. Ондайда балаға екінші іс-әрекеттің пайдалы жағын жайлап түсіндіріп, ол істі істеуге оқушының ынтасын біртіндеп туғызу керек.

Тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастыратын маңызды әдістерінің бірі -ынталандыру.

А.С. Макаренко «Жазалау - адам мінезінің берік болуына мүмкіндік туғызады, баланы өзінің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға, оның еркі мен адамгершілік орнын қалыптастыратын тәрбиелеуге ықпал етеді» -деді.

Мадақтау әдісі дегеніміз – тәрбиешінің баланың қарама-қарсы жазалау баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы жағымсыз жағдайларды көріп, оның қоғамдық мінез-құлық нормалары мен ережелеріне сай келмейтіндігіне тәрбиешінің көзқарас, пікірін білдіруі.

Мадақтау мен жазалау әдісінің психологиялық негізі баланың ішкі жан дүниесінің күйініш, яки сүйініш сезімімен байланысты. Бұл сезім баланы өзінің іс-әрекетіне талдау жасауға, өзіне-өзінің баға беруіне итермелеп отырады. Сонымен бірге теріс іс-әрекеттен бойын тежеуге үйретеді. Олай болса, жазалау, я мадақтау әдісі оқушыларда адамгершілік сана-сезімнің оянуына, дамуына ықпал етеді, өзіне-өзі талап қоя білуге үйретеді. Мадақтаудың әдісі: мұғалімнің оңаша мақтауы, алғыс жариялауы, жолдастарының алдында алғыс жариялауы, мектеп дирекциясының бұйрығымен алғыс жариялау, т.б. сыйлықтар беру, мақтау грамотасымен, алтын, күміс медалімен марапаттау. Одан басқа мектептің «Құрмет» кітабына жазу, «Құрмет» тақтасына фотосуретін қою т.б.

Мадақтау әдісін баланың жас ерекшеліктеріне қарай лайықты қолдану керек. Төменгі сыныпта мадақтау жиірек қолданылады. Мысалы, бала партада түзу отырғанда, қолын дұрыс көтергенде, сабақ үстінде тыныш отырғанда, т.б. Ал жоғары сыныптарда баланың іс-әрекетінің күрделі түрлері мадақталады. Мысалы, бала үнемі үй тапсырмасын орындап келеді. Көрнекі құрал жасайды, еңбекке белсене қатысады т.б. Әрине мадақтауды жиі қолдануға болмайды. Ол оқушыны дандайсытуы мүмкін. Мадақтау әдісін жеке оқушыға да, бүкіл сынып ұжымына да қолдануға болады.

Жалпы адамның жағымды жағын көре білудің, жақсы істерді үлгі етудің тәлімдік мәні зор. Осы мақсатпен - кейде мектептің қабырға газетінде «Біздің мектептегі іс-әрекеттер» деген айдармен мақала ұйымдастыру орынды (немесе «Олардың ісі - басқаларға үлгі» т.б.)

Тәрбиенің әдіс-тәсілдерін қорыта келе айтарымыз, барлық әдісті тиісті жерінде орынды қолдану, оларды бір-бірімен байланысты деп қарау ғана жеке басты қалыптастыруда нәтиже береді. Оның бәрі оқу-тәрбие жүйесінде тиісті орнымен жұмсалғанда ғана нәтижелі болып шығатынын ескеру керек. Тәрбие әдістерін кешенді түрде орынды қолданғанда ғана тәрбие ісі жемісті болмақ.

Бала тәрбие үрдісінің объектісі ретінде сырттан үлкендердің, қоғам-ұйымдардың және түрлі сананың, табиғат пен әлеуметтік ортаның сын сезініп, белгілі әлеуметтік тәжірибені және ақпаратты игереді.

Бала обьективті тәрбие үрдісінің мүшесі ретінде әлеуметтік жүйеге еніп, белгілі тәуелділікке түседі. Соның барысында, балалардың дағдылары қалыптасып, іс-әрекеті, санасы, дүние туралы түсінігі қаланып, тұлғаның психикалық қасиеті мен ойлауы дамиды. Сөйтіп, бала қоғам өмір мен өндіріске қатынасатын мүшеге айналады.

Бала-тәрбие үрдісінің субъектісі ретінде табиғи күш пен қабілеттері негізінде алғашқы қажеттіліктер мен түрткілерге және қызығуына байланысты дамиды. Оның қабілеті мен қажеттіліктерінің қалыптасу мүмкіндігі мол, өйткені ол әлеуметтік орта және тәрбиемен тығыз байланысты, баланың жеке басының қалыптасуы тек ішкі заңдылықтармен шектелмейді, сол сияқты әлеуметтік жағдайдың ықпалынан да оның түрлі қыры, мысалы, дарыны, қызығуының дамуы немесе дамымауы мүмкін. Бала-тәрбие субьектісі ретінде біртіндеп қалыптасып, азаматтық тұлға, ол өз түрткісі мен іс-қылығының әсері арқылы қоғамдық сананы, түсінікті, идеяларды саналы түрде таңдап, оны бойы сіңіреді. Біріншіден даралық қасиетті, қажеттілікті, өмірлік үстанымды түрлі ықпалды, сапалы қарым-қатынасты, өзара әрекеттесуді талдауды үйренеді.

Тәрбиелілік ұжымда және қоғамдық ұйымдарда немесе бірлестіктері әр оқушы қоғамдық өмірдің түрлі қырын, мәселен, экономикалық жағын игереді. Бала еңбек ету барысында адамдардың қоғамдық меншікке болатынын түсінеді. Еңбек ұжымы арқылы адам қоғамдық қатынастардың

белсенді мүшесіне айналады. Оқушылар нарықтық мәселелер жайлы, мысалы, жалға беру және алуан экономикалық мәселелердің түр-қырларымен танысады. Нарықтық қатынастың тәжірибелік жағын түсіндіріп баланың ұжымдық тәрбиесі мен еңбекке шығармашылық қатынасын нығайтады. Бастауыш сынып оқушыларына (7-10 жасар) «Балдырған сатысындағы «Бизнес» бағыты арқылы нарықтық қатынастардың алғашқы түсініктерін өздерінің өндірген заттары арқылы тәжірибе жүзінде іске асыруға болады. Кішігірім бизнес жасауға, нарықтың мәнін түсінуі өздері өндірген заттар туралы, өзін-өзі қаржыландыру (қолөнер, мектеп жасындағы тәжірибе учаскесі) жайлы түрлі мәселелік жағдайлар тудырып, оны тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға жаттықтыру белгіленеді.

Балалар ұжымын ерікті оқушылар қоғамы арқылы мектептен өзін-өзі басқару жұмысына қатыстырып, бейбітшілік үшін күресуге, мектептегі сайлау жұмыстарына, мерекелер мен фестиваль жұмыстарын ұйымдастыруға қатыстыру арқылы ел жандылыққа баулып, азаматтық тәрбие беруге бодады.

Бастауыш сыныпта ұлттық ерлік дәстүрлерді насихаттап, оқушыларды Отан алдындағы борышын орындауға, Отанын қорғауға, денсаулығын нығайтып, денесін шынықтыруға, табиғатпен үйлесімділікке келуге, әскери бөлімдермен және шекарашылармен байланыс орнатып окушылардың азаматтық тәрбиесін «Ерлік» бағыты бойынша жетілдіру көзделеді. «Балдырған» сатысының оқушыларымен түрлі жарыстар ұйымдастырып, олардың тәндік саулығын нығайтуға да болады.

Оқушылар ұйымының әлеуметтік қыры. Ұжымдағы балалардың бойында әлеуметтік әділеттілікті сақтау, келісімге келу, азаматтық, ізгі жауапкершілік, өз ықтиярымен іс атқаруға даярлығы тәрізді сипат қаланады. Мектеп ұжымының әр мүшесі өзін әлеуметтік өмірді жетілдіруге тиістімін деп сезінуі қажет. Ұжым мүшелері әрқайсысының отбасы туралы, оның мұқтаждары мен қатынастары, істері жайлы біліп, біріне моралдік көмек көрсетеді. Оқушылар бірлестіктерінде балалардың дарындылығы мен қабілеттері дамиды. Оқушылар ұжым арқылы әлеуметтік жақсылықтарға қол жеткізеді, ұжым мен жеке тұлға арасындағы байланыстың мәнін түсінеді. «Балдырған» сатысындағы «Іздер бағытында қоғамдық әлеуметтік өзгеріс, нарықтық қатынас, ғылыми техникалық жетістіктің алғашқы элементтерін игеру (мультимедия компьютерлік ойындардың бағдарламасын жасап, шығармашылық ізденіске түсу), өмірлік құндылыктарды игеру, жеке бастың қасиеттерін дамытуды көздейді.

Оқушылар ұйымында балалардың мораль мен адамгершіліктің қоғамдық құбылыс ретіндегі түсініктері жетіледі. Ұжымдық еңбекті ұйымдастыру барысындағы бір-біріне тәуелділікті, достық қатынасты, қоғамдық моральге бой ұсынуды, бір-бірінің, өзінің, ұжымның және қоғам алдындағы жауапкершілігін саналы түсінеді.

Жоғарыда келтірілген ғалым педагог-психологтардың талдауларын басшылыққа ала отырып, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық психологиялық негізін келесі сызба арқылы көрсетуімізге болады:

№1 сызба




Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық-психологиялық негізі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет